I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет170/230
Дата03.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#121586
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   230
Байланысты:
Логопедия

 
 
 
 
Дизорфография 
 
морфологиялық 
синтаксистік 
Морфологиялық талдау 
қалыптаспаған. Түбірлес сөздерді 
табу қиындыққа соғады. Емлелерді 
біле тұра орфографиялық 
дағдыларды меңгере алмайды. 
Зейінді ерікті ұстауы, таралуы, 
естіп есте сақтауы жеткіліксіз. 
Қысқа сөздерде, ұзын сөзге 
қарағанда қателер сирек кездеседі. 
Жатқа жазуда, буындап айтқанда 
қателер азаяды, тұтас фразаны 
жатқа айтқанда қателер көбейеді 
Жазудағы синтаксистік емлені, яғни 
пунктуацияны меңгеру қабілеті өте 
төмен. 
Баланың психикалық дамуының кешеуілдеуінің, зиятының бұзылуы, 
педагогикалық қараусыз қалу салдарынан жазудың бұзылуын автор ерекше
спецификалық, яғни дисграфиялық қателерге жатқызбайды.
И. Н. Садовникованың айтуынша, бұл «жалған дисграфия» деп аталады. 
 


346 
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуын түзету логопедиялық жұмысының
әдістемесі 
 
Оқу мен жазудың бұзылу механизмдері көптеген жағдайда ұқсас
болады, сондықтан логопедиялық-түзету жұмыстарының бағыттары бірдей
келеді. Қазіргі кезеңдегі зерттеулерде жазудағы, оқудағы ерекше 
қателердің тұрақты кездесуіне, жалпы жазу, оқу дағдыларының
қалыптасуына олардың функционалды базистерінің әсері зор деп
есептеледі, ерекше көңіл бөледі. Жазу мен оқу дағдыларының қалыптасуына
қажетті алғы шарттарын дамытуға бағытталған жұмыс түрлерін
қарастырайық. 
Кеңістікті бағдарлауын қалыптастыру 
Кеңістік пен уақыттың кезектілігін анықтауға арналған жаттығулар
сөздің дыбыстық, буындық және морфемдік құрылымын талдауға негіз
болады. Сонымен қатар уақыт туралы ұғымдарын дамыту сөз қырын
белсендетуге және етістіктің шарттарын түсінуге ықпалын тигізеді. 
Кеңістікті бағдарлау жұмысы өзара тығыз байланысты екі бағытта
жүргізіледі: 
- өз денесін бағдарлау, оң сол дене мүшелерін ажырату; 
- қоршаған кеңістікті бағдарлау; 
Қоршаған кеңістікті бағдарлау жұмысын жүргізу барысында онтогенезде
кеңістікті қабылдау және түсінігін ескеру қажет. Алдымен бала оң-сол
қолын білуі қажет, соның негізінде дене мүшелерінің оң солын айыра
бастайды.
Көріп талдау және жинақтауын дамыту 
Бұл бағыттағы жұмыс кеңістікті бағдарлауын, әсіресе әріптің 
графикалық элементтерінің кеңістікте орналасуы, әріптердің ұқсас және
айырмашылығын анықтаумен тығыз байланыста жүргізіледі. 
Баланың сукцессивті қабілетін дамыту 
Сукцессивті қабілеттін дамытуға арналған жаттығулар қимыл, кеңістік, 
уақыт, сөйлеу кезектілігін есте сақтап, жоспарлап іс жүзінде іске
асыруға бағытталады. 
Фонетикалық деңгейдегі түзету жұмысы 
Фонетикалық деңгейдегі жұмыс екі бағытта жүргізіледі: 
-
сөздің дыбыстық құрамын талдау (жай түрінен күрделіге қарай)
-
фонетикалық қабылдауын, яғни ұқсас фонемаларды ажырату.
Балалардың фонематикалық түсінігі (қабілеті) фонемалардың әр түрлі 
нұсқаларын бақылап, оларды өзара салыстырып, талдап, қортындылау 
нәтижесінде қалыптасады. Фонематикалық түсінігінің қалыптасуына 
артикуляциялық кинестезияның маңызы зор. Сондықтан артикуляциялық 
аппараттың жұмысына алғашқы сабақтан бастап балалардың зейінін, көңілін


347 
аудару керек. Сабақтың бастапқы кезеңінде алдыңғы қатардағы дауысты 
дыбыстар және айтылуы сирек бұзылатын дауыссыз дыбыстар 
(П,М,Н,Ф,Т,К ...) өтіледі. Бұл кезеңде артикуляцияның сиппаттамасына терең
тоқталмай, оның негізгі белгілеріге ғана тоқталған жөн. 
Дыбыстарды ажыратуын анықтау, бекітуге бағытталған логопедиялық 
жұмыс әр түрлі анализаторға (сөйлеу, есту, қимыл, көру т.б.) сүйене отырып
жүргізіледі. 
Шатастыратын дыбыстарды ажырату жұмысы екі кезеңнен тұрады: 
-
алғашқы кезең; 
-
шатастыратын дыбыстарды естігенде айтқанда ажырату. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет