I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет171/230
Дата03.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#121586
түріОқулық
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   230
Байланысты:
Логопедия

Бірінші кезеңде
шатастыратын дыбыстардың әрқайсысының айтылуы мен 
естілуі жеке анықталады. Ол жұмыс мынандай кезектілікпен жүргізіледі: 
көру, 
есту, 
сезіну 
анализаторларына 
сүйене 
отырып 
дыбыстық 
артикуляциясы мен дыбысталуын анықтау; оның буындағы орнын анықтау; 
сөздегі орнын анықтау (сөздің басында, ортасында, аяғында); сөздегі 
дыбысты, оның орнын анықтау; қандай дыбыстың алдында, қандай 
дыбыстан кейін естілуін анықтау; дыбыстың сөйлемдегі, текстегі орнын 
анықтау.
Екінші кезең
шатастыратын дыбыстарды қатар айтылуы мен естілуін 
салыстыру. Ажырату жұмысы жоғарыда көрсетілген кезектілікпен 
жүргізіледі. Бірақ негізгі жұмыстың мақсаты ажырату болғандықтан сөздік 
материалдар шатасатын дыбыстарды бірдей қамту керек. Түзету жұмыс 
барысында дыбыстарды ажыратуын бекітетін жазбаша жаттығулар ерекше 
орын алады. Дисграфияны түзету жұмысының алдында міндетті түрде дыбыс 
айту кемшіліктерін түзету қажет. 
Әдетте дыбыс айтуын түзету жеке логопедиялық сабақ барысында 
жүргізіледі, содан скейін дисграфия тобының сабағына қатысады. Түзету 
жұмысының барлық кезеңінде балалардың танымдық процестерін, сөз қорын, 
грамматикалық құрылымын дамытуға бағытталған жұмыс түрлері 
қарастырылады. 
Акустикалық -- артикуляциялық ұқсас дыбыстарды ажырату 
Бұл бағыттағы жұмысты алдымен ұқсас дауысты дыбыстардан бастап, содан 
кейін ұқсас дауыссыз (қатаң, ұяң) дыбыстармен жалғастыру керек. Жұмыс 
барысында кейбір төмендегі тәсілдерді пайдалануға болады.
Кинетикалық ұқсас әріптерді ажырату 
Кинетикалық ұқсас әріптерді ажырату жұмысы сурет, геометриялық
фигура, музыкалармен іс-әрекет жасай отырып көріп-қабылдауын, 
кеңістікті бағдарлауын анықтаудан басталады. Жұмыс барысында бейнелер 
мен әріптердің құрылымын, олардың ұқсас және айырмашылығын көріп
талдауын, жинақтауын дамытуға бағытталған жаттығулар кең
пайдаланды. Бұл бағыттағы қолданылатын барлық жаттығулардың негізгі
мақсаты фонема-артикулема – графема-кинеманың арасындағы байланысты 


348 
бекіту. Дұрыстығын бақылау үшін барлық төрт анализатор іске
қосылады. 
Фонематикалық талдау және жинақтауын дамыту 
Фонематикалық талдау, жинақтауға дыбыстық талдаудың қарапайым
және күрделі түрі жатады. В. К. Орфинскаяның мәліметтері бойынша
дыбыстық талдаудың қарапайым түрі тек арнайы оқыту барысында 
дамиды. Талдау, жинақтау дағдылары белгілі кезектілікпен жүргізіледі. 
Фонетикалық талдаудың күрделі түрін дамыту 
Дыбыстық талдаудың күрделі түріне сөз құрамындағы
фонемалардың кезектілігін, оның санын, басқа дыбысқа қатысты орнын
анықтау жатады. 2-3 дауыстыдан тұратын қатары, дауысты, 
дауыссыздардан тұратын қатарға қарағанда жеңіл талданады. Сондықтан
фонематикалық талдау, жинақтауды қалыптастыруды алдымен тек
дауысты дыбыстар қатарынан (ау, уа) бастап, кейін (ум, на) содан соң
бір-екі, одан да көп буынды сөздерге көшкен тиімді.
Фонематикалық талдаудың күрделі түрін қалыптастыру барысында, 
мынаны ескерген жөн. Кез келген ойлау іс-әрекеті даму барысында
бірнеше кезеңнен өтеді: материализация негізінде іс-әрекетті игеру, 
сөйлеу негізінде, ойлау негізінде ( П. Я Гальперин бойынша)
I кезең - көмекші тәсіл мен іс-әрекетке сүйене отырып, фонематикалық
талдау мен жинақтауын қалыптастыру. Алғашқы жұмыс барысында текше 
(фишка), сөздік графикалық схемалар сияқты көмекші тәсілдер қолданады. 
II кезең - фонематикалық талдауды сөйлеу негізінде қалыптастыру. 
Сөз айтылады, бірінші, екінші, үшінші, т.б. дыбыстар анықталады, дыбыс
саны анықталады. Қойылған сұрақтар арқылы сөздің дыбыстық құрамы
талданады. Мысалы: «тал» сөзінде бірінші дыбыс қандай? Екінші, үшінші
дыбыс қандай? Барлығы неше дыбыс? Неше дауысты дыбыс? т.б. 
III кезең - ойлау негізінде фонематикалық талдауын қалыптастыру. 
Оқушы сөзді атамай, естімей яғни елестету негізінде сөз құрамындағы
дыбыстың санын және кезектілігін анықтайды.
Буындық талдау мен жинақтауын дамыту 
Буындық талдауды дамыту процесінде сөздегі дауысты дыбысты
анықтауға және буынға бөлудің негізгі ережесін (сөзде қанша дауысты
дыбыс болса сонша буын болады) меңгеруге көңіл бөлу керек. 
Алдымен дауысты дыбыстың буындағы, сосын бір буынды сөздердегі
орнын анықтайды ( басында, ортасында, соңында) белгілейді. Ол үшін әр 
түрлі тәсілдер пайдаланады, текшемен, дөңгелекпнен, түсті «қағаздармен
белгілеу сияқты. 
О________ , О__________ , О _________ , 
Жұмыс барысында төмендегідей тапсырмаларды қолдану тиімді: 
● сөздегі дауысты дыбыстарды жазу. 


349 
. ( қора – о – а) 
● буындық құрамына байланысты суреттерді іріктеу немесе цифрді
көрсету.
● суретті пайдаланып сөздің түсіп қалған буынын табу: 
ба – пан, бал -, - шина 
● суреттегі заттардың атын атап, бірінші буынын бөліп сөз (сөйлем
құрау). Мысалы: « сабын » « қалам » (сақс)
● ретсіз берілген буындардан сөз құрау ( қу, шаң, ыр; ла, ба, пан) 
● сөйлемнен белгілі буынды сөздерді табу (2-3 буынды сөздер) 
Сөз деңгейіндегі түзету жұмысы 
Бұл деңгейдегі түзету жұмысының негізгі міндеттері: 
1.
жаңа сөздерді, олардың мағынасын меңгеру негізінде сөз қорын 
молайту; 
2.
сөз қорын сапалы молайту (сөздің, сөз мағынасын, астарын түсіну 
негізінде). 
3.
сөз қорын дөрекі, жаргонды сөздерден тазарту. 
Бұл кезеңде оқушылар сөзді буындық және морфемдік талдауға, жинақтауға, 
сөздің мағынасын, синонимін, антонимін және амоним сөздерді бақылауға 
жаттығады.
Түзету жұмысы мынандай бағыттарда жүргізіледі:
-
оқушылардың белсенді сөз қорын тексеру; 
-
сөз қорын анықтауға және байыту (синоним, антоним, амоним, жаңа 
сөздер пайдалану арқылы);
-
сөздің буындық құрамын талдау және жинақтау; 
-
буын түрлері (ашық, жабық); 
-
екпін; 
-
сөз құрамы (сөз түбірі, түбірлес сөздер, күрделі сөздер, жалғау, 
жұрнақтау). 
Лексикалық деңгейде қолданылатын кейбір жұмыс тәсілдеріне тоқталайық. 


350 
Лексикалық деңгейдегі түзету жұмысының
алгоритімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   167   168   169   170   171   172   173   174   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет