402
қабылдауы, жалпы және сөйлеу моторикасы зерттеледі, т.с.с) тексеріп,
бағалаудан басталады.
Түзету жұмысы тексеру нәтижелерін ескере отырып жоспарланады.
Дифференциалды оқыту жүйесі балалардың сөйлеу тілі дамуының
деңгейлерін (олар 4) көздейді. Сондай-ақ, сөйлеу тілі дамуының 1
деңгейіндегі топтарда негізгі назар дыбыс айтуды қалыптастыруға
аударылады. Сөйлеу тілі дамыуның 2 – 3 деңгейіндегі балалар топтарындағы
логопедиялық жұмыс тілдің фонетикалық-фонематикалық, лексикалық-
грамматикалық құрылымының қалыптасуындағы кемшіліктерді жоюды
көздейді.
Логопедиялық сабақтар түрлері – жеке және шағын топтық болып келеді.
Соқыр және нашар көретін балалардың сөйлеу тілі дамуын түзету осы
мектепке дейінгі мекемеде қызмет жасалатын барлық мамандардың
күшімен іске асырылады.
Логопедтік пункттің қызметін ұйымдастыру
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында логопедиялық пункттің
қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер құрастырылған, оларға сай
меншік нысанына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан
логопедтік пункт қызметінің тәртібі белгіленеді.
Логопедтік пункт - логопедтің басшылығымен ауызша және жазбаша сөйлеу
кемшіліктерін жою жөнінде балалармен сабақ жүргізетін білім беру ұйымы.
Логопедтік пункт жұмысын білім беруді басқаратын органдар ашады, әрбір
логопедтік пункттегі топтардың (сыныптардың) белгілі бір саны бекітіліп
беріледі.
Қалалық жалпы білім беретін мектепке логопедтік пунктті ашу 14-16
сынып болғанда, ауылдық мекемеде 9-12 сыныптар болғанда жүзеге
асырылады. Бір уақытта қалалық логопедтік пунктте 20-25 адам, ауылдық
жерде 15-20 адам оқиды.
Қалалық жерде және ауылдық жерде орналасқан білім беру мекемелерінің
(бастауыш мектеп – балабақша, кешенді мектептер, гимназиялар, лицейлер,
балаларға арналған оқу-тәрбие орталықтары) басшылары сыныптар (топтар)
санына қарамастан логопедтік пункттер ашуға құқылы.
Жалпы білім беретін мектептің логопедтік пунктіне ауызша және
жазбаша сөйлеуінде (жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған, фонетика-
фонематикалық дамымауы, жазу мен оқу бұзылыстары, тұтықпа, сөйлеу
тілінің дыбыс айту жағының бұзылуы (дислалия, дизартрия, ринолалия)
әртүрлі бұзылыстары бар балалар қабылданады.
Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды логопедтік пунктке қабылдау үшін
тексеру жыл бойы жүргізіледі. Мамырда бірінші сыныпқа баратын
балаларды тексеру жүзеге асырылады. Сөйлеу қабілеті жеткіліксіз балалар
сөйлеу кемістігіне байланысты кейін топтармен шағын топтарға бөлу үшін
тізімге тіркеледі. Логопедтік пунктке қабылданған әрбір балаға сөйлеу
картасы толтырылады. Логопедтік жұмысты ұйымдастырудың негізгі
404
жеткізіледі. Мектепке дейінгі және мектептегі логопедтік пункттегі
сабақтарға балалардың міндетті түрде қатысуы және қажетті талаптарды
орындау жауапкершілігі мұғалім-логопедке, мектепке дейінгі ұйымның
немесе мектептің педагогтарына және ата-аналарға (заңды өкілдеріне)
жүктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: