176
сипатталған тәсілі балаға артикуляцияның көрінетін жақтарын нақты түрде
түсіндіруге әрі көрінбейтіндеріне әсер етуге мүмкіндік береді. Осылай балаға
өзінің қозғалыстарын, соған сәйкес бұлшық еттердің әр тобына түсетін
қатаюды сезіп, саналы түрде сезінуге және ажыратуға көмектесеміз.
Сонымен, логопедиялық жұмыстың мұндай жүйесінде артикуляция
мүшелерінің спецификалық гимнастикасы пайдаланылады (сөйлеу тілінің
дыбыстарын айтуға қажетті қозғалыстары ғана жаттығады); сонымен қатар,
артикуляциялық праксистің дамуына ықпал ететін қосымша жаттығулар
қолданылады. Артикуляциялық праксисті дамыту тыныс алу қозғалыстарын
дамытумен бір уақытта жүргізіледі. Дыбыс артикуляциясын жасауға
арналған барлық жаттығулар ауыз арқылы тыныс шығаруға үйрету болып
табылады, яғни сөйлеу кезінде тыныс алуға үйрету тәсілі және сөйлеу
аппаратының гимнастикасы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: