194
дыбыс айтылады). Шапшаң сөйлеген кезде сөйлеу зейіні бұзылуы
тоқтап қалу, қайталау, буындардың орнын ауыстыру, сөйлем бұзып айту,
дыбыстарды анық айтпау т.б. кездесуі мүмкін. Егер сөйлеуге баланың
көңілін аударса, жылдамдығы сақталғанымен сөз арасында тоқтап қалуы
байқалуы мүмкін. Сыртқы сөйлеудің бұзылуымен қатар оқу мен жазудың
бұзылуы байқалады. Жазуда, оқуда кездесетін қателер: алмастыру,
әріптердің, дыбыстарды, буындарды алмастыру, орын ауыстыру.
Тахилалиямен зақымдалған адамдардың жалпы қимылының жылдамдығы
бұзылады. Қимылдары тез (тез жүреді, тез тұрып, тез тоқтайды) моторлық
беймазасыздық ұйықтап жатқан кезде де байқалады. Ондай балалар
ашуланшақ, мазасыз келеді. Ашуланған кезде мынадай реакциялар
байқалады: бетінің, құлағының қызаруы, қолының терлеуі, сууы. Есейген
сайын өзінің ақаулығына әртүрлі көзқарас пайда болады:
1.
Біреулер сөйлеу шапшаңдығын тұлғаның психомоторлық
қалпына сай табиғи түрі деп бағалайды;
2.
Екіншілері шапшаң сөйлегенін сезініп, уайымдайды,
көбінесе оларды тұтықпаның кешеуілдеген түрі деп есептейді.
3.
Үшіншілері өте қатты уайымдайды, соның салдарынан
сөйлеу жылдамдығы күшейе түседі.
Достарыңызбен бөлісу: