I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет94/230
Дата03.11.2023
өлшемі5,47 Mb.
#121586
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   230
Байланысты:
Логопедия

 
 
Сөйлеу жылдамдығының бұзылуын түзету логопедиялық
жұмысының негізгі бағыттары. 
 
Кешенді емдеу - педагогикалық жұмыс жүйесі жалпы
дидактикалық және арнайы қағидаларға негізделіп жүргізіледі. 
Түзету жұмысында анализаторлардың байланысына сүйенеді: көру,
сөйлеу қимыл, сөйлеу, есту. Түзету жұмысы сөйлеуді ішкі және сыртқы
түрлеріне бағытталуы тиіс. Мысалы: брадилалияда сабақ барысында
баланың вербальсыз және вербальды ойлауын дамытуға, ойын тез
жинақтап айтуға т.б бағытталған тапсырмалар қолдану қажет. Сонымен
қатар баланы әлеуметтік ортаға бейімдеу мақсатымен, тұлғалық
ерекшеліктерін ескере отырып оның тәртібін, эмоциональды - ерік
сферасын түзетуге бағытталған жұмыс жүргізіледі. 
Жүйелі түзету жұмысымен қоса үнемі сөйлеуі мен тәртібін бала
өз бетімен бақылауға бағытталған жұмыс, медициналық ықпал (дәрімен
емдеу, физиотерапия, психотерапия) логопедиялық ритмика, физкультура
қолданады. 
 
Брадилалияны түзетудің логопедиялық әдістемесі. 
 
Брадилалияны түзету барысында қолданатын логопедиялық
тәсілдер сөйлеу процессінде сөйлеу қимылдарының жылдамдылығы мен


197 
нақтылығын тәрбиелеуге бағытталады: сөйлеу реакциясының
жылдамдығын, ішкі сөйлеу жылдамдығын оқу мен жазудың
жылдамдығын, сөйлеудің просодикалық жағын (ырғақтылығы, әуезділігі,
екпін, үзіліс).
Брадилалияның ауыр түрлерінде алдымен жалпы моториканы
қалыпқа келтіру қажет: координацияны, бағыттылығын, жалпы
қимылдарын жылдамдату, қолдың праксисін қалыптастыру, естіп, көріп
қабылдауын дамыту, ырғақты қабылдап қайталау т.б. Моторика қалыпқа
келе бастағанда сөздік материалдар қосылады. 
Түзету жұмыс барысында әртүрлі сөздік жаттығулар қолданады.
Негізгі жаттығулар: әртүрлі деңгейдегі сөздік материалдарды айтқызу
(буын, сөз, фраза, жаңылтпаш т.б); оқу (логопедпен бірге сосын өз
бетімен магнитофонға жылдам жазылған сөздік материалдарды тыңдап,
қайталау, ырғаққа сәйкес сөздік материалдарды айту, оқу т.б. 
Логопедиялық жұмыста логопедиялық ритмика, музыканың
ырғағымен жүру, жүгіру, секіру, ритмикалық жаттығулар, өлең айту,
сюжеттік қимыл – ойындар кеңінен қолданады. 
Сонымен, брадилалияны түзету жұмысының негізгі бағыттары: 
-
Нақты сөйлеу артикуляциясын тәрбиелеу; 
-
Сөйлеу реакциясын жылдамдату; 
-
Оқу мен жазудың жылдамдығын күшейту; 
-
Моториканы қалыпқа келтіру; 
-
Қолдың праксисін қалыптастыру
-
Көру және есту зейінін дамыту; 
-
Ырғақтылықты қабылдау мен қайталауын дамыту. 
Тахилалияны түзетудің логопедиялық әдістемесі. 
 
Тахилалияны түзету жұмысының негізгі мақсатына: баяу, жатық,
біркелкі дем алу мен дауыс шығаруға тәрбиелеу; баяу ырғақты оқу;
байсалды, ырғақты сөйлеу, ұжымда қатынас кезінде тиімді жағдай
жасау, сөйлеуде жалпы және есту зейінін қалыптастыру жатады. 
Тахилалиямен зақымдалған жасөспірімдер мен ересектермен
логопедиялық жұмыс кезеңдерге бөлініп жүргізіледі. 
Бірінші кезең
– үндемеу тәртібі. Сабақтан басқа уакытта көп
сөйлемеу ұсынылады. Үндемеу тәртібі оқушылардың үрейін басып, 
тынышталып, зейінін сабақ ережелеріне шоғырландыруға әсер етеді. 
Екінші кезең
– баяу сөйлеуді меңгеру алдымен дауыстап оқудан
басталады. Алдымен оқу үлгісін логопед көрсетеді, сосын логопедпен
бірге, соңынан, кезектесіп оқылады. Әр сабақ сөйлеу жаттығуларынан
басталады. Барлық жаттығуларда қосарланып баяу сөйлеу орын алады.
Ауызша сөйлеумен қатар баяу да психомоторлық процесстерді
баяулатуға нұсқау беріледі (қимыл – қозғалысын, тәртібін). 
Үшінші кезең
- мазмұнына сай фразаларды қолдану, айтылатын
ойларын алдын – ала тұжырымдау жұмысы жүргізіледі.


198 
Төртінші кезең
— 
коллективтік әңгіме құрастыру. Логопедтің немесе 
кезекшінің сигналы бойынша әр бала әңгімеге қатысады. 
Бұл кезеңде іштен
баяу оқу қолданады. Сабақта әр түрлі тәсілдер пайдаланады: еліктеу, 
бірге қайталап айту, ырғақты оқу, ырғаққа сай сөйлеу жаттығулары,
дұрыс сөйлеу үлгілерін тыңдау т.б. Бұл кезеңде сабақтан тыс сөйлеуге
жаттығу жұмыстары кеңінен қолданылады. Диалогтық қатынасты әр
жағдайда (көшеде, көлікте т.б) жаттықтыру. 
Бесінші
, қорытындылау кезеңі – көпшілік ортада сөйлеуге жаттығу.
Өзін – өзі ұстауы, сөйлеу жылдамдығы өзіндік жеке сабақтарда
қайталанады, жаттығады, соңында мазмұны, сөйлеуі талқыланады. 
- Сонымен, тахилалияны түзету жұмысының негізгі бағыттарына:
- Баяу, жатық, біркелкі дем алу мен дауыс шығаруға тәрбиелеу; 
- Баяу, ырғақты оқуға тәрбиелеу; 
- Байсалды, ырғақты сөйлеуге тәрбиелеу; 
- Сөйлеу қатынасын тәрбиелеу; 
- Жалпы және сөйлеу зейінін тәрбиелеу жатады. 
Түзету жұмысы келесі кезектілікпен жүргізіледі:
 
- Үндемеу тәртібі; 
-
Оқу мен әңгімелеу барысында сөйлеу жылдамдығын баяулату
дағдысын меңгеру. 
-
Мазмұнға сай фразаны айтатынын лайықтап, тұжырымдау,
редакциялау. 
-
Топпен әңгімелесу. 
-
Көпшілік алдында сөйлеуге дайындау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   230




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет