I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет125/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   256
Жұмыстың негізгі міндеттері: қоршаған орта дыбыстарына, сөйлеу тілінің 

дыбыстарына  қызығушылығын  арттыру,  оларға  еліктеу  қажеттілігімен 

мүмкіндігін дамыту, сөздік және сөзсіз дыбыстарын ажырату. 

Жалпы  педагогикалық  жұмыс  сөйлеу  тілінің  психофизиологиялық  негізін, 

іс-әрекеттердің    негізгі  түрлерін    қалыптастыруға,  еркін  зейінін,  көру  және 

акустикалық  ұстанымдар  мен  дифференциялауды  дамытуға    бағытталады

Жұмыс  сөз  дыбыстарынан  емес,    шуларды,  сөзге  қатысы  жоқ  дыбыстарды 

ажыратудан  басталады.  Алайда,  ол  балаға  тек  қана    ол  жақсы  оқытылып, 

онда  қарапайым  тұрақтану  болғанда  және  өнімді  іс-әрекет  мүмкіндігіне  

үйретілгенде ғана қолжетерлік болады. 

Бағытталған  зейін  және  жұмыс  жасауға  қабілетін  дамыту  үшін  түрлі 

құралдар  қолдануға  болады:  салынатын  заттар,  кесілген  суреттер  (жай  және 

күрделі), таяқшалар ( таяқшалардан ою-өрнектерді, геометриялық пішіндерді 

құрастыру),  мозаика  —    және  олармен  іс-әрекеттер:  сұрыптау,    таратпалы 

материалды  түсі, пішіні, мөлшері бойынша топтастыру.   

 Балаға еш нәрсе үйретілмесе, оның зейіні тұрақты болмаса, іс-әрекеттердің 

қарапайым  түрлері  қалыптаспаса  дыбыстарды  қабылдауын  дамыту  жұмысы 

мүмкін  болмайды. 

 Дыбыс  шығаратын  ойыншықтармен  музыкалық  аспаптардың  сигналдары 

қолданылады. Бала ойыншықты қолына алып, дыбыс шығару кезіндегі оның 

сылдырын  сезінгені  өте  пайдалы.  Ең  алдымен  ол  педагогтың  дыбыстарды 

қалай  және  не  арқылы  шығаратынын  бақылайды,  кейін  дыбыстарды  өзі 

шығаруға тырысады. Сонан соң логопед   ыммен баланың көзін жұмып, теріс 

қарауын    талап  етеді      (дыбыс  шығаратын  заттармен  ойыншықтарды  перде 

артына  немесе  экран  артына  қоюға  болады),  кейін  бала  сәйкес  дыбыс 

көздері-заттарды дыбыс шығаруы бойынша ажыратып үйренеді. 

Жұмыс кезінде шапалақ соғудан, еденді топылдатудан, устелді соғу сияқты 

әрекеттерен  бас  тарту  қажет.  Себебі,  осы  жағдайларда    дыбысталу  емес, 

керісінше сүйек өткізгіштігінің тербеліс, дірілі қабылданады.   

Біртіндеп  дыбыстық  ,  шу  қатары  күрделеніп  өзгереді,  оған    алдымен  жаңа 

ұқсамайтын  алыс  дыбыстар,  сонан  соң  жақын  нәзік  акустикалық  жұмысты 

қажет  ететін  дыбыстар  еңгізіледі.  Осылайша  баланың  есту  аясы  кеңейіп 

реттеледі.    Осындай  жұмыстың  тиімділігіне  қарай  шу  қатарына        сөйлеу 

тілінің қатты  дыбысы  еңгізіледі  (а,  р,  у  т.б.),  ол  затпен  немесе  құбылыспен 

байланыстырылады.  Егер  бала  тез  шаршап  алаңдап,  аса  қозғыш,  мазасыз 

болатын болса, немесе тежеліп, есінесе, жұмыс өзінің өнімділігін жоғалтады. 

Балаға  дем  алып  іс-әрекеттер  түрлерін  өзгертуге  мүмкіндік  беру  қажет

Мұндай  тапсырмалар  жұмыс  барысы  бойы  жүргізіледі,  бірақ  акустикалық 

жүктемені әрбір сабақта мөлшермен беру қажет. Бір сабақта бір тапсырмаға 



 

252 


бірнеше  рет  оралып  отыру  тиімді  болады,  бірақ  бір  рет  орындағанда  аса 

шектеулі  түрде  жүргізіп,  баланың  шаршамауына  жол  бермеген  дұрыс. 

Белсенді есту зейінінің көлемі баяу көбейеді

Осы жұмыспен қатар баланың тәртібін, жұмыс жасау қабілетін  іс-әрекетін 

(балаға  дұрыс  отыруды,  көруді,  көшіруді,  сөзсіз  нұсқауларға  бағыну, 

нұсқауды  орындауға  педагогтың  реакциясын  (құптау  немесе  құптамау) 

ескеруді,  бастаған  істі  аяқтауға  үйретеді)  дұрыстауға  бағытталған  тәрбиелік 

әсер  ету  жұмысы  жалғастырылады.    Акустикалық  зейін  мен  қабылдау  

баланың орнықтылығы, есте сақтауы, заттық-тәжірибелік әрекетінің дамуына 

байланысты жақсарады. 

Бала  қабылдап,  бөліп  айтып,  сөзсіз,  кейін  сөз  дыбыстарынан  ажырата 

бастаған  әрбір    дыбысы  затпен,  суретпен,  іс-әрекетпен,  нақты  жағдаймен 

байланыстырылады.    Жұмыстың  бастапқы  кезеңдерінде  дыбысталумен      зат 

арасындағы  шартты    байланысты  орнату  үшін    сөз-эквиваленттері,  дыбыс 

кешендері тандалып алынады  (у — паровоз, машина; р — ұшақ, ырылдаған 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет