I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет256/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   256
Полиморфты  дислалия  –  артикуляция  аппаратындағы  іс-қимылдары  ұқсас 

айтылатын  екі  немесе  бірнеше  топтағы  дыбыстардың  жинақталған 

мүкістіктері. 

Ринолалия  (гр.т.  rhinos  -    мұрын,  lalia  -  сөйлеу  тілі)  -  сөйлеу  тілі 

аппаратының  анатомо  –физиологиялық  ақаулығына  байланысты  дауыстың 

әуезділігі  мен  дыбыстардың  айтылуының  бұзылуы.  Дыбыстар  мұрындық 

реңкімен айтылады. 



Сөйлеу аппараты – тіл дыбыстарын айтуға қатысатын екі бөліктен тұратын 

(орталық және шеткі) мүшелер жүйесі. 




 

495 


Сөйлеу  тілі  бұзылуының  симптомы  –  сөйлеу  әрекетінің  қандай  болса  да 

бұзылыстың  белгісі  (көрінісі).  Сөйлеу  тілі  бұзылуының  симптоматикасы  - 

сөйлеу әрекетінің бұзылыстар белгілерінің жыинтығы.  

Сөйлеу  тілі  бұзылуының  механизмі  дегеніміз  сөйлеу  әрекетінің 

бұзылыстарының пайда болуы мен дамуын қамтамасыз ететін процестер мен 

операциялардың жұмысындағы ауытқулар болып табылады. 

Сөйлеу  тілі  бұзылуының  патогенезі  -  сөйлеу  әрекетінің  бұзылыстарының 

пайда болуы мен дамуын қамтамасыз ететін патологиялық механизм. 



Сөйлеу  тіл  кемістігінің  құрылысы  деп  осы  бұзылыстың  сөз  және  сөзсіз 

симптомдарының  жиынтығын  (құрамы)  білеміз.  Сөйлеу  тілінің  бұзылуында 

бастапқы, біріншіреттік және екіншіреттік бұзылыстар ажыратылады. Сөйлеу 

тілінің  екінші  реттік  бұзылған  компонентерін  педагогикалык  түзету  жұмыс 

арқылы қалпына келтіруге болады. Бастапқы бұзылыстарды қалыптастырған 

жағдайда олар өз бетімен жойылуы да мүмкін. 

Сөйлеу  тілі  кемістігін  түзетуде  «логопедиялық  ықпал»,    «коррекция», 

«компенсация»,  «дамыту»,  «оқыту»,  «тәрбиелеу»,  «қайта  тәрбиелеу»,  т.б. 

терминдер кездеседі. 

Тахилалия (гр.т.tachys – тез, жылдам) – дұрыс сөйлеу ырғағының бұзылуы; 

өте жылдам сөйлеудің салдарынан сөйлеушінің сөзі түсініксіз болады. 



Тұтықпа  –  сөйлеу  мүшелерінің  бұлшық  еттерінің  тырысу  салдарынан 

сөйлеудің ырғақтылығы мен жылдамдылығының бұзылуы  



Тремор  –  аяқ-  қолдың,  саусақ  –  бармақтардың,  дауыстың,  тілдің  еріксіз 

ырғақты тербелісі. 



Уранопластика – таңдайдың жырығын жабатын пластикалық операция. 

ФФЖ  -  фонетикалық-фонематикалық  жетіспеушілік.  Фонемді  қабылдау 

және  айтуындағы  ақаулықтардың  салдарынан  әр  түрлі  тіл  кемістіктері  бар 

балалардың  ана  тілінде  сөйлеу  жүйесінің бұзылуы.Есту  қабілеті  және  ойлау 

қабілеті сақталған.   



Хейлопластика – еріннің ақаулығын түзететін пластикалық операция. 

Этиология  (гр.т.  aitio  -  себеп,  logos  -  ғылым)  –  аурудың  пайда  болуының 

себебі  мен  шарты  туралы  ілім;  аурудың  пайда  болу  себебі  немесі 

патологиялық жағдайы. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Document Outline

  • Қ. Қ. Өмірбекова, Г. С .Оразаева,
  • Г. Н. Төлебиева, Г. Б. Ибатова
  • оқулық
  • Алматы, 2011
  • Қ. Қ. Өмірбекова, Г. С .Оразаева, Г. Н. Төлебиева, Г. Б. Ибатова
    • МОТОРЛЫ  АЛАЛИЯНЫҢ  СИМПТОМАТИКАСЫ
    • Алалиясы бар балаларды тексеру ерекшеліктері
    • Моторлы алалиядағы коррекциялық ықпал ету жүйесі
    • Алалия — медициналық-психологиялық-педагогикалық мәселе. Баланың сөйлеу тілі мен тұлғасын дамытуға бағытталған коррекциялық әсер етудің қағидалары мен әдістерін белгілеу логопедияның саласы болып табылады. Үнемі және ұзақ уақыт жүргізілген лог...


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   248   249   250   251   252   253   254   255   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет