I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет139/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   256
12-БӨЛІМ.  

  

    АФАЗИЯ 

 

 

Афазия  (грекше  “а”-теріс  мағыналы  қосымша,  “phasis”-айту)  -  сөздің 

бұзылуы,  есту  және  артикуляциялық  аппаратының  қызметінің  сақталуы 

кезіндегі  тіл  құралымының  толық  немесе  жарым-жартылай  қолдану 

мүмкіндігін  жоғалтуы.  Афазия  кезіндегі  толық  немесе  жарым-жартылай 

сөйлеуді жоғалту бас миының жергілікті зақымдануымен байланысты. 

Афазия  –  психология,  неврология,  физиологияның  көне  мәселесі. 

Афазияның  сипаттамасын  толықтыруға,  анықтауға    жаңа  зерттелердің 

деректері мүмкіндік берді.   

Афазия  дегеніміз  бас  мидың  органикалық  бұзылуының  салдарынан 

сөйлеу тілінің жүйелі бұзылуы. Ол сөз байланысының әр деңгейін қамтиды, 

оның  басқа  психикалық  процестерімен  байланысына  әсер  етеді  және 

адамның  барлық  психикалық  ортасының  дезинтеграциясына  әкеліп  соғады, 

әсіресе сөз қызметінің қатынасын бұзады. 



 Афазия  кезінде  фонологияның  сөздік  деңгейлерін  қамтитын  (фонетика, 

лексика, грамматика) сөйлеу қызметінің жүйелі бұзылуы байқалады. Афазия 

өзіне келесі құрамаларды  қосады: ауызша  қатынасуы және сөздің бұзылуы; 

басқа психикалық процестердің бұзылуы; даралық өзгеруі және ауруға деген 

жеке реакциясы. 

Афазия  жөнінде  кейбір  мәліметтерді  XVII  ғасырдың  клиникалық 

әдебиеттерінде  кездестіруге  болады.  Бұл  бұзылысты  қарқынды  зерттеу  XIX 

ғасырдың  аяғында  басталды.  «Афазия»  терминін  француз  ғалымы  Труссо 

1864  жылы  енгізді.  Афазия  жөніндегі  ілімнің  дамуын  үш  кезеңге  бөлуге 

болады.  XIX  ғасырдың  соңы  мен    ХХ  ғасырдың  басын  бірінші  кезең  деп 

білеміз.  Осы  уақытта  неврология  классиктері  афазияның  негізгі    екі  түрін 

(формасын)    ажыратты:  моторлы  афазия  (П.  Брок  (1861)  афазиясы)  және 

сенсорлы  афазия  (К.  Вернике  (1874)  афазиясы).  Кейінгі  он  жылдың  ішінде 

афазияның  басқа  да  түрлері  сипатталып,  ажыратылды.  Олардың  негізіне  

моторлы  және  сенсорлы  бұзылыстардан  басқа  оданда  күрделі  процестердің 

бұзылыстары  алынған.  Осылай  өткізгіш  (проводниковая)

 

афазия    бөлінді. 



Оның  жалғыз  симптомы  ретінде  моторлы  және  сенсорлы  орталықтардың 

арасындағы  «жолдардың  үзілісінің»  салдарынан  сөзді  қайталауының 

бұзылуы    есептелді.  Кейіннен  сенсорлы  және  моторлы  транскортикальды 

афазия ажыратылды. Бұл жағдайда сөз қайталауы сақталғанымен спонтанды 

сөйлеуі  бұзылған  болып  келеді.  Кейіннен  сенсорлы  және  моторлы 

субкортикальды  афазия  пайда  болды.  Онда  ми  қыртысының  моторлы  және 

сенсорлы 

орталықтарынан 

мидың 


төменгі 

бөліктеріне 

апаратын 

«жолдарының үзілісі» байқалады.   

Афазияның  келесі  түрі  -  амнестикалық.  Мұнда  сөйлеу  үрдісінің 

сенсорлы  және  моторлы  компоненттері  сақтаулы,  бірақ  «сөзді  есте  сақтау 

орталығы»  зақымдалған  болады.  Осының  салдарынан  заттың  атауы 

бұзылады.  




 

277 


 

Екінші  кезең.  ХХ  ғасырдың  40-жылдары  афазиологияның  қарқынды 

дамыған  кезі  болатын.  Физиология,  психология,  неврология,  нейрохирургия 

және  т.б.  ғалымдардың  қарқынды  дамуы  жаңа  ғылымның,  яғни 

нейропсихологияның  ашылуына  ықпал  етті.  Бұл  ғылым  афазия  жөнінде 

ілімнің  дамуының  негізін  қалады.  Афазия  туралы  жаңа  ілімнің  негізін 

қалаған  А.  Р.  Лурия  еді.  Қазіргі  кезде  жиі  қолданыста  жүрген  осы 

бұзылыстың классификациясының авторы да А. Р. Лурия. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет