I теоретические основы логопедии



Pdf көрінісі
бет151/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   256
Байланысты:
Logopedia

 

Эфферентті афазия 

 

Эфферентті  моторлы  афазия  ми  қабығының  үшінші  маңдай 

қатпарының  артқы  бөлігінің  зақымынан  пайда  болады  (44  алаң  –  Брок 

аймағы)  –  мидың  премоторлы  аймағының  зақымдалуы.  Бұл  аймақ  қимылды 

уақытша,  бағыттық  ұйымдастыруына  жауапты.  Сөз  үшінде  дыбыс  пен 

буындардың,  сөйлемдегі  сөздердің  синтагмалық  тіркестері  пайда  болады. 

Эфферентті  моторлы  афазияда  байланыстырып,  толық,  синтагмалық 

құрылған  сөйлеу  бұзылады.    Афазияның  бұл  түрінің  орталық  механизмі 

иннервациясының  ауысуының  бұзылуынан    пайда  болған  стереотиптің 

патологиялық 

енжарлығы 

болып 


табылады. 

Бұл 


артикуляциялық 


 

297 


қимылдардың  бір  сериясынан  екіншісіне  уақытылы  ауысуына  кедергі 

болады.  

Эфферентті 

моторлы 


афазияның 

клиникалық 

көрінісінде  

персеверациялар  –  патологиялық  қайталау  немесе  буындарды,  сөздерді, 

қандай 

болмасын 

әрекеттерді 

тапжылмай 

жаңғырту 

байқалады.  

Персеверациялар  негізінде  әрекетті  тоқтату  туралы  дабылды  кешіктіріп 

түсіретін  процестер  жатыр.    Персеверациялар  ауызша  сөйлеу  тілді 

қиындатады.  Жеке  дыбыстардың  айтылуы  сақтаулу  болады,  ауызша  сөйлеу 

тілі  дыбыстарды,  сөздерді  тек  сериялық  айту  кезінде  бұзылады.  

Персеверация  салдарынан  сөйлемді  құрастыру  және  айту  мүмкін  емес.  

Буынды,  сөзді,  сөйлемді  айтуға  талпынған  сайын  персеверациялар  да 

көбейеді.    Осыған  байланысты  ауызша  сөйлеу  тілі  толығынан  жоқ  болады, 

оның  орнына  бір-екі  сөз  жарқыншақтары  –эмболалар  қолданылады. 

Персеверация,  басқа  әрекетке  ауысуындағы  ауытқуы  сөйлеу  тілінің 

әуезділігінің  (просодикасының)  бұзылуының  фонында  жүреді:  екпіннің, 

ырғақ-сарындылық  құрылысының,  интонациясының.  Спонтанды  сөйлеу 

тілінде әртүрлі штамптар мен стереотиптер жиі кездеседі. 

Психологиялық  көрінісі  белсенді  сөйлеуге  қосылу  қиындығының 

симптомымен  сипатталады.    Спонтанды  сөйлеуде,  диалог  кезінде  жауап 

беруде  фразаны  бастай  алмайды.  Бірақ  бірінші  сөзді  бастап  кетсе,  тұтас 

сөйлемді  айтуы  мүмкін  болады.  Эфферентті  моторлы  афазияның 

нейропсихологиялық  синдромына  дәл  осы  механизмнің  бұзылуынан 

(сөйлемді  бастауының  қиындығы)  оқу  (алексия)  мен  жазудың  (аграфия) 

бұзылуы кіреді; заттық әрекеттері бұзылады (апраксия). 

Жазуы мен оқуының бұзылуы. Эфферентті моторлы афазияда айқвн көрінетін 

аграфия  байқалады:  сөз  немесе  фразаны  жазу  сөзді  буындап  айтып  отыру 

арқылы  мүмкін  болады.  Ауыр  жағдайда  сөзді  дұрыс  қайталағанның  өзінде, 

науқас  таңдап  алынған  әріптерден  сөзді  құрастырып  жаза  алмайды.  Науқас 

керекті кезектілігін таппай қайта-қайта әріптердің орнын ауыстыра бастайды. 

Көп  жағдайда  олар  керекті  әріпті  таба  алмай  қиналады,  бірақ  сөздің 

дыбыстық құрамын дұрыс айта алады. Афазияның жеңіл түрінде науқас сөзді 

есту арқылы жаза алады, бірақ әріптерді тастап кетіп, орындарын ауыстырып 

жазады.  

 

Ауыр  жағдайда  науқастың  оқуы  болжамалы  сипатта  болады.  Жеңіл 



жағдайда жеке қысқа сөздерді, сөйлемдерді оқу мүмкін болады, бірақ оқыған 

мәтіннің мазмұнын түсінуі қиын болады. 

 

Түсінуінің  бұзылуы.  Эфферентті  моторлы  афазияда  түсінудің 

бұзылуының  негізінде  сөйлеу  тілінің  әрекеттерінің  барлық  түрінің 

солбырлығы, «тіл сезімінің» және ішкі сөйлеу тілдің предикативті қызметінің 

бұзылуы жатыр. Эфферентті моторлы афазияда науқас грамматикалық дұрыс 

және  қате  құрастырылған  сөйлемдерді  түсініп,  ажырата  алмайды.  Астарлы 

сөздердің, мақал-мәтіндердің  мағынасын, көп мағыналы сөздерді түсінбейді. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет