I теоретические основы логопедии


  БӨЛІМ. СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ БҰЗЫЛУЫН АНЫҚТАУ



Pdf көрінісі
бет18/256
Дата26.01.2022
өлшемі5,47 Mb.
#24344
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   256
Байланысты:
Logopedia

4  БӨЛІМ. СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ БҰЗЫЛУЫН АНЫҚТАУ 

 

Сөйлеу тіліндегі ақаулықтарды дұрыс түсініп және тиімді ықпал жасау 



үшін оны жоюдың ең ұтымды және үнемді жолын таңдау керек. Сөйлеу тілі 

жүйелерінің  қай  бөлігінің  ақауланғанын  анықтай  білу  және  тексеру 

барысында алынған мағлуматтарды сапалы талдау қажет. 

Сөйлеу  тілінің  бұзылуын  анықтау  теориялық  және  тәжірибелік 

тұрғыдан  маңызы  зор  мәселе  болып  табылады.  Анықтау  немесе 

диагностикалау  барысында  тек  сөйлеу  тілінің  бұзылу  түрі  ғана  анықталып 

қоймайды,  сонымен  қатар  түзету-логопедиялық  жұмысын  мақсатты, 

нәтижелі ұйымдастырудың жағдайлары анықталады. 

Диагностикалық  іс-әрекеті  -  түрлі  тексеру  тәсілдерін  пайдалану 

үрдісінде  сөйлеу  жүйесінің әртүрлі компонентерінің  бұзылуын  анықтау  мен 

қатар,  оның  сипаты,  денгейі,  күрделілігі  және  болашақ  мүмкіндігі 

анықталады. 



Тексерудің негізгі мақсаттары мен міндеттері: 

-ата-ана мен педагогпен әңгімелесу және құжатармен танысу барысында  

 баланың тәрбие жағдайы мен дамуын анықтау; 

-жетекші әс-әрекетінің денгейін анықтап жас мөлшеріне сәйкестендіру; 




 

28 


-танымдық процестерінің, эмоционалдық тұлғалық ерекшеліктерін анықтау; 

-байланыстырып сөйлеуін анықтау; 

-тіл жүйесінің компоненттерін меңгеру денгейін анықтау. 

Логопедиялық  тексеру  барысында  алынған  мағлуматтарды  жинақтап, 

талдап,  сөйлеу  тілінің  бұзылуын  анықтауда  толығымен  келесі  қағидаларға 

сүйену қажет: 

-даму қағидасы; 

-жүйелік; 

-сөйлеу  тілінің  бұзылыстарын  психикалық  дамудың  басқа  жақтармен 

байланысты көрсету. 

 

Логопедиялық тексеру қағидалары 

 

Логопедиялық тексеру қағидасын-педагогтың өзінің диагностикалық және 

коррекциялық іс-әрекетінде негізгі теориялық ұстамдарды басшылыққа алуы 

деп түсіну қажет. 

Диагностикалық  және  коррекциялық  жұмысты  ұштастырудың  басты 

теориялық  негізі  Л.  С.  Выготскийдің,  А.  Н.  Леонтьевтің,  Д.  Б.  Элькониннің 

еңбектерінде  қарастырылған  компенсаторлық  және  даму  заңдылықтары, 

баланың дамуының қозғалтқыш күштері туралы ілімдері болып саналады. 

Тексерудің бірнеше қағидалары белгілі: 

1.  Жүйелі тексеру қағидасы  сөйлеу тілінің әр түрлі компонентерінің:  

дыбыстық, 

фонематикалық, 

лексикалық, 

лексикалық-грамматикалық 

жағының жүйелі байланысына негізделген. 

2.  Кешенді ықпал – сөйлеу, интеллектуалдык, танымдық іс-әрекетінің  

мағлұматтарымен  қатар  көру,  есту,  қимыл  сферасы,  соматикалық  жағдайы, 

жүйке жүйесінің ерекшеліктерін ескеру болып табылады. 

3.  Іс-әрекеттік  қағида.  Аталған  қағиданың  іске  асыру  -    түзету 

жұмысының  мақсатын,  бағытын  анықтап,  түзету  тәсілдерін,  жұмыс 

барысында  қолданатын  іс-әрекет  түрлерін  (ойлау,  оқу,  танымдық) 

анықтауға мүмкіндік береді. 

4.  Динамикалық тексеру қағидасы- баланы оқыту процесінде бақылап,  

тексеріп оның потенциалдық мүмкіндіктерін анықтауды көздейді. 

5.  Онтогеникалық қағида. Тексеру және түзету жұмысын  

ұйымдастыруда  баланың  онтогенезде  сөйлеу  тілінің,  психикалық  даму 

заңдылығын ескеру. 

6.  Сөйлеу тілінің бұзылуын тексеру және түзету жұмыс барысында  

алынған  мағлұматтарды  сапалы  талдау  қағидасы  динамикалық  тексеру 

қағидасымен  тығыз  байланысты.  Барлық  аталған  қағидалар  өзара  тығыз 

байланысты және бұл қағидалар түзету жұмысында кеңінен қолданылады 

 

 

 

 

 



 

29 


Логопедиялық тексеру түрлері 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет