ІІІ. Тыңдап-түсінуге үйрететін жаттығулар
Тіл мамандары тыңдап-түсінуге үйретуде екі кезеңді ажыратуды ұсынады: дайындық кезеңі және негізгі кезең . Осыған байланысты тыңдап-түсінуге үйрететін жаттығулар жүйесі екі топтан тұрады: тіл жаттығулары және сөз жаттығулары. Мұндай жаттығуларда ауызша сөздің екі түрі –– тыңдап-түсіну мен сөйлеудің тығыз байланыстылығы ескерілуге тиіс.
Тіл жаттығуларының мақсаты – мәтінді тыңдаудың алдында лингвистикалық және психологиялық қиындықтарды алдын ала жою. Сонда ғана оқушылар тыңдау барысында назарын мәтіннің мазмұнына аударады.
Тіл жаттығуларын орындау нәтижесінде мынатөмендегі іскерліктер қалыптастырылады:
а) тыңдап отырған хабардағы таныс емес құбылыстарды анықтау, оларды бір-бірінен ажырату және түсіну іскерлігі;
ә) дыбыстық бейнелерді мағынамен ұштастыру іскерлігі;
б) сөз жасау тәсілдеріне сүйене отырып, таныс емес сөздің мағынасын анықтау іскерлігі;
в) түрлі лексикалық единицалар мен грамматикалық құрылымдардың контекстегі мағыналарын анықтау іскерлігі;
г)синоним, антоним құбылыстарын танып, олардың мағыналарын ашу іскерлігі.
Айтылған іскерліктерді дамытумен қатар тіл жаттығуларын орындау нәтижесінде оқушылардың есту қабілеті мен қысқа мерзімдік есі дамытылады.
Осы аталған іскерліктер мен қабілеттерді дамыту. оларды жетілдіру үшін мынадай тіл жаттығуларын орындаған жөн:
Есту қабілетін жетілдіруге арналған тіл жаттығулары:
а)бірнеше жұп сөздерді тыңдап, оларды қайталаңдар:
ә) берілген интонацияны сақтай отырып, синтагмалар мен фразаларды қайталаңдар:
б)берілген қос сөйлемдерді тыңдаңдар. Егер ол сөйлемдер бірдей болса, графикалық кілтте ( + ) таңбасын қойыңдар, ал егер сөйлемдер әр түрлі болса, онда (—) таңбасын қойыңдар.
Алдын-ала болжаулау қабілетін жетілдіру үшін мынадай тіл жаттығуларын орындаған жен.
а)бірқатар сын есімдерді (етістіктерді) тындандар да, олармен жиі тіркесетін зат есімдерді атаңдар;
ә) өздеріңе таныс элементтерден құралған сөздерді тындап, оларды қазак тідіне аударыңдар;
б)бірқатар свз штамптарын тыңдап, олардын қандай жағдайда қолданылатын неміс тілінде немесе қазақ тілінде атаңдар:
в) мұғалім айтып тұрған мәтінді тыңдаңдар, сол мәтіннің жазбаша нұсқасындағы қалып койған сөздерді толықтырыңдар.
Оқушылардың қысқа мерзімдікесінжетілдіруге арналған тіл жаттығулары:
а)бір топ жекелеген сөздерді тыңдап, солардың ішінде белгілі бір тақырыпқа байланысты сөздерді қайталап айтыңдар;
ә)екі-үшқысқафразалардытыңдап,олардыбір сөйлем етіп біріктіріңдер;
б)он немесе одан да көп сөздерден тұратын(яғни ұзақтығы қысқа мерзімдік ескөлеміненартық)фразалардытыңдап,олардыдиктордан(мұғалімкен)кейін қайталап айтыңдар;
в) фразаны тыңдаңдар да, оған мағына жағынан байланысты тағы бір фраза қосыңдар т. б.
Сөз жасау және контекстік болжауды жетілдіруге арналған тіл жаттығулары:
а) темендегі етістіктерді тыңдаңдар да, олардан -ег жұрнағын жалғау арқылы зат есімдер жасаңдар;
ә) өздеріңе таныс элементтерден жасалған туынды.және біріккен сөздерді тыңдаңдар, оларды қазақ тіліне аударыңдар немесе сөйлемде қалайқолданылатынын түсіндіріңдер;
б) контекст жане дыбыстық формасына сүйеніп, интернационалдық сөздердің мағынасын анықтаңдар;
в) графикалық кілттен таяныш сөздерді қарап шығып, тьңдауға арналған мәтінқандай тақырыпқаарналғанын анықтаңдар,сосынмәтінніңүзіндісінтыңдап,өздеріңді тексеріңдер.
Сөздердің мағынасынанықтауға арналған жаттығулар:
а) сөйлемдерді тындап, олардың ішінде іс-әрекет иесін (қимыл атауын) анықтаңдар;
ә) сөйлемде ана тілінде аталған сөзге мағынасы сәйкес келетін сөзді табыңдар т. б.
Осындай тіл жаттығуларын орындау арқылы лингвистикалық және психологиялык қиындыќтарды жойған соң сөз жаттығуларын орындауға көшуге болады. Сөз жаттығулары дегеніміз тіл арќылы ќарым-қатынас жасаудың шынайы шарттарьша жақын жағдайда қабылданадын ауызшамәтіндер.Мұндаймәтіндербелгіліталаптарға сай болуы керек.
1) тыңдауға арналган мәтіннің мазмұнының тәрбиелік мәніболуғатиісжәнеоның мазмұныоқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек;
2)мәтіннің мазмұнында тыңдаушылар үшін қызықты мәселе болуы керек;
3)мәтіннің берік логикасы болуы шарт және ол жаттықтырушы тілмен баяндалуға тиіс;
4)мәтіндеауызшасөздіңәртүріболғаныжөн диалог, монолог, сондай-ақ диалог-монолог аралас келген жөн;
5)мәтін бірінші жақта баяндалмағаны жөн;
6)тыңдап-түсінуге арналған мәтіндердің көлемі төменгі кластарда 1 —1,5 минут, ортаңғы кластарда 2—2,5 минут, жоғарғы кластарда 3—4 минуттен аспауы керек.
Сөз жаттығулары ауызша сөзді қабылдап, оны түсіну қабілетін дамытады, оларды жетілдіреді. Бұл жаттығуларды орындау нәтижесінде оқушылар мынадай іскерліктерді меңгереді:
а) хабардың ақпаратқа ең қанық жерлерінанықтау;
ә) мәтін деңгейінде болжалдау арқылы кейбір тусініксіз жерлерді толык түсіну қабілеті;
б) мәтінді коммуникация жағдайымен ұштастыра білу;
в) тыңдауға арналған мәтіннің мағыналық бөлшектерін анықтау, олардың әрқайсысының негізгі ойын анықтау іскерлігі.
Ауызша сөздің, соның ішінде сөйлеудің екі түрі бар: монолог түрінде сөйлеу және диалог түрінде сөйлеу. Оқушылар ауызша сөздің осы екі түрін де тыңдап-түсінуге тиіс. Сондықтан тыңдап-түсінуге үйрететін сөз жаттығу-ларының екі түрін ажыратқан жөн: диалогты тыңдап-түсінуге үйрететін сөз жаттығулары және монологты тыңдап-түсінуге үйрететін сөз жаттығулары.
Диалогты тыңдап-түсінугеүйрететінжаттығулар мыналар:
а)диалогты тыңдаңдар. соғанұқсассолтақырыпқа диалог құрыңдар;
ә) диалогтыңбасынтыңдап,әріптестердіңбірінің соңғы репликасын кеңейтіп, толықтырыңдар;
б)магнитофонга жазылғандиалогтытыңдап,кейіпкерлердің әңгімесін қайталап айтып беріңдер;
в)күйтабаққа жазылған диалогты тыңдаңдар да, онын
мазмұнынмонологтүріндеайтыпберіңдер(кейіпкерлердің біріне мінездеме беріңдер, диалогка тақырып табыңдар да, оны түсіндіріңдер) т.б.
Монологқа немесе полилогқа қатынасы арқылы диалогты тыңдап-түсінуге үйрететін жаттығулар: а) таспағажазылғансұрақтардытыңдаңдарда, үзілістесолсұрақтарғаболымды(болымсыз)түрде жауап беріңдер:
ә) диалогтыңбасынтыңдаңдар, оны жалғастырып оқушылардың бірімен әңгімелесіңдер;
б)диалогты тыңдаңдар, оны кеңейтіңдер;
в)диалогты тыңдаңдар, сөз болып отырған мәселеге байланысты өз пікірлеріңді, айтыңдар,
Монологты тыңдап-түсінуге үйрететін сөз жаттығулары:
а)мәтінді тыңдап, төмендегі екі сұраққа толық жауап беріңдер;
ә) тыңдағанмәтінніңаяқжағьн(басын,ортасын) сәл өзгертіп, мазмұнын айтып беріңдер;
б)фильмді (диафильмді) көріп, оның негізгі идеясын түсіндіріңдер;
в)тыңдағанхабардымағыналықүзінділергебөліп,
оларға тақырып қойыңдар;
г)мәтінді тыңдап, оған төмендегі жоспарды қолдану арқылы рецензия құрастырыңдар:1) хабардың тақырыбы;2) оның кейіпкерлері; 3) қысқаша мазмұны; 4) негізгі идеясы; 5) тыңдаған хабарға баға.
Міне,осындайжаттығулардыорындаунәтижесінде оќушылардың тыңдап-түсіну қабілетін дамытып, оны одан әрі жетілдіруге болады.
Мәтіндердітыңдаудағыоқушылардыңбіріншіжәне басты міндеті — сол мәтіннің мазмұнын түсіну. Оқушылар мәтінніңмазмұнынқалай,қаншалықтытүсінгенін мұғалім тексеріп отыруға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |