МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Айбек Надира (Қытай)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Тойғанбекова М.Ш.
Қазақ ұлты Азия құрлығындағы жері, тілі, өзіне тән шаруашылығы, ұзақ тарихы бар толыққанды ұлттар катогориясына жатады. Тұтас жан саны он неше миллион ғана болғанына қарамастан, қазақ тілі дүние жүзіндегі өзі тектес ұлттар ішіндегі тілі таза, грамматикасы кемелді, сөздік қоры мол. Шешен сөйлеуге жеңіл, үйренуге бейім, аксенті басқа ұлттар тіліне оңай түсе кететін, өз алдына дыбыс үндестігі мен дауыс ырғағы бар, әр сөйлем сөздерінен қазақ иісі аңқып тұратын толыққанды ұлтты болып есептеледі.
Тіл өнерінің маңыздылығы мен абзалдылығын өте ертеде аңғарған қазақ атамыз «Тілсіз-тірлік қараңғы», «Адамның тіліне аспандағы бұлт та азады», «Өнер алды - қызыл тіл» деген сөздерінен адамзат тіршілігі үшін ас-судың қажеті қандай күшті болса, тіл білімнің қажеті де сондай күшті екендігін айқын аңғарамыз.
Ана тілі сол ұлттың ары, байлығы ғана емес, сол ұлттың тарихы , сол ұлттың портреті, табиғат ананың сол ұлттың маңдайына өшпестей етіп басқан алтын таңбасы. Сол ұлттың болашақ жер шары мұражайына мәңгі сақталатын ең асыл, ең көркем, бекзаттық рухани өркениет мұрасы. Ана тілді үйрену, ана тілді құрметтеу, оны қорғап , аялап табиғи қалпында ұрпақтардың мұрагерлік етуіне тапсыру, қазақ қаны бар азаматтар мен азаматтарымыздың даңқы, борышы.
Қазақ тілі - ғасырлық тайталастан, талай- талай шиыр соқпақты қиын күндерден өтіп, ширатылып, қатаң фонетикалық, лексикалық , грамматикалық қағида қалыптастырған текті де тегеурінді, өзіндік түр-тұлға, өзгеше өміршеңдік күші, өшпес образы, терең мағынасы бар, берік бағанасы бар, бай тіл. Әрине, ана тіліміздің өзге ұлттар тілімен өбісіп жатқан ортақтығы болса да, одан гөрі өзіндік даралық ерекшелікті үстем тұратын тілдік коры мол, бейнелеу қуаты күшті , өткір тіл. Cондықтан, қазақ тілін жетік білетін өзге ұлттардан шыққан оқымыстылар: қазақта айтылмаған сөз қалмаған,- деп қазақ тіліне өте жоғары баға береді.
Айтса айтқандай, қазақ ұлты ауыз екі тілдің өзіне мақамдап, макалдап, тақпақтап демек, ана тіліміз аялауға, сүюге, қадірлеуге, мақтан етуге татитын тамаша тіл.
Мақал - сөз анасы, әдемі ұйқасты, үйлесімді ырғақты, өлеңді өрнекпен не шешендік қара сөзбен айшықталған, қысқа да нұсқа айтылатын нақыл сөздердің мәйегі. Көбінесе екі тармақтан құралады. Бірінші тармағында ойдың түп негізі байымдалады. Екіншісінде ой қорытындыланып түйінделеді. Мақал сөздер тура және ауыспалы мағынада қолданылады.
Мәтел мақалға ұқсас. Бірақ мақалдаи екі-үш тармақты емес, өлеңде тұжырым тұспалы сыңар, қара сөзде нұсқалы қорытынды түйіндеулі тура айтылатын, қарама-қарсы шендестіруі жоқ, ықшам да кестелі нақыл сөз, әрлі берілген пікір сезім-түйсікке өте әсерлі. Толғана, зерделей білер адамның санасына терең ой салуға сұранып тұрған сөз өрнегі, тіл қышымына дөп тиер жебесі.
Мақал мен мәтел өміршең поэтикалық жанр, қазақ халқының рухани қазынасы, философиялық пайым түйіні, ұмытылмай ұрпақтан ұрпаққа жаттала тараған өнеге, үлгі, өсиет сөздердің киелі түзілімі, адам пікірінің дәнекері, аталы сөздің мәуесі, дәмі, тұздығы. Шешендікті қадір тұтқан әрбір қазақ жүйелі сөзге қонақ берген және осы үрдісте ұрпағын тәрбиелеген.
Қазақтың бір мақалы бар: « Өнер алды - бірлік, ырыс алды - тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады. Қазақ ойлады: бірлік, ат ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен, - дейді .
«Ырыс алды - тірлік» дейді , олар қай тірлік? Ол көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.
Өнер алды қызыл тіл.
Көңіл елшісі тіл,
Өмір елшісі жыл.
Тіл аспаған діл аспайды.
Міне, бұдан халқымыздың тілді ең әуелі өнер ретінде, өнердің маңдай алды ретінде бағалайтындығын көрсетеді. Әрі адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасайтын өзара түсінісетін қарым-қатынас құралы екендігін анықтайды.
Жүйелі сөз, киелі сөз,
«Жүйелі сөзге түйе де шөгеді» деген мақалдарда тілдің сөзден құралатындығын, тілдің жүйелі нәрсе екендігін, тіл жүйесінен айырылса тіл болудан қалатындығын түсіндіріп «Тіл бір тұтас жүйе» деген тілдік тағы бір сипатын анықтаған.
Сөз сарасы – мақал-мәтелдерді халқымыз кең қолданып, онымен тілін әрлеп, тілеген жеткізіп қаламастан, мақал-мәтелдерден әдемі тілдің әсем тәжісіндей қастерлеген. Бұл аңғарым мақал-мәтелдеріміздің өзінен де өрнектеліп тұрады.
Сөз асылы – мақал.
Мақал сөздің атасы,
Уәде сөздің опасы.
Сөздің көркі мақал,
Жүздің көркі сақал.
Тұз астың дәмін келтіреді,
Мақал сөздің сәнін келтіреді.
«Білімдіктің ең басты факторы – туған тілінде сөйлеу мен оны ойлаудан басталады» деген болатын. Білімді болсаң білгіш болсаң, білікті болсаң, өзге тілді үйрене біл, ана тіліңді аялай біл, ардақтай біл, қолдана біл, қорғай біл!
Ана тілің арың бол,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Достарыңызбен бөлісу: |