І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш


Әдебиеттер 1. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас. Оқулық. – Алматы, 2002. – 109 б



бет6/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер

1. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас. Оқулық. – Алматы, 2002. – 109 б.


2. Эльконин Б.Д. Избранные психологические труды. – М.: Педагогика, 1989. – 154 с.
3. Кэрст М. Рассмотрение компетентности в психологической концепции совершенствования управления произведственной организацией // Актуальные проблемы психологии труда. – Тарту: Тарусский гос.ун-т, 1980. – С. 40-45.
4. Хьелл Л., Зиглер Д. Теории личности. – СПб.: Питер, 1997. – 300 с.

МЕТАФОРАЛАРДЫҢ САЯСИ ДИСКУРСТА АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН САЯСИ МЕТАФОРАЛАРДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Альхожаева Л.Н. (Қазақстан)
Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ

Әдетте метафора ұғымының аясында заттар мен құбылыстардың кластарын білдіруде пайдаланылатын сөздерден тұратын; басқа топқа жататын обьектінің атын немесе сипатын білдіруде; қандай да бір байланыста берілген обьектінің басқа кластарының атына ұқсас сөйлеу механизмі мен троптар түсіндіріледі. Кең мағынасында алып қарағанда «метафора» термині ауыспалы мағынада тұрған кез келген сөздерге қатысты қолданыла береді. М.Р.Желтухина «Тропологическая суггестивность массмедийного дискурса» атты еңбегінде М.П.Брандестің, Р.В.Якобсонның, М.Н.Кожинаның, Е.В.Капацинскаяның т.б. зерттеулеріне сүйене отырып тұтастй алғанда троптың негізгі функцияларын (қызметін) бөліп көрсетеді (мұнда зерттеуші троптың кеңейтілген жүйесін БАҚ құралдарындағы адресанттың адресатқа қарата сөйлеген сөзінің идеясымен сәйкестендіре қарайды). Бұл зерттеу еңбекте берілген функцияларды масс-медиялық ақпаратпен тығыз байланыста келетін саяси дискурсқа қатысты қарастыруға болады. Осы функцияларға нақтырақ тоқталсақ:



  1. Адресанттың – адресатқа қатынасы жүйесіндегі қызметі.

а) танымдық қызметі – троп әлемді танудың және оны санамен, сөзбен игерудің құралы ретінде. Өзін қоршаған әлемді тану барысында адресант оған ұқсас құбылыстар мен заттарды табады, оларды бір ғана сөзбен (метафорамен) беріп, бір топқа біріктіреді:
ә) мәдени қызметі – кез келген семиотикалық жүйеде (кең мағынасында метафора ғана емес басқа да троп түрлері (ал тар мағынасында нақты бір мәдени дәуірдің туындыларына қатысты): кино өнерінде, кескіндемеде, психоанализде және т.б.) мәдениет мағына жасаудың негізін құрайды;
б) семантикалық белгісіздік қызметі – ақиқаттың күрделілігіне, көп мағыналылығына және айқын еместігіне бағытталған жүйе, мәдениет үстінде анық көрінеді;
в) шығармашылық қызметі – эмоционалдық қызмет, мұнда троп түрлері әрбір адамның ақын, шығармашыл-суреткер болуын қалай, ұсына отырып, адамның әлемге деген сбьективті көзқарасын білдіреді; эмоциясын, берген бағасын білдіреді. Метафоралар тек когнитивтік қызмет атқарып қана қоймайды (белгісізді түсіндіреді), сондай-ақ, аффективті қызметті де атқарады (эмоция тудырады).
2. Адресант ықпалы жүйесіндегі қызметі.
а) экономикалық қызметі – күрделі мазмұндағы сөздерді қысқаша ұғындырып көрсетуде троптың ерекше бір мағыналық сыйымдылығымен анықталады;
ә) трансформациялық қызметі – құрылымдық-семантикалық қызметі – құрылысы – мұнда троптар жаңа пайымдаулар мен көзқарастарды, мәтіндегі субьектінің обьект аясымен жаңа байланысымен, сөйлеу пәнін суретеу үшін бұрыннан бар сөздердің материалдарын пайдалана отырып, жаңа сөздер жасау; түйін сөздер арқылы оның сипатттамасын беруді тіркеу, жаңа мағыналарды беру мүмкіндігін кеңейту, ұлғайту мақсатында қызмет етеді. Сөйлеудің бейнелілігі суреттеу обьектісінсіз мүмкін емес: сыртқы – бұл бізді қоршаған материалдық болмыс, «анық, айқын» нәрсенің дәлелі; ішкі – адамның психикалық жағдайы, тек қана ішкі, «сенім, үміт, сенімсіздіктің» дәлелі арқылы көрінетін эмоциясы;
б) репрезентативті қызметі – бейнеліліктің күшеюі, яғни, түсінік тудыру, бейнелілік деп бір ғана нәрсені білдіруге қабілетті, ең нақты сөйлеуді атау қалыптасқан. Нақты образдың троппен сөйлеуін қамтамасыз етеді.
в) экспрессивті қызметі – мәнерлеудің күшежі, өзінің шебер ұйымдастырылып, орындалуымен еліктіріп әрі көңіл аударуға қабілетті мәнерлеп сөйленген сөзбен байланысты болып келеді;
г) әсер етуші қызметі – антистандарт пен стандарттың кезектесіп келуінен тұрады, форманың жаңашылдығымен және жаңа түсініктерді тудыруымен сәйкес елетін бейнеліліктің күшеюі / әлсіреуімен сәйкестікте болады. Бұл қызметінің ерекшелігі – ендірілген ақпаратты қабылдауда саналылық, талдау және сынаудың төмендеуімен байланысты адресаттың сезіміне, еркіне және санасына, психикасына әсер етуге негізделеді (мәселен метафораның әсер етуі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет