І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет51/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы // Ана тілі. 2007.


2. М.Жұмабаев. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1986.
3, Интернет материалдары.
ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА
Раупов Техрон (Қазақстан)
Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰЗТУ
Ғылыми жетекшісі: Қазезова А.М.

Қазақ ұлт болып қалыптасқан күннен бастап, қазақ тілі де қалыптасып, дамып, өмір сүріп келеді. Тіл – ұлтқа мәңгілік ұлт болып қалуына көмектеседі. Қай қоғамда да тіл мәселесі болатыны белгілі. Біздің ұлтта да тіл мәселесі өзекті мәселе болып отыр. Қазақстанда қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Сол себепті қазақ тілін қадірлеп, сақтап, дамытып отыруымыз қажет. Осы сөздер айтылған сайын менің ойымды толғандыратын нәрсе қазіргі Қазақ елінің жастары. Өкінішке орай, қазақ жастарының басым көпшілігі ана тіліне салмақты жауапкершілікпен қарамайды. Бұның дәлелі көшеде жүрген екі қазақтың бірі орыс тілінде сөйлейді, қоғамдық орындарда дүкендерде, қоғамдық көліктерде көретініміз де сол. Қазақша сөйлегеннің өзінде шұбарлап сөйлейді. Бұл қазақ тілінің сөйлеу өрісін тарылтып, қолдану аясын әлсіретеді. Басты кемшілігімізде – осы. Осындай жайттарға қарасақ, қазақ елінің бүгіні мен келешек ұрпақтың жағдайы өте қатты алаңдатуда. Қазақ елінде тіл мәселесін көтеру жеткіліксіз болып жатыр.


«Тәрбие басы – тіл» деген осы күнге дейін мән-мағынасын жоғалтпаған қанатты сөз ана тілін құрметтеу үшін жастарға бағытталған. Барлығы отбасынан басталуы қажет. Жасөспірімдерді қазақ мектептеріне беріп, өз ана тілінде сөйлеп құрметтеулеріне аса мән берген жөн. Ата-аналар қазақ тілінен гөрі орыс тілі көбірек сұранысқа ие деп ойлайды. Тіл – атадан балаға мирас болып қалатын баға жетпес мұра. Өзіміздің қазақ екенімізді ұмытпай ана тілімізді құрметтесек оң нәтиже берері белгілі. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қызығына айналдыру – әрбір ұлтжанды азаматың басты міндеті.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында қазақ тіліне үлкен мән бергендігін мына сөздерінен көруге болады.
«Қазақстанның болашағы қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді. Әрі ол ата-баба алдындағы ұлы парызымыз да..». Елбасымыз айтқандай, мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатып және қолдану аясын кеңейтуге, дамытуға ат салысу, сонымен қатар білім ордаларынан және отбасынан бастау алуы тиіс.
Қытайдың атақты философы Конфуцийдің айтқан сөзімен аяқтағым келеді: «Егер де мен ел басқарсам, ең алдымен сол елдің тіл мәселесін қолға алар едім. Себебі тіл бірлігі болмаса, пікір бірлігі болмайды. Сондықтан бәрінен бұрын адамдар арасындағы бірлікті ұстап тұрған тіл мәселесі маңызды». Осындай маңызды мәселені еліміздің кез-келген азаматы түсінсе, жүрекпен сезіне білсе біздің қоғамдағы тіліміздің мәртебесі де асқақтай түсер еді.

Әдебиеттер


  1. «Егеменді газет» 2015ж.

  2. Қанатты сөздер 2014ж.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет