І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет61/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Біріншіден, білім мазмұнында жане оқу материалдарында ұлттық діл, ұлттық сана, ұлттық қарым-қатынас әдебі мен мәдениетін, сөз жұмсау жүйесіндегі эстетикалық талғам қалыптастыру сипатындағы білімдерді қамту. Бұл орайда оқушының сөз шеберлігін жетілдіруге ықпал ететін шешендік сөз үлгілерін, өлең-жырларды, танымал тұлғалардың тіл, сөз мәдениет туралы, адам тіршілігіндегі тілдің рөлі жайлы, бәсекелестік қабілет пен интеллектуалдық әлеуетті арттырудағы сөз жұмсау дағдыларының маңызы жөніндегі мәтіндерді, қанатты сөздерді, афоризмдерді орынды қолдану үлкен рөл атқарады. Ұлттық тілді тұтынушы тілдік тұлғаның құзіреті мен жадының қалыптасуы жөнінде А.Байтұрсынұлының айтқаны: «Адам ана тілін жасынан естуінше үлкендерден үйренеді. Содан соң тіл танытқыш кітаптардан таниды. Одан кейін үлгілі жазушылардың сөзін оқып, өзі іс жүзінде иә ауызша айтып, иә жазып қолданумен біледі» деген болатын [4,3-5]. Сондықтан осы фактор тілдік тұлға қалыптастыруда маңызды болып саналады.
Екіншіден, оқытудын инновациялық технологияларын қолдану. Қазіргі таңда білім беруді ізгілендіру, оқыту әдіс-тәсілдерін жетілдіру, үздік білім беру жүйесіне қол жеткізу – бүгінгі күннің басты талабы.
Қалыпты сабақтың ережесі бойынша мұғалім мен оқушының сөзі, екеуара қарым-қатынасы маңызды болса, бүгінгі күннің кезек күттірмес мәселесі – оқушылардың өзара әрекеттесуге, топ пен ұжым ішінде жұмыс жасауға, өздігінен оқуға ынталандыруға баулу. Диалогтік оқыту - оқу үрдісінде оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін және олардың белсенділігін арттыратын модульдердің бірі. Диалогтік оқыту – тек қана сабақ барысындағы қарым-қатынас емес, өмірдегі де оқушының мұғаліммен, оқушының оқушымен қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға көмектесетін әдіс. Сын тұрғысынан ойлау бүгінде «ойлау туралы ойлау» деп қарастырылып жүр. Бұл технологиясы маңызды проблемалар бойынша ой бөлісіп, оларды талқылауға бағытталған. Сын тұрғысынан ойлау оқытуды тиімді жүргізіп, білім беруді дамыту үшін қолданылады. Бұл жүйе оқушының да, сыни көзқарасын дамытып, ойлау мен қабылдау процестерін қалыптастыруға көмектеседі. Барлық бала дарынды, бірақ оның ішінде таланттылары да болады. Талантты балаларды танып, олармен жеке жұмыс жасау және дарынды балаларды қолдау, олардың пікірімен санасу – біздің міндетіміз.
Үшіншіден, бейіндік мектеп оқушыларының тілдік тұлғасын қалыптастыру оның тілдік білімін жетілдіру үшін медиабілімнің аясын кеңейту қажет. Бұл оқушылардың қоғам өмірімен жете танысуына, сонымен қатар, азаматтық позициясының қалыптасуына, ақпарттық құзіреттілігін жетілдіруге, сөздік қорын байытуға ықпал етеді. Себебі болашақта таңдаған кәсібінің білікті маманы болу үшін әртүрлі мәтіндермен жұмыс істеп, атап айтқанда ғылыми әдебиеттерден, газет-журналдар мен басқа да БАҚ-тан мәліметтер оқып, заман талабына сай білім қорын жетілдіре білу керек.
Сонымен қоса, тілдік тұлға өз ойын дәл, түсінікті жеткізу үшін біліммен қаруланып қана қоймай, тілдік құралдарды ұтымды пайдалана білуі керек. Тілдік тұлға лингвомәдени, рухани-әлеуметтік аялық білімі бар, тілдің лексикасы мен грамматикасын жоғары дәрежеде меңгерген, семантикасын түсінетін, интонациясының икемділігі мен көптүрлілігін дұрыс қолдана алатын тұлға деп білеміз. Осы аталған тұжырымдар мен өзіне дейінгі тұлғалар қалдырып кеткен тілдік байлықты меңгеру кез келген оқушының тілдік тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан да тілдік тұлға мәселесін қарастырғанда оны қоғамдық ортасымен, дүниетанымдық көзқарасымен, ұлттық, әлеуметтік сипатымен қоса қарастыруымыз қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет