І тілге қҰрмет – елге қҰрмет мәуелі ағаш



бет69/156
Дата27.11.2023
өлшемі2,15 Mb.
#130243
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   156
Байланысты:
treatise40283

Әдебиеттер

1. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна», 2005


2. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы
3. Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. «Алматыкітап баспасы», 2009
ҚЫТАЙ ҚАЗАҚТАРЫНЫҢ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРІ


Амантай Бауыржан Амантайұлы (Қытай)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: Бегалиева А.К., аға оқытушы

Бүкіл әлемді жайлап отырған құндылықтар дағдарысы ХХІғасырға дейін ұлттық дәстүрлерді, тілмен дінді сақтап келген қытай қазақтарының да рухани өміріне елеулі өзгерістер енгізілді, шетелдегі қазақтар әлемдік өркениеттер кеңістігінде өзіндік келбетін сақтап қалуға тырысуда. Әсіресе, Қытай қазақтарының рухани мәдениеті өркендетудегі орны жайында дүние жүзі қазақтарының 2-құрылтайында президентіміз: «Қытайдағы бір жарым миллионнан астам бауырларымыздың бүгінгі таңда ұлттық өркендеу үрдісі жақсы. Ана тіліміздің бай шұрайлы ортасы сонда қалыптасқан. Қазақтың ежелгі мәдениеті, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы қаймағы бұзылмай сақталып отырған қазақ халқының баға жетпес асыл мұрасы ауыз әдебиетін де басты бір бөлігі – Қытайдағы бауырларымызда» деп ерекше атап айтқан еді [1].


Сан ғасырлық тарихы бар Қытайдағы қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып жалғасып келе жатқан халқымыздың өмір тұрмысына тіке байланысты туындаған ән мен күй бай мазмұнды. Алуан формалы халық ауыз әдебиеті, ұлттық салт-дәстүріміздің молдығына сан-салаға мақтанбай тұра алмаймыз. Әрине, мақтанғанымыз дұрыс-ақ.
Айта кетер болсақ, ШҰАР-дың шеткі аймақтарында, ауылды жерлерде тұратын қазақ жастары үлкен қалаларға барып кәсіптің қандай түрі болса да меңгеріп жатыр. Бүгінгі өмір ағымында қазақтарға тән бұрынғы құрсаулы көз қарасты түбірінен өзгеріп, заманауи тұрғыдан қадам жасалуына, Қытай қазақ жастарының арасынан аспаздық, ұлт тағамдарын даярлаудың шеберлері көптеп саналады. Бұл істі кәсіпке айналдырып істің шебері болып алған Қазақ елінің түпкір-түпірінде асханаларда аспазшылардың Қытайдан келген қазақтар екенін көріп жүрген шығарсыздар.
Қытай қазақтары әсіресе байырғы төл мәдениетті жаңғыртып жандандырды, Қытайдағы қазақтар әлемді көркем эстетикалық тұрғыдан би өнерінің шыңдалуына үлкен үлес қосып келеді. Қазақтарда би өнері өзіндік нақышын тапқандығы соншалықты адам ерекше шаттану көңіл-күйін сазбен, бимен өрнектейді.
Қазақ халқы – ақын халық, ән күйге жақын халық, сахарамен үндескен ат жалында бірге өскен батыр халық.
Екі ел арасындағы ұзақ уақытта шекара жабық болсада, алайда «Қара жорға», «Аю би», «Қаз би» сынды билер жат болған емес, қайта барынша дами түсті. Ол біздің ата-бабаларымыздан қалған төл туындымыз. Оны Қытай еліндегі Ясын Құмар ағамыздың зерттеулері дәлелдей түсті, Қытай қара тауының петрология мен қызыл қысаң петрология көп адам қатысқан әсем де ойнақы екпінде, топтық бидің көрінісі айқын байқалады. Алтын адам табылған Есік төңірегіндегі таңбалы тастың осындай топтық бидің фотосы бар, демек осы өңірдің ерте замандағы сақ халықтары түгелдей ән күй биге бай болған. Сюжеттері қосып «Қаражорғаның» ізін жоғалтпай жоғары өредегі сахнаға лайықтап би өнерін бір саты жоғары көтерді. 2010 жылы наурыздың 28-і он мың адамдық Қытайда билеген «Қара жорға» гинестер кітабына енді [2].
Алайда, алаңдатарлық мәселелердің ең бастысы, бүгінгі таңдағы Шыңжаңдағы қос тілдік орта қалыптасқандығында болып отыр. Оған қазақ мектептерінің азаюы мен аралас некенің көбеюі тікелей жағдай туғызып отыр: «Балаларын қытайша оқытпаса болашақта жұмысқа тұруың қиындайды, сонымен қатар балалы болуда шектеулі ұлт болашағын алаңдатып отыр» Қытайдағы қазақтар өз тіліміздің жоюлуына өзіміз жол ашамыз, ал мемлекет тілінің өз мәртебесіне көтерілуі үшін оны жетелейміз, ал іс жүзінде қазақ ұлт секілді тіліміз бар еді, қазір бәрін бірлестіре келе ортақ тіл қалыптастырып, бір миллард үш жүз миллион қытай бір тілде сөйлеп бір жазу мен дамып барады. Бұл бірлік оларға үлкен күш қуат пен өміршеңдік алып келеді [3].
Дүние жүзінің түкпір-түкпірінде әліде бірнеше мемлекеттер де өмір сүріп отырған қазақ халқының уәкілдері өздерінің ана тілдерінде ғаламторда сөйлесу үшін бір жазуды қолдана алмай отыр, бұл олардың арасының алшақтауы мен жаттасуына әкелері сөзсіз. Ал, жазу мәселесі жайында Қытайдағы қазақ зиялылары латын әріпіне көшуді жөн көріп отыр. Латынша жазу әлемдегі ең жалпыласып бара жатқан жазу ғана емес. Компьютер, интернет т.б. осы латынша жазу жобасын қазірден бастап жариялап тастаса, болашақта шетелдегі қазақ диаспорлары соған бейімделе береді деген ұсыныстарда бар. Ахмет Байтұрсын ағамыз төте жазуын қолданылады, ал Қазақстандағы туыстармен интернет арқылы болсын, телефон хабарламаларын жазу арқылы қатынас орнатуда ортақ жазу қажеттілігі туындауда, ұлттың жазуы ортақ болмаса жаһандану жағдайы да бір бірімізден алыстап, жат болып кетуіміз ғажап емес [4].
Қытай мемлекетінің зерттеу орталықтары өз елінде тұратын аз санды этностардың жан-жүйесі, әдет-ғұрпын әбден зерттеген, қазірде солардың озық мәдениеттерін дәріптеуден тынбайды, мәселе ішкі Қытайдан дайындалып шығарылған қазақтың ою-өрнегімен көмкерілген мата, кілемдер, дастарқандар қазіргі біздің базарларда халықтың сұранысын қанағаттандыруда, ал қытайлар болса сол арқылы нарықтың экономикасын дамытып жаңа кеңістіктерді жаулап алуда. Сан ғасырлар бойы біздің аналарымыз бен апаларымыз ақыл парасатымен шабытты жасампаздығына сүйеніп, кесте тоқудың өнерін кемелдендірген еді. Оны тұтыну тек үй жиһаздарында ғана қолданысқа ие болатын, ал кесте тоқу өнерінің өзіне ғана тән хас сұлулығы эстетикалық әсемділігі басқа машинка мен тоқылған тоқымалармен салыстырғанда ерекшелігімен айшықталады.
2012жылы тамыздың 2-і Шынжаң Нылқы ауданында он мың адамдық кесте тігіп, гинес кітабына тағы бір рет енді, кесте бұйымдар бүгінгі таңда Қазақстан, Ресей, Моңғолия қатарлы елдерге шығарылып сатылып жатыр [5].
2009жылы Шыңжаң Мори Қазақ Автономиялы ауданында ұлттық кестешілік басшылар тобы құрылып, өндіріс орындарын ашқан бүгінгі таңда біраз жетістіктерге жеткен 45 кәсіпорындар бар. Осы кәсіпорындардың барлығы дерлік қайырымдылық шараларына ат салысады, көмекке зәру мүгедек адамдарға қаржылай көмек көрсетіп отырады. Ұлы ойшыл Абай атамыз көшпелі Қазақ қоғамын жетілдіру жолдарын атап көрсеткен де алдымен адамгершілік қасиеттерді алдынғы орынға шығарғаны бекер емес болатын [6].
Материалдық байлыққа рухани жүдеу адам ашкөз болары анық. Қытайдағы қазақтар жер өңдеу мәдени өзгертуде өзіндік өмір сүріп отырған ортасының мол тәжірибесін жинақтағандықтан, олар лайықты техниканы да жақсы игерген, қазірдің өзінде тарихи отаны Қазақ еліне оралған қытай қазақтары сол техниканы өзімен бірге ала келіп, егін салып көкөністермен мол өнім алып отыр.
Шыңжанға емделуге көптеген Қазақ елінен науқас жанда дертіне ем іздеп, ағылып барып жатыр, өнері мен кәсіптің сан-саласын меңгерген Қытайлардан қалыспай еңбекқорлығының арқасында аға-әпекелеріміз «Қытай шығыс медицинасынның» тәсілдерін біршама меңгеріп, сол өнерін дәстүрлі Қазақ емшілігімен айналысып, зәру жандарға шипасын тигізуде. Олар халық емшілігі мен шығыс медицинасының, тәсілдерін ұштастыра отырып, тамаша жетістіктерге жеткен. Қытай қазақтар арасында ата-бабасынан үзілмей келе жатқан халық емшілігімен айналысып жүргендер аз емес, инемен емдеуді меңгерген дәрігерлер көптеп саналады. Мысалы, атадан балаға жалғасып келе жатқан оташылдық кәсібін дамытып жалғастырушы қазақ қызы Жаңагүл Әсем әпкеміз қытай елінде ғана емес шетелге де танымал. Ол қазақ оташылдық өнерімен қоса, қытайша және еуропаша емдеу тәсілдерін меңгерген маман. Американың Сан-Франчиско қаласында өткізілген дүние жүзілік ғылыми жиналысында баяндаған: «Қазақи емдеу жөнінде» атты мақаласы «Алтын сауыт» сыйлығын алып, өзі «Халықаралық ұлттық шипагер шолпаны» атағына ие болды [7].
Дегенмен де керісінше болып жатқан кері жағдайларда баршылық. Қытайдағы нарықтық экономиканың жаңалықтары онда тұратын қазақтардың діні мен ділі, өмір-салты, психологиясына әсер етпей қала алмайды. Бұл құбылыстарды үш түрге жіктеп айтуға болады; бірінші түрі – базар экономикасының толқынына түсіп, тұрмыстық күй-жәйі жақсарып, ауқаттана бастаған қазақтар, ұлттық салт-сана, мәдени-дәстүр, адамдық этиканы ескеруден гөрі экономикалық мүдесін күшейтуге, бой ұратын болған. Екінші түрі – шаруалығы біраз жақсарған қазақтар. Олар бұрыңғы байлардың тұрмысына еліктеп, атақ шығаруға әуестеніп, болымсыз іске бола аста-төк ас беріп, той жасап, ат шаптырып, бәйге беріп, қонаққа қостап, қой сою сияқты ысырапшылдықты әдетке айналдырған. Үшінші түрі – кедейлескендер өмірден торығып күй кешкендер, соған қарамастан олар көп уақытын бос өткізуге арақ ішіп, маскүнемділікке салынып, төбелес шығаруға ұрлық істеуге тіпті қылмыс жасауға үйір болып алғандар [8].
Осы қатарлы әлеуметтік құбылыстар Қытайдағы қазақтардың дүние түсінігі мен көз қарастарындағы құндылық жағдайлардың құлдырауға бет бұрғандығын көрсетеді. Этникалық-адамгершілік қасиеттері материалдық жағдайларымен өлшенуге айналған, бұндай жағымсыз үрдіс жұқпалы ауру сияқты, әсіресе біздің қазақтар бір-бірінен қалыспай той-тойлағыштық көрініп-ақ қалады, ысырапшылдыққа жол беріп, көрсе қызарлыққа салынушылық басым болып бара жатыр.
Адамның рухани жетілуінің тетіктерін іске қосу қажеттілігі туындап отыр. Адам болмысының мәні тойып ішіп-жеуімен қызыл жасылды киінуі мен әдемі машина мініп, саяхаттануымен анықталмайтыны белгілі. Қазақ болмысы қашанда кісілікті, әділеттілікті, ізгілікті басты бағдар еткен. Алайда қазіргі экономикалық шексіз байлыққа ұмтылысты арттырып, шетелдегі қазақтардың пиғыл-пейілдеріне де әсерін тигізбей қалмайды, Қытайдағы қазақ қауымының қазіргі кездегі рухани өміріндегі осындай қайшылықтармен қоса еңбек ету, отбасы құру, мансап жетілдіру сияқты құндылықтарды басты бағдар етері сөзсіз. Дегенмен, өздерінің өмір сүріп отырған елдегі нарықтық экономика заңдылығына байланысты еңбек етумен бастамашы болуға мәжбүр болуда, бұл оларды басқа жұрттар қатарынан қалмауға итермелейді.
Мәдениетті жандандыратын мүмкіндігіміз бола тұра толық пайдалана алмаймыз, көбінде формашылдыққа салынамыз. Соның салдарынан басқа ұлттардың артын бағып, салғырттық істеу дағдыға айналған, біледі-ау деген ағаларымыз өзі: «қазақ жалқау, қазақ арақкеш, қаржы жоқ» деген ұғымнан ары бара алмай жатыр, неге ғана жақсымызды ұлғайтып, басымызды дамытып, өнерімізді марапаттамаймыз? Кері кеткенмен кері бағар болсақ нар биіктен құлармыз.
Қытайдағы ұлт мәдениеті сол ұлттың белгісі, ол дамиды, жаңаланады, басқалардан өнеге алады, кемін толықтайды, сондықтан ұлт мәдениетімізді сараптау, жинақтау оны заман үрдісіне болашақ беталысқа қарай талғампаздықпен таразылап, екшеп отыруымыз қажет. Дала мәдениетінің дара тұлғасын сомдап, оны әлем мәдениетінің алтын арнасына жалғай білейік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет