I-тоқсан бойынша жиынтық бағалау Оқушының аты-жөні_______________________ Сыныбы_____ Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың құрылымы Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі: көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін тапсырмалар қолданылады.
Көп таңдауы бар тапсырмаларда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда білім алушы сөздер немесе сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар мәтінді түсінуге, өз ойын ауызша және жазбаша түрде толық, жүйелі,түсінікті етіп жеткізуге бағытталған.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар, қысқа және толық жауапты қажет ететін
4 тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма тыңдалым, екіншісі -айтылым,үшіншісі -оқылым, төртінші тапсырма жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.
Орындау уақыты:40 минут
1-тапсырма Мәтінді оқы. Тапсырма орында - Сәлем, достар! Менің атым – Аружан. Мен Қазақстаннан келдім. Менің елім - үлкен, тәуелсіз мемлекет. Біздің елімізде ормандар, көлдер, биік таулар мен кең далалар бар. Қазақ халқы –бейбітшілікті сүйеді. Біздің туымызда күн мен қыран бейнеленген. Олар – бейбітшіліктің белгісі.
- Сәлем! Менің атым – Энди. Мен Американың Огайо штатынан келдім. Огайо «үлкен өзен» дегенді білдіреді. Өйткені біздің жерімізде үлкен өзен бар. Бізде қазір ауа райы өте ыстық болып тұр.
- Менің атым – Акира. Мен Жапония елінен келдім. Біздің салт-дәстүрлеріміз көп. Аружан, мен өткен жылы Қазақстанда болдым. Қазақстан халқы маған өте ұнады.
- Иә, Акира. Біздің халық өте мейірімді әрі қонақжай. Қонақтарды қуана қарсы алады. Достар,сендермен танысқаныма өте қуаныштымын!
-Бізде қуаныштымыз!
- Біз де қуаныштымыз!
1) Сәйкестендір.
А)Сәйкестендір
Аружан
Өз елінің атауын түсіндірді
Энди
өз елінің салт-дәстүрлері туралы айтты
Акира
өз елінің табиғаты, халқы, рәмізі туралы айтты
Ә)Мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемді анықта
А) Акираға қазақ халқы өте ұнады.
В) Огайо штатында қазір ауа райы салқын.
С) Аружан өз елінің елтаңбасы туралы айтты.
D) Энди еліндегі асқар таулар туралы айтты.
2-тапсырма Жұптық жұмыс 2-тапсырма Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Менің елім -Қазақстан» тақырыбында диалогке қатыс.
Тірек сөздер:тәуелсіз,ұлт,мемлекет,шаңырақ,кең дала,биік таулар,рәміздер,елді сүю,мақтан ету
Оқылым 3-тапсыр Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Оқылым
3-тапсырма Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Ертеде әтеш пен тотықұс дос болыпты. Әтештің киімі әдемі болыпты. Ал тотықұстың әдемі киімі жоқ екен.
Бір күні тотықұс әтешке:
— Досым, мен бүгін қонаққа барамын. Маған әдемі киіміңді берші, – деді.
Әтеш досына өзінің әдемі киімдерін береді. Тотықұс әдемі қиініп, қонаққа кетеді.
— Егер ертең келмесем, дауыстап шақыр, – дейді ол әтешке.
Тотықұс көп уақыт бойы келмейді. Әтеш тотықұс естісін деп, қайта-қайта шақырады. Содан бері әтеш досы мен әдемі киімін іздеп, таңертеңнен кешке дейін шақыра береді екен.
А)Мәтін бойынша сөйлемдердің ретін белгілеп көрсет (1,2,3...)
Әтеш тотықұсты іздеп, қайта-қайта шақырады.
Тотықұс әтешке келетін уақытын айтады.
Тотықұс әтештің әдемі киімдерін сұрайды.
Ә)Сұраққа жауап жаз
Тотықұс қандай дос? Неліктен?
Білім алушы
Бағалау критерийі
Тапсырма
Дескриптор
Балл
Оқылым мәтін бойынша
1
Мәтін бойынша сәйкестендір. Мәтіннің мазмұнына сәйкес сөйлемді анықта
2
Автор ойын анықта
2
Тірек сөздерді орынды қолданады.Диалогтік сөйлеу.Тақырыпқа қатысты мәліметтерді қамтиды.
3
Мәтін бойынша жұмыс
3
Дұрыс белгіленген әр сөйлемге 1 балл қойылады.Сұраққа қатысты пікірін айтады.Өз көз қарасын негіздейді.
5
Барлығы
10
Оқу мақсаты4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсін
Ойлау дағдыларыныңБілу және түсіну
деңгейіҚолдану
Оқу мақсаты4.3.2.1 Бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсіну.
4.3.4.1* Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің іс-
әрекетінбағалауғабағытталғансұрақтар(неліктен?неүшін?