Ыбырай алтынсарин


Түйін Ұлт, халық, педагог, идея, білім, шығармалар, тәрбие, оқыту, ағартушы, әдебиет. Abstract



бет2/2
Дата31.12.2021
өлшемі47,5 Kb.
#21284
1   2
Байланысты:
Мадешова АА мақала

Түйін

Ұлт, халық, педагог, идея, білім, шығармалар, тәрбие, оқыту, ағартушы, әдебиет.



Abstract

Nationality, people, teacher, idea, education, works, education, training, educator, literature.



Ключевые слова

Нация, народ, педагог, идея, образование, произведения, воспитание, обучение, просветитель, литература.


Қазақ даласындағы алғашқы ағартушы педагог – Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойы ел Тəуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – біз үшін үлкен мереке. Ыбырай Алтынсариннің шығармалары əр баланың жүрегінен кеңінен жол тапты. Ал оның еңбегі қазақ халқының білім көкжиегінің кеңеюіне, руханимəдени жағынан гүлденуіне, экономикалық дамуына игі ықпал етті. Ыбрай Алтынсариннің прогрессивті педагогикалық идеялары ХІХ ғасырдың екінші жартысында демократиялық орыстың қоғамдық ой-пікірлерінің ықпалымен қалыптасты. Ыбырай өз замандас отандастарының ағартушылық ой-пікірлерін қуаттап, қазақ жерінде оқу-білімнің шамшырағын жақты, педагогтік-демократиялық көзқарастың негізін салды.

Ғылыммен қаруланған, əр нəрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа əсер ете алады. Ы.Алтынсарин ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанның білім беру жүйесінің дамуы мен қалыптасуына үлкен үлесін қосқан. Ыбырай Алтынсаринның қазақ халқы алдындағы еңбегі айшықталып танылып, əлдеқашан тиісті бағасын алған. Өзінің жарты ғасырдай ғана өмірінің тең жартысында өз ұлтына қызмет етуден бір сəт жалықпаған, елі мен жұртын жан-тəнімен сүйген. Ыбырай Алтынсаринның арман – мақсаты, өмірлік мүддесі халық ағартуға бағытталғандықтан істеген ісінің бəрі де бір қызықты да қиын жұмыстардың сан алуан мəселелерімен үндесіп жатады. Оның артына қалдырған жазба мұрасының бəрінің басын біріктіре қарасақ педагогиканың бөлінбейтін бөліктері – оқыту жəне тəрбиелеу теориялары, өзіндік жүйесі. Ыбырайдың ағартушылық, демократтық көзқарасында халық тағдырына қатысты ірі мақсат жатыр. Оның түсінігі бойынша, білім дегеніміз, төңіректегі ақиқатты тану.

Ыбырайдың педагогтік, ағартушылық, жазушылық көз-қарастары орыстың революцияшыл-демократтарының, озық ойлы ағартушылары мен жазушыларының шығармалары, пікірлері негізінде қалыптасты. Ол мектепке жүргенде-ақ Пушкин, Лермонтов шығармаларын оқыды. Бертін келе Герцен, Белинский, Чернышевский,Толстой еңбектерімен, Ушинский, Паульсон, Бунаков, Корф, Водовозов сияқты ағартушы-педагогтардың кітаптарымен жақсы таныс болды.

Өз еңбегінде де олардың көп нәрсені алып пайдаланған Ыбырай қазақ қоғамының феодалдық-патриархалдық күйін терең танып, оны өз замандастарының ішінде бірінші болып прогреске жетеледі. Қоғамдық жаңартудағы орыс мәдениетінің рөлін айқын түсініп, қараңғы қазақ халқы арасында оны таратудың белсенді жаршысы болды. Оның бүкіл өмірі, ағартушылық еңбегі осыған арналды. Ескішіл қараңғылықтың ортасында жалғыз жүрген Ыбырай өз ісіне бөгет болған кертартпалықтың бәріне қарсы күресе білді. Ол қазақ байларының жаңалыққа қарсылығын, кедейлерге жасап отырған зорлық-зомбылығын батыл әшкереледі. Осы негізде оның демократтық көзқарасы тереңдеді.

Қазақтың оқу-ағарту жүйесіндегі тұңғыш қайраткері бола отырып, Ыбырай орыс ағартушыларының көзқарасы негізінде жас ұрпақты тәрбиелеуге ұмтылған жаңа ғылымының іргетасын қалады. Оқулықтар көлемінде болса да, қазақтың жазба көркем әдебиетін дамытты. Орыс әдебиетінен үйрене отырып, қазақ прозасы, әсіресе оның шағын үлгілері-әңгіме мен новелланың негізін салды. Қазақ өлеңін мазмұн жағынан жаңартып, өз мақсаты үшін үгіттеуге пайдаланды. Табиғатты жырлауға арналған тұңғыш өлеңдер жазды.

Шығармаларында өз заманының шындығын жан-жақты бейнелеп, дәуірдің озық идеяларын насихаттау, феодалдық ескілік пен ел билеуші орыс шенеуніктерінің әділетсіздігін сынау арқылы Ыбырай өмірді реалистікпен суреттеген. Оның реализмінің ағартушылық сипаты педагог-жазушының бүкіл шығармашылық еңбегімен, көзқарасымен байланысты туды. Кей шығармаларда («Бай баласы мен жарлы баласы», «Залым төреге») Ыбырай орыс сыншыл реализмінің үлгісінде бетбұрыс танытты. Бұл-Ыбырай Алтынсариннің қазақ әдебиетіне орыс реализмінің суреттеу, бейнелеу жолдарын кіргізудегі тарихи еңбегі.

Ыбырайдың әдебиет саласындағы негізгі еңбегі балаларға арналған. Ол өз шығармаларында да, аудармаларын да, қазақтың ауыз әдебиетінен алған үлгілерін де балалардың ой-санасына, ұғымына лайықтап жазды. Шығарманың баланы қызықтыратын оқиғалы болуын, қысқа, тартымды жазылуын қадағалады. Мазмұны жағынан әдебиеттің бала тәрбиесіне тікелей өнеге болатын жағын ескерді. Мұнын бәрі Ыбырай Алтынсаринді қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы деп айтуға мүмкіндік береді.

Ыбырай көркем әдебиет тілінің тазалығы үшін күресті. Балаларға таза ана тілін үйретуді мақсат етті. Оның қазақ тілін былғап, татар,парсы сөздерімен араластырып жүрген діни адамдармен күресі мұны анық дәлелдейді.

Ыбырай әңгімелерінде өмір құбылысы мен адам әрекеті ешқашан дағдыдан тыс әсіреленіп, шындықтан алшақтаған емес. Оқиға өмір шындығы тұрғысынан алынып, реалистік әдіспен суреттеледі. Ыбырай әңгімелері тек мазмұн жағынан ғана құнды емес, соған қоса тіл, стиль жағынан да ерекше маңызды. Жазушы қазақтың әдеби тілінің негізін салуда да, елеулі еңбек етті. Тіл тазалығы үшін күресіп, оны ұстартты.

Ол өз шығармаларында халықтық тілдің негізгі сөздік қорын шебер пайдалана білді. Әдеби тіл қағидатын қатаң сақтады. Оқушылардың ұғымына жеңіл, әсерлі, қарапайым тілмен идеяны айқын беруі, тақырыпты таңдай білуі, оқиғаны түйінді сөздермен баяндап отыруы жазушы стилінің негізгі ерекшелігі деп айтуымыз керек.

Ыбырай халықтық мақал, мәтел, нақыл сөздерді, аңыз-әңгімелерді шебер пайдаланды. Өмір шындығын халықтық стильде жазды.

Ыбырай жалаң үгіттің ақыны емес,ол- өз кезінің ең әсерлі, ықпалды жаңашыл жазушысы. Оқушы жастардан бастап, бүкіл халыққа пайдалы ең жақсы әдет-салттарды, өмірге тиімді кәсіп түрлерін, озат оқу-білімді, адамгершілік қасиеттерді сіңіру үшін күресті. Бұл мәселелер Ыбырай кезінің сол дәуір ұсынған ең келелі де керекті жаңа тілектері еді.

Ыбырай шашқан тәлім-тәрбие ұрығы зая кеткен жоқ.Ыбырай мектебі кейін қазақ ішінде білім ошағының жүздеген жаңа орындарына негіз болды.

Ыбырай Алтынсарин-нағыз халықшыл жазушы, ағартушы, өмір шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген өз уақытының қажырлы қоғам қайраткері, өз заманының аса маңызды мәселесін көтеріп, жыр төккен азамат ақын, жаңашыл жазушы, сол жаңаның тынымсыз жаршысы. Өз бойындағы қуатын халық мақсаты үшін жұмсаған адал жанды азамат.



Ыбырай Алтынсарыұлы қазақ жастарын оқуға үндеумен қатар, адамгершілікке, достыққа, еңбекке, жігерлілікке, халқын сүюге, қысқасын айтқанда, «адам» деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып шығуға үндеді. Ол жастарға бала кезінен бастап дұрыс тəрбие бергенде ғана бұл міндеттерді іске асыруға болатындығын жақсы ұғынды. Сондықтан Ыбырай өзінің оқытушылық, ақындық, жазушылық, аудармашылық жұмыстарын осы мақсатқа бағындырды.

Қорыта айтқанда, ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің шығармашылығы жалпы адамзат өмірімен тығыз байланысты. Адамның нағыз адам атануына, өмірдегі ой-толғанысына ерекше мəн бере отырып, мысалдар келтірген. Өз халқын білім алуға, өнерге үндеуі надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кездегі əлеуметтік теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тəрбиелеуі өмірдегі ең құнды еңбегі болып табылады. Сондықтан да Ыбырай Алтынсариннің шығармалары қазақ əдебиетіміздің төрінен орын алып, қазақ жастарының жан-жақты, білімді азамат болуына өз ықпалын тигізе бермек.

«Өсер елдің ұлы өнерлі, қызы мінезді келеді» дейді дана халқымыз. Егеменді ел тірегі – білімді ұрпақ десек, тəрбиелеп отырған өрендеріміздің болашағы ХХІ ғасырмен тұстас келгеніне қуаныштымыз. Өйткені, ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер саналы тəрбие мен сапалы білім керек.
Əдебиеттер тізімі

1. Қазақстан ғылымы: Энциклопедия. І-т. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. — Алматы: Қазақ энцикл., 2009. — 103-б.

2 Сүйіншəлиев Х. Қазақ əдебиетінің тарихы: Оқулық. — Алматы: Санат, 1997. — 847-б..

3. Жəрімбетова Н. Тағдыры кермек тұлға // Егемен Қазақстан. — 2009. — 29 шілде. — 10-б. 4. Іргебаева Н. Ыбырайдың ұрпақтары байдың тұқымы ретінде қуғындалған // Аңыз адам: Жұлдыздар отбасы. —— № 17 (77). — 7–9 б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет