Ибрагимова М. Н., Нусупбаева С. А., Ахметжанов Д. Г. Қазақстан, Алматы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық



жүктеу 20.49 Kb.

Дата07.02.2017
өлшемі20.49 Kb.

    Proceedings of the International Scientific and Practical Conference     

86 


Ибрагимова М. Н., Нусупбаева С. А., Ахметжанов Д. Г. 

 

Қазақстан, Алматы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық 

универститеті 

 

ШЕТЕЛДІК ТЫҢДАУШЫЛАРҒА ТАРИХ САБАҒЫН 

ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕРІ 

 

Мақалада  тарих  пәні  сабақтарында  түрлі  әдістерді 

қолданудың тиімділігі жайлы айтылған. 

 

ХХІ  ғасыр  озық  және  жаңа  технологиялар  ғасыры 



болғандықтан, бүгінгі таңда білім жүйесінде де осы технологияларды 

заман  талабына  сай,  кеңінен  қолдану  сапалы  білімге  жетелейді. 

Әсіресе  халықаралық  деңгейдегі кредиттік жүйеге ӛткен жоғарғы оқу 

орындарында білім алушыға инновациялық үрдісте білім берудің жаңа 

жолдарын  ашары  сӛзсіз.  Ал  «инновация»  деген  ұғымға  қысқаша 

тоқталатын болсақ, бұл нақты қойылған мақсатқа, ойға алынған жаңа 

нәтиже.  «Инновация»  деген  ұғымды  кейбір  авторлар  «жаңалық», 

«жаңа  әдіс»,  «ӛзгеріс»,  «әдістеме»,  «жаңашылдық»  деп  атауға 

болатындығын атап кӛрсетеді. Демек инновациялық технологияларды 

пайдалану  дегеніміз  тек  қана  жаңа  әдіс  ойлап  табу  деген  сӛз  емес, 

сонымен  қатар  бұрын  қолданып  келген  әдістерге  жаңаша  түр  беру 

немесе сол әдіске ӛзгеріс енгізу болып табылады.  

Жылдан жылға жан-жақты дамып жатқан еліміздің білім жүйесі 

де  түрлі  жаңа  бағыттарға  бет  бұруда.  Алдымен  ЖОО-ры  кредиттік 

жүйеге бет алған болатын, енді  ЖОО-ға дейінгі білім беру мекемеле-

ріне де енгізу қолға алынып жатыр. Бұл ЖОО-ға дейінгі білім беруде 

инновациялық технологиялардың жаңа бағыттарын қарастыруды талап 

етеді.  


«Шетелдік  азаматтардың  кейбіреулері  дайындық  бӛлімінде  тіл 

үйрену  үшін  оқуы  мүмкін,  ал  ЖОО-да  оқуын  жалғастыру  үшін  білім 

алудың  ӛз  ерекшелігі  бар.  Тыңдаушы  студент  атану  үшін  тілді  оқып, 

оқығанын түсініп мазмұндап, конспект жазып үйреніп әрі еркін сӛйлей 

білуге  тырысуы  қажет.»  [1,  26]  Бұл  мақсатқа  қол  жеткізу  үшін  біз 

тарих  сабағында  интерактивті  тақта  қолдану  арқылы  сабақ  беріп, 

тақтадан  үнемі  қатесіз  кӛшіріп  алуын  қадағалаймыз.  Сабақта  мұндай 

әдіс қолдану тыңдаушыға кӛріп есте сақтау қабілетін арттырары сӛзсіз. 

Шетелден  келген  ӛзге  ұлт  ӛкілдеріне  тарихты  лекция  түрінде 

ғана  оқыту  бұл  қателік.  Ӛйткені  тарихымызға  қатысты  дүниелердің 

барлығын  құр  сӛзбен  айтып  жеткізе  алмаймыз.  Сондықтан  неғұрлым 


Scientific and Practical Results in 2014. Prospects for Their Development 

87 


кӛрнекіліктер  кӛбірек  қолдану  керек.  «Кӛрнекі  құралдар  қашанда 

педагогтің  ауызша  айтқан  сӛздерін  нақтылайтын,  бекітетін  оқыту 

әдісінің  тиімді  түрі  болып  табылады.  Кӛрнекіліктердің  ішінде  карта, 

диаграмма, кесте, таблица, плакат немесе борды пайдалану керектігін 

айтпасақ та жеткілікті» - [2, 90] Сонымен қатар олар оның аудармасын 

күтеді.  Бұл  кезде  де  бізге  проектор  арқылы  слайдтармен  тарихи 

суреттерді  кӛрсету  арқылы  түсіндіру  тыңдаушыға  сӛздік  қорының 

дамуына  ықпал  етеді.  Мысалға  ежелгі  кездегі  адамдардың  тұрмыста 

пайдаланған  заттарын,  тұрған  жерлерін  слайдтағы  суреттер  арқылы 

кӛрсетіп, «бұл не?» деген сияқты сұрақтар қою арқылы, оның жауабын 

қазақша  айтып  ӛз  тілдерінде  қалай  айтылатындығын  сұрап,  тілдік 

қорын  дамыту  технологиясын  пайдаланымыз.  Демек  тарих  пәнінің 

оқытушыларының  тілді  үйретуде  де  ӛз  үлестері  бар  екендігін 

кӛруімізге болады.  

Қорыта  келсек,  Отан  тарихын  түсіндіруде  заманауи  жаңа 

технологияларды  қолдану  –  оқытушыға  сабақты  жоғары  сапада 

ӛткізуге  пайдалы  және  тыңдаушының  түсінігіне  орасан  зор  әсерін 

тигізіп,  білім  сапасын  жоғары  деңгейде  кӛтереді.  Сонымен  қатар 

тыңдаушыларды  оқуға  ынталандыруға,  олардың  үлгерімі  мен 

қызығушылығына ықпал етеді. Сондықтан да осындай түрлі  әдістерді 

сабақта қолдану тыңдаушының тәрбиесіне де жақсы ықпал етеді деген 

ойдамыз.  

 

ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.  Мәтбек  Н.  Қ.  Шетелдіктерге  қазақ  тілін  оқытудың  озық 



әдістері.//Шетелдік  тыңдаушыларды  жаңа  тілдік  және  әлеуметтік 

ортаға  бейімдеу:тәжірибе  және  иннновациялар:  республикалық 

ғылыми-практикалық семинар материалдары.-Алматы, 2013.-188 б.  

2.  Жаппасов  Ж.  Е.,  Тасилова  Н.  А.  Жоғары  оқу  орындарында 

«Қазақстан тарихы» пәнін оқытуда кӛрнекі құралдарды пайдаланудың 

маңызы  мен  тиімділігі.//  Заманауи  білім  берудің  тиімді  әдістемелері: 

республикалық 

ғылыми-әдістемелік 

семинар 

материалдарының 

жинағы. Алматы: Ғылым ордасы, 2014.-376. 

 

 



 

 

 



 

 




©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал