39.Абай өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» деген романды кімнен аударған?
A. Александр Пушкиннен
40.Абай өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» деген романды жеке-жеке неше шығарма етіп аударған?
A. 8
41. «Рахымдылық, мейірбандық, әртүрлі істе адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай оларға болса игі еді демек –бұлар жүрек ісі», деген Абайдың қай қара сөзінде кездеседі?
A. 14 қара сөзінде
42.Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» кейінгі жылдарда бөлек өлең саналып жүрген «Интернатта оқып жүр» өлеңімен қосылып, біртұтас шығарма болып қай жылғы жинақ пен Қазан баспасынан қай жылдары жарық көрген басылымдарда жарияланды?
A. 1909 жылғы жинақ пен 1922 жылғы басылымда.
43.Абай қай өлеңінде шынға сенбей, жоққа сенетін адамдарды:
«Ақсақалдың, әкенің, білімдінің
Сөзінен сырдан тартып, тез жиренбек», – деп сынайды?
A. «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек»
44.Абай «Ал, сенейін, сенейін» өлеңін кімнен аударған?
A. Лермонтов
45. «Абай – қазақтың бас ақыны» атты мақаланың авторы кім?
A. Ахмет Байтұрсынұлы
46. «Абай – қазақтың бас ақыны» атты мақала қай жылы басылды?
A. 1913жылы
47. «Абай – қазақтың бас ақыны» атты мақала қай газетте басылды?
А. «Қазақ» газетінде
48. «Одан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» – деп басталатын мақаланың авторы кім?
A. Ахмет Байтұрсынұлы
49. «Одан асқан бұрыңғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» – деп басталатын мақала қалай аталады?
A. «Абай – қазақтың бас ақыны»
50.Санкт – Петербургте қай жылы Абай өлеңдерінің жинағы басылып шықты?
A. 1909 ж.
51.Санкт – Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның қанша өлеңі (аударма өлеңдерін қосып санағанда) басылған?
A. Жүз қырықтай
52.Санкт – Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның өлеңдерімен қоса, неше поэмасы басылған?
A. Екеу
53.Абай қай еңбегінде қазақ жерінде ислам дінінің қалай тарағандығын және оның шаманизммен байланысын арнайы талдайды?
A. «Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы»