390. Алғаш «Абай» романының сүйінші данасы шыққан, сүйінші хабарды Бейсембай Кенжебаев көзіне жас алып тұрып жеткізді деп айтқан
A.Қуандық Шаңғытбаев
391. «Абай» журналының №7 санында Мұхтар Әуезовтің пікірталасқа шақырған қандай мақаласы жарияланған еді?
A. «Ғылым тілі»
392. 1916 жылы оқыған екі жас – Мұхтар мен Даниял үйіне келгенде Шәкәрім қажының жас Мұхтарға қандай кітабын сыйлаған?
A. «Еңілік – Кебек»
393. Медеу Оразбайұлы Шәкәрім мен Мұхтардың ақылын алып, 1922 жылы Ақтан бұлағынан мектеп салып, қай жылдан бастап оқушы қабылдай бастайды?
A. 1924
394. «Мұхаңның атын көпшілікке әйгілі еткен ең алдымен, «Абай» журналы еді, – деп айтқан ғалым?
A. Ә.Марғұлан
395. 1918 жылғы №5 санында Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезовтің «Екеу» деген бүркеншік атпен жариялаған мақалаларының аты қалай?
A. «Абайдан соңғы ақындар»
396. 1916-17 жылдары ауыл- аймақтың қалада оқитын жастарын елге демалысқа келгенде Ырғызбайдың үлкені әрі ғұлама данасы Шәкәрім ақсақалға амандасуға ат басын бұрып отырған. Қарт ақынға сәлем беру, ізет білдіру жастардың салты сияқтанғанын айта келіп «Әкей жалпы жастарды, оның ішінде оқыған жастарды жақсы көретін. Семинарияда оқыған – Біләл Кұнанбаев, Нұғыман Құнанбаев, Құтайба Ибрагимов сияқты жастар келгенде, олар үйде екі –үш күндеп жататын. Ол кезде мен жас болатынмын. Өзім толық білетін кезде Мұхтар Әуезов, Даниял Ысқақов сияқты оқыған жастар келіп, бірнеше күн жатып, әкеймен әңгімелесетін» деген естелікті жазған
A. Ахат Шәкерімұлы
397. Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» песасын жазуы туралы былай деп: «Мұхтар «Еңлік –Кебекті» жазуға 1916 жылы тамызда біздін үйде кірісті» –деп мәлімдеген
A. Бөрілінің тұрғыны Разақ
398. «Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы кімнің тойында тұңғыш рет көпшілікке көрсетілді?
A. Ақыш Тұрағұлқызының
399. «Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пьесасы Шәкерім поэмасының ықпалымен жазылған деген пайымды кім былайша растайды: «Жолсыз жазадағы» Еңлік пен Кебектің диалогы ретінде келген шумақтарды Әуезовтің пьеса жазу үстінде пайдаланғаны анық байқалады. Драматург жеке тіркестерді, сөйлемдерді алып, өз қалауынша қайта құрастырған, қажетіне жаратқан»?
A. Рымғали Нұрғали