Ибраһим Жетінші қара сөзде не туралы айтылады? Құмарлық Абайдың әжесінің аты қалай?Зере «Жүрегім менің қырық жамау»


Абай мұрасының шығыстық белгілері жайлы абайтану саласында ең алғаш мақсатты түрде мәселені қойған A. М.Әуезов 342



бет40/72
Дата19.11.2022
өлшемі335,13 Kb.
#51258
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72
Байланысты:
0.Абай, жана общее

341.Абай мұрасының шығыстық белгілері жайлы абайтану саласында ең алғаш мақсатты түрде мәселені қойған
A. М.Әуезов
342.19 ғасыр әдебиеті жайында оның ішінде Абай Құнанбаев шығармашылығына тереңдеп барған ғалым
A. Қ.Мәдібай
343.Абайтанушы ғалым М.Мырзахметов өзінің қай монографиясында «Абай» мұрасының Шығысқа қатысы М.Әуезов зерттеуінде» деген тарауында былай дейді: «М.Әуезовтің Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы зерттеулері, ондағы ғылыми ойының қорлану, жетілу, жаңа сапа тауып түрбірлі пікірлерге бет алу жолына ой жіберсек, әр кезеңде әр түрлі таным тұрғысынан айтылған ой толғаныстарын да көреміз»?
A. «М.Әуезов және абайтану проблемалары»
344.Ғалым М.Мырзахметов өзінің қай жылы жазылған монографиясында «Абай» мұрасының Шығысқа қатысы М.Әуезов зерттеуінде» деген тарауда былай дейді: «М.Әуезовтің Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы зерттеулері, ондағы ғылыми ойының қорлану, жетілу, жаңа сапа тауып түрбірлі пікірлерге бет алу жолына ой жіберсек, әр кезеңде әр түрлі таным тұрғысынан айтылған ой толғаныстарын да көреміз».
A. 1982ж
345.М.Мырзахметұлы «Мұхтартану және Абай ғұмырнамасы» деген еңбегінде былай дейді: «Қазақ әдебиетінің теңдесі жоқ ұлы классигі Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың өмірбаянын толығырақ білу тілегі мен қажеттілігі ойшыл ақын қайтыс болған соң-ақ, көп ұзамай қолға алынды. Жалпы қазақ ақындарының арасында тұңғыш рет Абайға ғана баспасөзде арнайы өмірбаяндық деректер беріле де бастады» дейді.Осы салада Абай шығармаларының дүниеге келу сыры мен жазылу себептерін де өз ортасында кімнен болса да анағұрлым жетік білген, Абай өлеңдерінің қай жылы жазылғанын анықтау жолында да көп еңбек сіңірген Абайдың тұңғыш биографы – кім?
A. Кәкітай Ысқақұлы
346.Мекемтас Мырзахметұлы мұхтартану саласында да, абайтану саласында да жемісті еңбек етіп жүрген білгір ғалым. Сол себепті ғалым Мырзахметовтің әрбір пікірі салмақты, тиянақты, ойлы болып келеді. Мысалы: «Үдере даму үстіндегі қазақ кеңес әдебиетінің ірі саласына айналып отырған абайтанудың негізін қалаушы ғұлама ғалым М.Әуезовтің Абай мұрасы туралы ұлан-ғайыр ғылыми зерттеулері туған әдебиет тарихында ерекше орын алатын бірегей қайталанбас құбылысқа айналып та үлгірді. Ұлы ақын мұрасының сыры терең болмысына бойлай еніп, ғылыми зертетулерімен бірге тарихи шындықты бойына дарытқан суреткерлік құдіретімен, көркемдік шындыққа айналдыру арқылы көркемөнердің көптеген жанрында теңдесі жоқ қайталанбас туындыларымен рухани жан дүниемізді айтарлықтай байытты» деген пікірі қай зертеу еңбегінен?
A. «Абайтанудың бірегей зерттеушісі»
347.Белгілі ғалым М.Мырзахметов қай еңбегінде «Абайтанудың іргелі саласына айналып отырған ақын шығармаларының текстологиясы жөніндегі аса қиын да күрделі проблемаларын тұтас қамтитын Абай өлеңдерін жинау, екшеп толықтыру, тұңғыш толық басылымдарын дайындау, түсініктер жазудағы ізденістері мен осы саладағы арнаулы зерттеулерін қамтиды» деп айтқан?
A. «Мұхтартану және Абай ғұмырнамасы»
348.Белгілі ғалым М.Мырзахметов қай еңбегінде «Абайдың тұңғыш ғылыми өмірбаянын жазу үстінде алғашқы биограф, тарихшы ретінде көптеген ақын замандастарымен бетпе-бет кездесіп, тікелей тілдесу, жүзбе-жүз әңгімелесу арқылы естеліктер жинау, жаздырып алу, соларға орай тарихи деректер көзін іздестіру әрекеті жатады» деп айтқан?
A. «Мұхтартану және Абай ғұмырнамасы»
349.Белгілі ғалым М.Мырзахметов қай еңбегінде «Абайдың әдеби мұрасы жайлы арнайы ғылыми зерттеу жұмыстарын, негізінен сегіз түрлі проблема шеңберінде жүргізе отырып, әр жылдар айтылған ой-пікірлерін қорытындылау және де ұзақ жылдар бойы жоғары оқу орындарында абайтанудың арнайы курсы мен арнайы семинар сабақтарын өткізумен айналысу. Абай мұрасы жайлы зертетулерге басшылық ету, аспиранттар мен ізденушілерге жетекшілік ету өз алдына дербес бір мәселе» деп айтқан?
A. «Мұхтартану және Абай ғұмырнамасы»
350.Белгілі ғалым М.Мырзахметов қай еңбегінде «Жоғарыда айтылған әр саладағы зерттеулердің ғылыми нәтижесіне сүйене отырып, Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы көркемөнер саласының әрқилы жанрында жазылған туындылары өз алдына бір әлемді құрайды. М.Әуезовтің ұлы ақын өмірі мен әдеби мұрасын зерттеу саласындағы бірегей табысы әрине XX ғасырдың көркем ойындағы қол жетпес шыңына айналған атақты «Абай жолы» эпопеясында жатыр» деп айтқан?
A. «Мұхтартану және Абай ғұмырнамасы»
351.«Ұлы ақын өмірі мен шығармаларын ғылымның бұған дейінгі жетістіктеріне сүйене отырып, тереңдеп тексеретін сала-сала тақырыптар бар.Ол тақырыптардан бір қаншасын ұлы жазушы, үлкен ғалым М.Әуезов өзінің еңбектерінде ертелі-кешті айтып, ескертіп отырған, негізгі ойлар мен желілерді тізіп көрсеткен» – деген пікірдің авторы
A. Мекемтас Мырзахметұлы
352.Көрнекті ғалым, абайтанушы әрі мұхтартанушы Мекемтас Мырзахметұлы қай монографиялық еңбегінде «Абай және Әуезов: рухани сабақтастық» деген мақаласында «толық адам» терминін М.Әуезов қалай зерттегенін, екі ұлы тұлға танымындағы тамырластық тарихы мен талғамы төңірегінде ой өрбітіп, келешек алдына келелі мәселе қояды?
A. «Әуезов және Абай»
353.Көрнекті ғалым, абайтанушы әрі мұхтартанушы Мекемтас Мырзахметұлы қай монографиялық еңбегінде «Абай мен Әуезовтің рухани сабақтастығының басы олардың сөйлеу тіліндегі рухани тұтастықта жатыр. Абай шығармаларындағы сөздік қордың бәрі де М.Әуезовтің сөздік қорының үйірінен табылады. Бірақ құрғақ қайталанбайды, қайта сыңғырлап аққан бұлақтай үйлесім тауып, өнерлі тілге айналады. Абай поэзиясындағы ақындық тіл М.Әуезов прозасында жаңарып кестеленіп барып қолданысқа түскен тілдегі табиғи үйлесімді танимыз. Әрине, бұл тіл өнерінің күшімен пайда болған рухани құбылыс...», – дейді?
A. «Әуезов және Абай»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет