Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы



Pdf көрінісі
бет20/75
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#14909
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   75
1-жаттығу. Көп нүктенің қойылу себебін түсіндіріңіздер. 

 

Аттан  түсе  бере  бұлар  тас  басына  тегіс  аңырап,  қарап  тұрған  жиынды 

көріп, өздері де солай қадалды. Бір кезде шекпеннің етегі қанаттай боп шалқи 

шашылып, құлап келе жатқан дене көрінді. Жиренше атты байлай сала топқа 

қарай жүгіргенде, Абай көзін басып отыра кетті...Бітті, өлді... 

Себепсіз жымия күліп, осы топты Абай көше ортасында аңырап, тосып 

қалды. Бірақ топ ішінен мұны байқап, елеген бір жан да жоқ. Аяқтары шыны 

қарды шақыр-шұқыр басып жақындап қалды. Абай енді байқады. Бар топтың 

ентелеп қамағаны – үлкен ақ сақалды, келісті қарт екен... Өзі де күліп, топты 

да күлдіріп келе жатқан сол. 

Бір  тосын,  ғажап  нəрсе  –  шалды  екі  жағынан  қолтықтасып  келеді.  Шал 

өзі  басын  тік  ұстап,  ілгері  басып  келе  жатқаны  болмаса,  ешқандай  бет 




 

21 


 

бұрмайды.  Сөйлегенде  де  ешкімге  қарамай,  тура  бет  алдына  қарай  сөйлеп 

келеді... 

Абай  мынадай  өзгеше  шалды  бірталай  аңырап,  қайран  қап  тұрып  зорға 

аңғарды. Қарт соқыр екен... 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет