Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы



Pdf көрінісі
бет43/75
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#14909
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   75
Тапсырма:

 

Нүктелі үтірдің қолданысын негізге ала отырып, кестені  толтырыңыз. 

 



 

41 


 

 

 



Мəтінмен жұмыс 

 

«



Талаптың мініп тұлпарын» тақырыбында ой толғаңыз.

 

 

 

Қырық төртінші сөз 

 

Адам  баласының  ең  жаманы  –  талапсыз.  Талап  қылушылар  да  неше 

түрлі  болады.  Һəм  талаптың  өзі  де  түрлі-түрлі.  Һəм  сол  талаптардың 

қайсысының  соңына  түссе  де,  бірінен-бір  өнерлі,  тұрлаулырақ  келеді.  Уа, 

лəкин адам баласы я талапты, я талапсыз болсын, əйтеуір «бəрекелдіні» керек 

қылмайтұғыны  болмайды.  Əрнешік,  орынсыз  ба,  орынды  ма  «бəрекелді» 

деушіні көңіл іздеп тұрады. 

Адам баласы өзі қай жолда, қай майданда жүрсе, сол майдандағы кісімен 

сырлас  болады.  Оның  үшін  өзге  жолдағылардан  «бəрекелдіні»  оңды 

күтпейді.  Маған  «бəрекелді»  десе,  өзіммен  серіктес,  сырлас  осылар 

«бəрекелді» дер дейді. 

Талаптың  ішінде  адам  баласы  көбінесе  басына  кəдір  іздеп,  сол  талапта 

болады.  Біреуі  мал  қуып  жатыр.  Сараңдықпен,  арамдықпен,  əйтеуір  мал 

тапсам, «Мал тапқан ердің жазығы жоқ» дейтұғын, «Малдының беті жарық» 

дейтұғын  мақалға  сеніп,  халықтың  түріне  қарай,  ит  те  болса,  малдыны  сөге 

алмайды деп, бұл мал һəм пайда, һəм қасиет болады бойыма дейді. Мұнысы 

рас,  қазақтың  өз  құлқынына  қарағанда,  бірақ  адамдыққа,  ақылға  қарағанда, 

қазақ түгіл, көңіл жиіркендіретін іс. 

Осыған орай біреу қажеке атанамын, біреу батыреке атанамын, біреулер 

білгіш,  қу,  сұм  атанамын  деп  сол  харакетте  жүр.  Əрқайсысы    қазаққа 

бұлдамақ  та  болып,  басына  «осыным  бірсыпыра  елеу  азық  болар»  деген 

талаппен қылып жүр. 

Мұнысы  қазақтың  тамырын  ұстап-ұстап  қарайды-дағы,  «мынаны  алып 

келіп берсе, қымбат алғандай екен, осы күнде мына бір істің біраз пұлы бар 

екен» деп, қазақтың бетінен оқып іздеген талап емес. 

Оның үшін кітап сөзімен ізденген талап болса, əуелі көкіректі тазалау керек 

дейді, одан соң ғибадат қыл дейді. 

Нүктелі үтір 

1. 

 






 

42 


 

Қазақтың  бетіне  қарап,  содан  оқыған  болса,  ол  талабыңды  қыла  бер, 

көкіректі  дым  тазалаймын  деме,  оны  кім  көріп  жатыр,  ішінде  қатпар  көп 

болмаса,  құт-берекеге  жағымды  болмайды  дейді.  Енді  осыған  қарап  қайдан 

оқып, ұмтылған талап екенін білерсің. 

 

Сызықша 



 

Сызықша  –  сөйлемдегі  белгілі  сөзді,  сөйлемді,  сөйлем  мүшесін 

ерекшелеп,  даралап,  бөліп  көрсету  үшін  жəне  қызметі  бірдей,  мағынасы 

ыңғайлас  сөздерді  жинақтап,  топтап,  тұжырымдап  айту  үшін  қойылатын 

белгі.  Сондықтан  ол  сөйлемнің  құрылысына  да,  сөйлемдегі  жеке  сөздердің 

мағынасына да, дауыс ырғағына да байланысты болып келеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет