Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы



Pdf көрінісі
бет52/75
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#14909
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   75
1-жаттығу.  Сызықшаның қойылу себебін түсіндіріңіздер.

 

 

Бола алсаң – ол болма, адам бол!(М.Ə) Адал ұл ер боп шықса – ел тірегі. 

Жауды  өлтірсең  –  өлімнен  құтылдың,  өлтірмесең  –  өлімге  тұтылдың.  Адам 

танысаң  –  адал  танығын.  (Б.М.)  Туыс  келеді  –  ол  да  бірдеңе  сұрайды. 

Қозғалғысы  келеді,  –  қозғала  алмайды,  сөйлегісі  келеді,  –  үні 

шықпайды.(Т.Ə.)  Қысқа  тұжырылған  ойлардың  жақсылығы  сол  –  олар 

салауатты  оқырманның  өзін  ойлануға  мəжбүр  етеді.  (Л.Н.Толстой.)  Ғұмыр 

бойы  бақытты  болғың  келсе  –  адал  адам  бол.(Т.Фуллер).  Оқуға  бар  ынта-

жігеріңді  сал  –  сенің  бойыңа  сол  жарасады(В.А.Сухомлинский)  .  Ақылды 

жауап алғың келсе – ақылмен сұра( И.Гете).  

Бақытым ғой Қарасаз келіп қонған, 

Кисем – киім, ішсем – ас, көлік болған.(М.М.) 

 

2-жаттығу.    Тиісті  тыныс  белгісін  қойыңыздар.Сызықшаның  қойылу  себебін 



түсіндіріңіздер. 

 

Майданда кейбір жүрексіздер қолында қаруы бола тұрып, жаумен бетпе-

бет  ұшырасуға  дəті  шыдамай,  зəресі  ұшып  қорқады  да,  өз  ықтиярымен 



 

48 


 

күрестен  бас  тартады    дұшпанына  өзі  барып  тұтқын  болады.  Көбірек  еңбек 

етсең    мен  білгенді  сен  өзің  де  игеріп  алар  едің.  Қар  қанша  қалың 

жауғанымен   жазға бармас, гүлденіп өскен бəйшешек   күзге бармас.  

Мадақтаса   елге даңқың жетеді, 

Егер сөксе  масқара, қор етеді. 

Бірнеше  адым  артқа  жүріп  дауыстадым      түк  тіршілік  жоқ.  Қарды  омбылап 

əрі  барамын,  бері  барамын    қолыма  шана  ілінбейді.  Сонымен  не  керек  ары 

жаттық,  бері  жаттық    снаряд  жарылмады.    (Ə.Н.)  Ат  басына  күн  туса 

ауыздықпен  су  ішер    ер  басына  күн  туса    етікпенен  су  кешер.  Егер  соқпаса  

дұшпандарының  отына  май  құйғаны.(С.М.)  Əкемнің  сондағы  айтқанын  мен 

əлі ұмытқаным жоқ  кəрі шөңгенің бір сұмдығы сол   ол кірген жерді бойлата 

тіліп,  арсита  ашып  барып  түбірімен  қопарып  алып  тастамаса,  кəрі  шөңге 

суырғанға келмейтін көрінеді. 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет