Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы



Pdf көрінісі
бет58/75
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#14909
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   75
1-жаттығу.  Тыныс белгісінің қойылу себебін түсіндіріңіздер. 

 

Ежелден  мəлім:  қай  ауылдың  үстінде  сияз  болса,  сол  ауыл  мол 

шығасылы  болмақ.  Осымен  төрт-бес  күн  өткен  шамада:  «Бөжей  де  келіпті» 

деген  хабар  жетті.  Баратын  малды  айтқанда:  жетпіс  жылқы,  отыз  түйе 

аталды.  Сол  үйлердің  қонақасысы:  қысырдың  семіз  тайынан,  құнан  қой,  ту 

қойлардан,  үйіткен  марқадан  басталды.Айтпағым:  өлең  дегенді  аса  бір 

сүймейтін  кісі  сенің  əкең  еді.  Бұл  қонақтар  Абайдың  қазіргі  уақыттағы 

жолдастары,  жас  жігіттер:  Ербол,  Жиренше,  Асылбек  жəне  Базаралы 

болатын.  Ол  белгілер:  ұшып  өлген  ешкі,  лақ,  арық  тоқтының  өлімтігі.  Тек 

қана  ендігі  шара:  түн  күзетіне  сақ  болу  еді.  Құнанбай  мен  Байсалдардың 

ақылын  тауысқан  бір  нəрсе:  мал  алушы  жаулардың  бірде-бір  уақыт  көзге 

түспейтін тығылғыштығы болатын. Құнанбай қасындағы ылғи қарт серіктері: 

бастығы Қаратай, жорға Жұмабай, Жақып сияқтылар. Бұны бала күнінен өз 

аулында, кедей ата-ана үйінде айтқанда, ешбір жан кінə қып көрген емес-ті: 




 

52 


 

жуан  ауыл  əнге  де  жуандық,  зорлық  етеді  екен.  Бағанадан  Оралбайға 

айтқаны:  оның  қиналып,  ойланып  айтқан  кеңесі  емес-ті.    Абай  мен  Ерболға 

аса  қатты  ұнап,  қайран  қалдырғаны  :  бар  əнші  жиылып  бір-ақ  əнді  айтады. 

Қыстыгүні  бұл  жерлерді  қалың  жылқы,  Оразбайлардың  елу-алпыс  мыңдай 

жылқылары да мекен ететіні сол: қыртысы қалың, жайылысы бетеге, көдесі,  

ақоты  көп  болғандықтан.  Қала  қазағының  сахарадағы  туыстарынан  əлі 

өзгеріп кетпеген бір қасиеті сол: шама келгенінше өлердей қонақшыл. (М.Ə.) 

 

2-жаттығу.  Қажет жеріне қос нүкте  қойыңыздар. 

 

Хатшының  орысша  сөзі  шындықтың  бетін  біржола  ашқан,  тура  əңгіме 

болды  манадан  бергі  айтылған  сөзге  қарағанда  əлдеқайда  əсерлі  шығып, 

ұрыстың  ең  соңына  сақталған  құпия  қарудай  Əбеннің  есін  бірден  жиғызды. 

(Т.Ə.)  Мен  өзімнің  ұстазыма  əкемнен  кем  қарыздар  емеспін  əкемнен  өмір 

алсам,  ал  Аристотельден  өмірімді  жақсы  өткізу  туралы  білім 

алдым(А.Македонский).  Адамға  шын  мəнінде  білімдар  болуы  үшін  үш 

қасиет    жан-жақты  білім,  ойлауға  дағдыланғандық  жəне  сезім  дарқандығы 

қажет (Н.Г.Чернышевский).  

Ондай қиянатқа қолым бармады ертең операцияға түсетінімді сол себепті де 

айтпадым саған. Шаһзада үңгірден үшінші рет шыққанда тағы бір сұмдықты 

көреді  бір  топ  адам  жылап-сықтап,  шаштарын  жұлып,  беттерін  тырнап, 

зарлап барады екен. Бұл жағынан алып қарасақ  менің ауырып қалғаным зиян 

емес,  қайта  өзіме  пайдалы  болды  ма  деп  ойлаймын.  Əйтеуір  бұл  кезе  мен  

жанға  нəр,  бойға  қуат  беретін  нұрлы  сөздер  тек  өмірге  ғашық  адамдардың 

ғана аузынан түсетін шығар деп ойлайтынмын. 

Əсіресе  біздің  алдымыздағы  жаяу  əскер  жатқан  жердің  сау-тамтығы  жоқ 

шұрқ-шұрқ шұңқырдан аяқ алып жүргісіз.(Ə.Н.)  Рухани əлемде екі бағыт бар  

бірі  –  пенделік  мүдде,  екіншісі  –  биік  парасат  пен  ізгілік  құдіреті.  Бірақ 

қамыс тұрған жерге біз бара алмаймыз  суы терең.(Ө.Қ.) 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет