Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы


-жаттығу.  Хатта не жайлы айтылған? Не себепті тырнақша қойылып тұр?



Pdf көрінісі
бет70/75
Дата06.01.2022
өлшемі0,63 Mb.
#14909
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75
5-жаттығу.  Хатта не жайлы айтылған? Не себепті тырнақша қойылып тұр? 

Дəлелдеңіз. 

 

«Ардақты Мұхтар аға! 




 

61 


 

Жазған хатыңызды алып, өте шабыттанып, төбем көкке, қолым қияға 

жеткендей болып отырмын. Хатыңызға көп рақмет. Мені əсіресе, қуантқан 

жай  –  Сіз  менің  хатымды  алып,  менің  жаманды-жақсылы  пікіріме  толық 

түсінгенге  ұқсайсыз:  Отан  соғысын  тақырыпқа  алып  еңбек  етемін.  Ол 

еңбекті  ат  үстінен  емес,  əбден  терең  мағына-мазмұнына  төселіп,  білім 

алып бастаймын деген ниетіңіз, талабыңыз мені өте қуантады. Сіз сияқты 

қазақ  əдебиетінің  полковнигі  шынында  солай  істемеуіне  де  болмайды. 

Сырттан  қарап,  көргенге  қызығып,  терең  тексермей,  шын-өтірігін 

араластыра  бес-алты  күндік  өмірі  бар  шығарма  жазу  –  əдебиет 

ефрейторлары  мен  сержанттарының  қызметі  емес  пе?  Ал,  Сіз,  құдайға 

шүкір,  полковниксіз  ғой.  Талабыңыздың  орындалуына  тілектеспін.  Сіздің 

қолдан  шыққан  көркем,  тарихи  еңбек  болашақта  жалғыз  қазақ  əдебиеті 

ғана  емес,  барлық  əдебиеттің  ішінде  төрден  орын  алып,  жалғыз  біз  емес, 

біздің  немере-шөберелерімізге  үлкен  үлгі,  насихат  дастан  болып,  бірнеше 

ғасыр өмір сүретініне кəміл сенемін... 

Хатыңызға, талабыңызға бас иіп, сəлем беруші Бауыржан.  

18. 8. 1942 жыл.»  (Ə.Н.). 

 

6-жаттығу.  Хат  мазмұнында  баяндалған  жайттарға  сіздің  көзқарасыңыз 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет