Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата22.12.2016
өлшемі0,63 Mb.
#71
1   2   3   4   5   6   7   8

 

 

 



1-жаттығу. Үтірдің қойылу себебін түсіндіріңіздер. 

 

Осыдан басқа не бір дыбыс, не қозғалыс, не бір сөзбен сыр берген жоқ. 

Ауыл  сыртындағы  көгалға  апарып,  қағып-соғып  тазалаған  кілем,  тұскиіз, 

алаша,  текемет,  жаңа  сырмақтар  көрінеді.  Күрең  барқыт  желетке  мен  ақ 

көйлек,  кең  бешпет  өзінше  бір  келісті  көрнек,  жарастық  бергендей.  (М.Ə.) 

Өмірден  де,  табиғаттан  да,  адамдардың  жүзінен  де  осы  күнге  дейін  көрмей 

келген ізгілікті, сұлулықты, жылылықты аңғардым.  (Н.К.) Көңілімде өкініш 

те, реніш те жоқ. (Т.Ə.)   

 

Тапсырма.  Үтір  қойылмайтын  жағдайларға  көркем  əдебиеттен  мысалдар 

жазыңыздар. 

 

 



2. Оқшау сөздерге байланысты қойылатын үтір 

 

1.Қаратпа сөздерге байланысты 

қойылатын үтір 

а)  Қаратпа  сөз  сөйлемнің  басын-

да келсе, үтір одан кейін қойылады. 

 

 



ə)  Қаратпа  сөз  сөйлемнің  орта-

сында  келсе,  үтір  екі  жағынан 

қойылады. 

      б) Қаратпа сөз сөйлемнің соңында 

келсе, үтір оның алдынан қойылады. 

 

 



 

-  Əже,  Ырысбектікіне  мен  де 

барайын  ба?  –  Шырақтарым,  жұ-

мысты 

тоқтатпаңдар! 

(С.Мұратбеков). 

 

-  Іше  ғой,  айналайын,  тағы 



ішші.    –  Асықпаңыз,  ата,  бала-

ларыңызды 

əлі-ақ 

көресіз 

(С.Мұратбеков). 

 

-  Талаптарың  жақсы  екен, 

балалар! (С.Мұратбеков.) 

 

2. 



Қыстырма 

сөздерге 

байланысты қойылатын үтір 

Қыстырма  сөздер,  өздерінің  аты 

айтып  тұрғандай,  айтушының  сөй-

лемдегі ойға өзіндік пікірін білдіреді. 

Сондықтан олар үтірмен оқшауланып 

тұрады. Қыстырма сөздердегі үтірдің 

 

 

 



 

 

 



 

 


 

31 


 

орны: 


а)Қыстырма 

сөз 


сөйлемнің 

басында  келсе,  үтір  одан  кейін 

қойылады. 

ə)Қыстырма 

сөз 

сөйлемнің 



ортасында  келсе,  үтір  екі  жағынан 

қойылады. 

 

б)Қыстырма 



сөз 

сөйлемнің 

соңында 

келсе, 


үтір 

алдынан 


қойылады. 

 

 



Амал не, кітапты қойныма тықтым 

да, жатаққа келдім (Қ.Ысқақов). 

 

Бұл,  шынында  да,  Нартай  біле  бер-

мейтін даңалық еді (Қ.Жүмаділов). 

 

Аман-есен  жүріп  жатыр  ма, 



əйтеуір (Қ.Жүмаділов). 

 

3. 



Одағайға 

байланысты 

қойылатын үтір 

Одағайлар  көбінесе  сөйлем  басында 

келеді  жəне  адамның  көңіл  күйі 

сезімдерін  білдіретін  болғандықтан, 

көтеріңкі  интонациямен  айтылады. 

Дауыс  ырғағы  көтеріңкі  болғанда, 

одағайдан соң леп белгісі қойылады. 

Одағай 


көп 

жағдайда 

қаратпа 

сөздермен  қатар  келеді.  Мұндай 

жағдайда  одағай  мен  қаратпа  сөздің 

арасына үтір қойылады. 

Одағай сөйлемнің басында келсе, 

үтір одан кейін, ал сөйлем ортасында 

келсе,  үтір  екі  жағынан  қойылады. 

Сөйлем  соңында  тұрған  одағайдың 

алдында үтір қойылады. 

 

 



 

 

-  Əй,  əже-ай,  жоқты  сұрайсың 

(Б.Майлин). 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Ойбай, 



Шегендей 

емес 

шығарсың.  Ол  қандай  үн  болғаны, 

апыр-ау? Білем, е, білем! 

 

 

 



 

1-жаттығу.  Оқшау сөздің түрлеріне ажыратыңыздар. 

 

Бірақ, тегінде, меншік бар да, келісім бар ғой, ақсақал. Абай, шынында 

да, дəл осы кезде өзін-өзі бар сырқаттан құлантаза боп арылғандай, нық бір 

қайрат  жиып  алғандай  сезді.  Шынында,  бұл  мінез  ырықтан  шығып,  құрық 

əкету. Жақыптың айтуынша, əке бастайтын іс бар да, бала кірісетін іс бар. 

-  Əттең,  Абай-ай,  кеше  əкең  болыс  бол  дегенде  болмаймын  деп,  бас 

тартқаныңды  қайтейін?!  Бірақ,  осындай  аямастық  жаулықтың  орайы  болар 

деп ойлай ма, сірə, жоқ па? деп бір тоқтады.  

- Ең əуелі, арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды 

арзан ұстайсың... Екінші, дос пен қасты сараптамайсың. Досқа досша, қасқа 

қасша қырың жоқ... Үшінші, орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. 

Дін,  мұсылман  жат  санайтынын  ескермейсің!–  деді.  Абайдың  байқауынша, 



 

32 


 

бұның  өз  көңіліндегі  көпшілік  ажары  мазасыз  ұлыққа  да,  оның  өрескел, 

қатал,  қамшы  жұмсағыш  қол  қимылына  да  наразы.  Ағайында  есіркейін  деп 

отырған бірде-бір жан жоқ, қысқасы, тірі жүрсе де өліге тең.  

 

2-жаттығу.    Оқшау  сөздерге  байланысты  үтірдің  қолданысын  сызба  арқылы 

көрсетіңіздер 

 

Сөз басында 

Сөз ортасында 

Сөз аяғында 

 

- Ал ендеше, алақай! Апам ойна деді. Кел, балалар, тағы ойнайық, тағы 



əлгі тəттімізді тартайық! –деп Əбішке қарады.  

-  Базеке-ау,  сіз  сөйлесеңіз,  ақындар  кезегімді  алып  қойды  демейді.  Рас, 

қыстың ортасына шейін ғана бұл  жерлерді Тобықты жылқысы мекен етеді. 

Оған жақсы да жетер, жаман да жетер, бəлки! Əрине, жақсы жақсылығымен, 

жаман  өзінің  жамандығымен  жету  себепті,  əрқайсысы  өзіне  тиісті  орайын 

алар.  Анығында,сол  жаяу-жалпы,  жоқ-жітік,  қалың  ел,  атақсыз  көптің  осы 

күндерде Абаймен жыласуы өзгеше. Дəрменнің байқауынша, Абайдың ендігі 

күндері, ой-дүниесі, жүрек дерті бір үлкен сергелдең мен сенделу халінде. 

Бəлкім,  осындай  əңгімемен  көңіліндегі  көмескі,  көлеңкелі  сəттерді  қуатын 

шығар. – Уһ! Астапыралла-ай, мұндай боранды кім көрген. – Оу, Бауыржан-

ау, өзің құйма құлақ екенсің ғой, шырағым, – деп Құлжабай арқамнан қақты.  

Бір көрікті қыз кездесіп еді, өкінішке орай, ақылы шамалылау болып шықты. 

Бəлкім,  біздің  үйге  келген  жігіт  əдеп  сақтап  тартынған  шығар.  Шіркін,  он 

кісінің  ортасына  түссең  де,  оңайлықпен  беріспей,  күшіңе  айланы  астар  етіп 

сытылып  шыққанға  не  жетсін.  Өкінішке  орай,  біздің  арамызда  да  осындай 

өсекке  елігіп,  жалаға  алданып,  жау  қиянатына  бас  шұлғитын,  санасы 

жетпегендер кездеседі. Əкемнің айтуынша, ол ерте хат танып, кітап оқыпты. 

Шамасы, Айшалар, əпкемдер болу керек. (Б.М.) О, тəңірім, мынау жорық биі 

ғой!  Қысқасы,  қоғам  илеп-илеп,  бұдан  өзіне  керек  адам  жасап  алды.(Т.Ə.) 

Мүмкін,  ол  ешқандай  жіпті  үзбеген  шығар  (С.Е.)  Бұл  əңгімені  бір  сендерге 

емес, осы өмірімнің ішінде мың адамға айтқан шығармын деймін, амал не, бұ 

жұрт баяғы бір бəдік қауесетті əлі қайталай беретін көрінеді.(М.М.)  

 

3-жаттығу.    Тиісті  тыныс  белгісін  қойыңыздар.  Оқшау  сөздерді  түрлеріне  қарай 

ажыратыңыздар. 

 

Ей  өлең  маған тиген еншім едің  

Бой жазайын  қасыма келші менің 

Менің саған шамалы жақсылығым 

Сен де маған əрине  көншімедің. 

 

Алдама мені ақ сағым 



Арбама енді алыстан 

 

Сірə мен байқамаспын байқамадым, 



Қайтейін айтарымды айта алмадым. 

 

33 


 

 

Амал қанша сен маған бағынбайсың, 



Мен саған қажет емес жалынбайсың. 

 

Мүмкін сен өтерсің де соқпақтардан, 



Ұшарсың шығарсың да темір тордан 

 

Амансың ба ақ таңым  ақ періштем  



Мен көркіңе қараймын мақтанышпен... 

Оят мені  нұрлы таң күнде келіп, 

Бақытынан құр қалып қалмасын деп (Т.М.) 

 

4-жаттығу.  Қыстырма сөздерді мағыналық түрлеріне қарай жіктеңіздер. 

 

Рас,  мұндай  қатерлі  науқас  адамның  бойына  ғана  емес,  ақыл-ойына  да 



запыран  зəрін  құйып,  аяусыз  улап  тастайды  екен.  Əрине,  адамның  қашанда 

басы  аман,  бауыры  бүтін  боп,  ауырмай-сырқамай  айдарынан  жел  есіп 

жүргеніне  не  жетсін.  Бірақ  ғұмырында,  сірə,  мұрттай  ұшып  ауырып 

көрмеген,  өзін  науқас  қаттырақ  қысып,  жаны  жарға  таянбаған  адам  көп 

нəрсені  терең  түсіне  де,  сезіне  де  алмайтын  шығар.    Жұрттың  айтуынша, 

профессор  əдетте  кеселі  тым  асқынып  кеткен,  операциядан  тірі  шығуы 

дүдəмал    науқастармен  ғана  сыпайылық  сақтап,  жылы  шыраймен, 

«жақсылап»  сөйлеседі  екен.  Демек,  мен  ертеңгі  операцияның  өзінен  емес, 

профессордың мені əлденеге қиғысы келмегендей-ақ іштей мүсіркеп тұрған, 

мейірімге  толы  көздерінен  үрейленіп  кетсем  керек.  Мүмкін,  кімнің  қорқақ, 

кімнің батыр екенін тек төбеден төнген өлім қаупі ғана анықтайтын шығар. 

Дəлірек айтсақ, адамдар бақытсыз боп қалам ба деп үрейленеді екен.  Бірақ, 

өкінішке  орай,  науқасым  мен  ойлағандай  жеңіл-желпі  болып  шықпады. 

Біздер де оның өтінішін екі еткен емеспіз, сірə. Əрине, мен қазір бүкіл жан-

дүниесі,  ой-сезімі,  ақыл-парасаты,  о  бастан-ақ  күн  шұғыласынан  жаралған, 

өздері  де  жан-жағына  мейірім-шарапатын  шашып  жүретін,  жаны  нұрлы 

адамдар  хақында  айтып  отырмын.  Меніңше,  жайшылықта,  қауіп-қатер  жоқ 

кезде шешіле қоймайтын жалғыз ғана өмір жұмбағы бар. Тегінде, сол дұрыс 

болар.  

 

5-Жаттығу.  Тиісті тыныс белгісін қойыңыздар. 

 

Меніңше  темірдей  төзімділік  пен  болаттай  беріктіктің  тамыры  біз 



ойлағаннан  гөрі  əлдеқайда  тереңде  жатыр.  Ұзақ  түнге  кірпік  қақпай  аузына 

сыймай  ісіп  кеткен  əлсіз  тілмен  кітап  беттерін  жалап  ашпай  тұрып  мені 

түсіну қиын болар  сірə. Мен өзім сау-саламат жүргенде  сірə  бүйтіп қуанып 

көрген  емеспін.  Мүмкін  əбден  өмірдің  зəрін  тартып  барып    қол  жеткен 

қуаныш  жайшылық  кездегіден  гөрі  артықтау  боп  көрінетін  шығар.  Шындап 

келгенде  менің сенен бір ғана артықшылығым бар-ау деймін. Жалпы  арғы 

ата-бабаларымыз кеңпейілді  жомарттық қасиеттерді жақсы көрген сияқты. 


 

34 


 

-  Қалқам    көп  кешікпей  кел    мен  шайыңды  жасап  даяр  етіп 

отырамын.(Ə.Н.)  

Мəселен    өз  мінің  мен  қателігіңді  мойындаудан  қорықпау    өзгеге 

қаталдық емес(одан оңай не бар), өзіңе қаталдық көрсете білу  өзіңді жазалай 

білу қысқасы  ең алдымен өзіңді өзің жеңе білу – мұның бəрі ерлікке жатпай 

ма?  (Т.Ə.)  Жалпы  алғанда    көрмеген  аз  жылда  ауыл  өміріне  бірталай 

жаңалықтар  кірген.(С.М.)  Бəлки    бұл  ауылдың  тоғыз  хаттағыдай  қимыжық 

сырларын ол жалғыз білетін шығар.(Б.Қ) Үлкендердің айтуына қарағанда əр 

өркешінен төрт пұттан астам май түскенге ұқсайды.(Ө.Қ.)  

 

 

3. Оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір 



 

Оңашаланған айқындауыш –  өзі-

нің  алдында  тұрған  мүшені  мезгіл, 

мекен,  заттық  мағына  жағынан  дə-

лелдеп,  айқындап  тұратын  сөздер. 

Сол  себепті  олар  қай  мүшені 

айқындаса, сол мүшемен тұлғалас ке-

летіндіктен,  сондай  сұраққа  жауап 

береді.  Үтір  айқындауыштың  екі 

жағынан қойылады. 



 

Біздің 

ауылдың 

əу 

баста 

ұжымшар боп қалай құрылғанын біз, 

кейінгі  жас  ұрпақ,  тек  үлкендер 

айтқан  əңгімелерден  ғана  білеміз 

(С.Мұратбеков). 

 

 

      1-жаттығу.  Үтірдің қойылу себебін анықтаңыздар. 



 

Біздер,  ауыл  балалары,  назардан  тыс  қалып,  қараңғыда  топырласып,  əр 

үйдің  арасын  жол  етіп  жүрміз.  Біздер,  большевиктер,  əркімнің  көңілі  шат, 

өмірі  дарқан,  қуанышты  болуын  қалаймыз.Сіз,  Ақа,  жігітті  үйге  салып 

отырсыз.(Б.М)  Ал  біздерді,  науқастарды,  əрине,  ол  бұйрықты  мүлтіксіз 

орындауға  тиісті  солдат  санайды.  Біздер,  ойын  балалары,  көктем  келсе-ақ 

Сұрымсайдан  шықпай  қоятынбыз.  Менің  ендігі  арманым  –  сендер,  жастар, 

еліміздің егемендігін қалай да сақтап қалу қажеттігін бүкіл жан-тəндеріңмен, 

алпыс  екі  тамырларыңмен  терең  сезінсеңдер  екен.    Сендерсіз,  жауынгер 

жолдастарсыз,  мен  өмір  сүре  алмайтын,  қазір  бір  найза  тасқа  соғылып, 

мылжа-мылжам  шығатын  сияқтандым.  Сен  құрдасыңа,  майданшы  досыңа, 

ризасың ба, жоқ па оны өзің білесің...  

      Дəл  осы  кезде  тыста,  үй  сыртында,  дабырлап  жүрген  ұсақ  балалар        

сықылығы естіліп еді. Барлыбай жазығында жайлаудың жарық айлы, желсіз 

тынық  түнінде,  Абай  мен  Əйгерімнің  үлкен  үйінде,  аса  нəзік  шеберлікпен 

сызылып созылған скрипка күйі кетті. 

 

2-жаттығу.  Тыныс белгісін қойып, мəтінді көшіріп жазыңыздар. 

 

Бірақ ағасының  өзімді айтам ол кезде оны аңғарарлық жайы мүлде жоқ 



болатын. Ішінде іліп аларлық ештеңесі жоқ сол хаттардың бəрін, сеніңше, біз  

Омаров  екеуміз    басымызды  қатырып  оқып  отыруымыз  керек  пе,  аһ?  Сен  



 

35 


 

Меңтай    Ерболды  иектеп  алып,  аузынан  қаға  беретінің  не  осы?  Біз  Меңтай 

екеуміз  асыл ағаның сізді мақтай айтқан бұл сөзіне төбеміз көкке жеткендей 

боп  қуанып  қаламыз.  Біз    ата-ана  жан  жүрегімізді  жарып  шыққан  жас 

қауымның жақсы болуын тілейміз.  Біз əскери адамдар көлденең көзге əдемі 

көрінетін  парадқа  емес,  Отан  үшін  өліспей  беріспейтін  қатал  күреске 

əзірленеміз.  23  февраль  күні  күндіз  түс  кезінде  қалың  ағаш  ішіндегі  алаңға 

əрбір батальоннан топ-топ жауынгерлер келе бастады. (Ə.Н.)  

 

3-жаттығу.  «Əсіресе»  сөзінің  қызметін  анықтаңыздар.  (шылау  ма,  оңашаланған 

айқындауыш па?). Тыныс белгісін қойыңыздар. 

 

-Сорлы  кəрінің  көңіліне  о  да  болса  демеу  ғой!..  –  деп  үйдегі  үлкендер 



əсіресе  жеңгелер,  Абайдан  шын  бірдемені  дəметкендей.      Абайдың  бала 

күнінен  сезетін  бір  жайы:  мұндай  кісілермен    əсіресе    дəл  осы  төрт-бес 

кісімен  бас  қосу  ел  ішінде  басталатын  бір  үлкен  істің,  оқшау  істің  белгісі 

болатын. Құнанбайдың бұл күндерде астыртын құлақ салып қатты баққаны  

Жігітек  іші    əсіресе    Байдалы.  –Ой,  шырағым-ай,  сен  болмасаң,  əсіресе 

мынадай  қарлы  күн,  қараңғы  түнде  ішіміз  пысып,  жарылып  кететін  екенбіз 

ғой.  Əсіресе  байдың  шалық  мінез,  есуастау  кемпірі  Анаргүл  шайпау 

еді.(Б.М.)  Ал  біз    əсіресе  мен  қаншама  жылап-еңіресем  де,  өрмектің 

қылышын бермек түгіл, шешемнен ақысына май құйрықтан бір-екі шапалақ 

жеп  тындым.  Кейде  əсіресе  ертеңгілік  табанымыздан  өткен  сыз  шекемізден 

бір-ақ  шығады.    Балаларын  əсіресе  қыздарын    қызылды-жасылды  киіндіріп, 

өздері  де  бар  тəуір  нəрсесін  иығына  іліп,  үйірімен  үш  тоғыз  боп,  туған-

туысқандарына  қонаққа  бара  жатқандары  қандай  келісті.(Ө.Қ.)  Кейбіреулер 

əсіресе Ағаны жаңа көрген жасаң адамдар, көздері тоймай, оның соңына ере 



  ұмтыла,  ұмсына  түсіп  барып  амалсыз  іркіледі.(З.Қ.)    Аңшылар  əсіресе  

Шоқан  қараңғылыққа  тұншығуға  айналған  шақта,  шығыстан  таң  сібірлей 

бастады. (С.М.)  

 

 



4. Құрмалас сөйлемдерге қойылатын үтір 

 

а)  Салалас  құрмалас  да,  де,  та, 



те,  əрі  жалғаулықтары  арқылы 

байланысса,  жалғаулықтардан  соң; 

бірақ,  дегенмен,  əйтсе  де,  сондық-

тан,  өйткені,  себебі  жалғаулықтары 

арқылы  байланысса,  олардың  алды-



нан;  қайталанып  келген  əлде,  кейде, 

бірде,  біресе,  не  жалғаулықтары  ар-

қылы байланысса, екінші жалғаулық-

тың алдынан үтір қойылады. 

ə) 


Жалғаулықсыз 

ыңғайлас, 

себеп  мəнді  салалас  құрмалас  сөй-

лемдердің арасына үтір қойылады. 



Тоқтар  оған  қоштасып  қол 

бұлғады  да,  арба  соңынан  жүріп 

кетті. 

Күн  батып,  ел  орынға  отыра-

тын  кез  келді,  бірақ  бірде-бір  адам 

тараған жоқ. 

Ырысбек 

біресе 

гармонын 

тартты,  біресе  мондалині  мен 

скрипкасын ойнады. 

 

 

Əлдене  сыбырлағандай  болып 

еді,  бір  топ  елік  кесе  көлденең  өте 

 

36 


 

 

 



 

б)Сабақтас 

құрмалас 

құра-


мындағы  жай  сөйлемдердің  ара 

жігіне де үтір қойылады. 



 

берді(О.Бөкей). 

Мына  сөз  Нұрбекті  де  толқытқан 

болар, 

біразға 

дейін 

жауап 

қатпады(Қ.Жүмаділов). 

 

Енді  кішкене  жүрсек,  өтіп  те 

кетеміз.  Шұға  шын  ауруға  айналған 

соң, 

Есімбек 

жұмсайын 

деді 

(Б.Майлин).  

 

 

1-жаттығу.  Үтірдің қойылу себебін түсіндіріңіздер. 



 

Жүргіншілер  ойға,  жазаң  жерге  келіп  түскенде,  бағанадан  бұларға 

көрініп, өздеріне қарай асығып, тырағайлап шауып келе жатқан аттылардың 

алдыңғы  екеу-үшеуі  үйме-жүйме  қатар  жетті.  Омырауларын  тер  басқан, 

демігіп,  танауратқан  сəйгүліктерді  зорға  тоқтатқан  ауыл  кісілері  күймеге 

соқтығак  жаздап,  дабырлап  сəлем  берісті.  Ымырт  жабылып,  ел  орынға 

отырып, кешкі шай ұзақ ішіліп болған соң, Мұсабайдың үйінде əн-күй өнері 

басталды.Абай  Дəркембайдың  сөзінен  аса  қатты  ойға  қалып,  біресе  қабақ 

шытып, сұрланып, біресе күрсініп, тымағын қолына алды. 

 

2-жаттығу.    Тыныс  белгісін  қойып,  мəтінді  көшіріп  жазыңыздар.  Құрмалас 



сөйлемдерді мағыналық түрлеріне қарай ажыратыңыздар. 

 

Ол  бұрылғанда  мен  арыстан  алдындағы  көжектей  дір-дір  етіп,  қайда 

кетерге  білмей  қысыламын.  Мұндай  мүсінді  көріп-ақ  жүрміз,  алайда  мына 

кісідегі  дəл  осы  бітімнің  өзі  өзгелерден  оқшау,  өзінше  бңр  бөлек  даралық 

секілденеді.  Ойшылдың  қасында  тұрсаң,  ойсыз  тұра  алмайсың.  Бір  күні 

Əуезовтің  лекциясынан  шығып,  институтіме  асыға  бергенімде  күтпеген 

жерден кафедраға шақыртты. Уыз жас Ғазиза, оның басындағы қайғы-қасірет 

оқырманға  ерекше  əсер  етеді  де,  оқырман  назары  осынау  жас  қызға 

ауады.(З.Қ)  

Иə(я), жоқ, мə, мəңіз сөздері сөйлем ішінде үтірмен ажыратылады.  

Ақтағаны  ма?  Жоқ,  жай  шошығаны  ма?  Иə,  етің  ыстық,  ауырған  жерің  бар 

ма? (М.Əуезов). 

 

1-жаттығу.  Тиісті тыныс белгісін қойыңыздар. 

 

- Немене, сен Аққұл, жыл сайын май сыйлығын алып тұрмақсың ғой? –



деп қалжыңдайды Тоқмырза. 

- Жоқ  мен сен сияқты сараң емеспін,  – деп Аққұл Садық берген қызыл 

жалаушаны қойнынан алды. 

- Ау, əңгіменің шырқын бұзбасаңдаршы! Садық бізбен кеңесемін демеді 

ме. Айтарын айтып болсын да, – деп сөзге əкем араласты. 

- Иə қадірлі ақсақалдар, мен сіздерден кеңес сұрамақпын... 

- Иə иə, Садықжан, – деп тебіреніп кетті Аққұл.(Б.М.) 


 

37 


 

-  Жоқ  оны  емес,  басқа  бір  əңгімені  айтайын,  –  дедім  мен  күлкімді 

тоқтатып. 

- Жоқ соны айт, – деді Зайкүл тақымдап. 



 

Мəтінмен жұмыс 

Қарасөзде  сөз  етілген  мəселелерді  негізге  ала  отырып,  «Адамдық  негізі-

адамгершілік» тақырыбында ой толғаңыздар. 

 

Отыз жетінші сөз 

 

1.  Адамның  адамшылығы  істі  бастағандығынан  білінеді,  қалайша 

бітіргендігінен емес. 

2.  Көңілдегі көрікті ой ауыздан шыққанда өңі қашады. 

3.  Хикмет  сөздер  өзімшіл  наданға  айтқанда,  көңіл  уанғаны  да  болады, 

өшкені де болады. 

4.  Кісіге  біліміне  қарай  болыстық  қыл:  татымсызға  қылған  болыстық 

адамды бұзады. 

5.  Əкесінің баласы  –  адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың. 

6.  Ер артық сұраса да азға разы болады. Ез аз сұрар, артылтып берсең де 

разы болмас. 

7.  Өзің  үшін  еңбек  қылсаң  өзі  үшін  оттаған  хайуанның  бірі  боласың; 

адамшылықтың  қарызы  үшін  еңбек  қылсаң,  алланың  сүйген  құлының 

бірі боласың. 

8.  Сократқа  у  ішкізген,  Ионна  Аркті  отқа  өртеген,  ғайсаны  дарға  асқан, 

пайғамбарымызды  түйенің  жемтігіне  көмген  кім?  Ол  –  көп,  ендеше, 

көпте ақыл жоқ. Ебін тап та, жөнге сал. 

9.  Адам  баласын  замана  өсіреді,  кімде-кім  жаман  болса,  замандасының 

бəрі виноват. 

10. Мен  егер  закон  қуаты  қолымда  бар  кісі  болсам,  адам  мінезін  түзеп 

болмайды деген кісінің тілін кесер едім. 

11. Дүниеде  жалғыз  қалған  адам  –  адамның  өлгені.  Қапашылықтың  бəрі 

соның  басында.  Дүниеде  бар  жаман  көпте,  бірақ  қызық  та,  ермек  те 

көпте. Бастапқыға кім шыдайды? Соңғыға кім азбайды? 

12. Жамандықты  кім  көрмейді.  Үміт  үзбек–  қайратсыздық.  Дүниеде  еш 

нəрседе  баян  жоқ  екені  рас,  жамандық  та  қайдан  баяндап  қалады 

дейсің! Қары қалың қатты қыстың артынан көгі қалың, көлі мол жақсы 

жаз келмеуші ме еді! 

13. Ашулы  адамның  сөзі  аз  болса,  ыза,  қуаты  артында  болғаны.  Егер  де 

аузынан қара қан ағызса, домбыт мақтаншақ я қорқақ. 

14. Қуанбақтық  пен  бақ    –  мастықтың  үлкені,  мыңнан  бір  кісі-ақ  к...н 

ашпайтұғын, ақылы бойында қалады. 

15. Егер ісім өнсін десең, ретін тап. 

16. Биік  мансап  –  биік  жартас,  ерінбей  еңбектеп  жылан  да  шығады, 

екпіндеп  ұшып  қыран  да  шығады.  Жікшіл  ел  жетпей  мақтайды, 

желөкпелер шын деп ойлайды.  



 

38 


 

17. Дүние – үлкен көл, заман – соққан жел, алдыңғы толқын –ағалар, артқы 

толқын – інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер. 

18. Бақпен  асқан  патшадан,  мимен  асқан  қара  артық;  сақалын  сатқан 

кəріден, еңбегін сатқан бала артық. 

19. Тоқ тіленші – адам сайтаны, харекетсіз сопы – монтаны. 

20. Жаман  дос  –  көлеңке,  басыңды  күн  шалса,  қашып  құтыла  алмайсың; 

басыңды бұлт шалса, іздеп таба алмайсың. 

21. Досы    жоқпен  сырлас,  досы  көппен  сыйлас.  Қайғысыздан  сақ  бол, 

қайғылыға жақ бол. 

22. Қайратсыз ашу– тұл, тұрлаусыз ғашық – тұл, шəкіртсіз ұстаз – тұл. 

23. Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді, өзің де тілейсің, бағың өскен соң 

– өзің ғана тілейсің. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет