Идеал газдардың кинетикалық теориясы



Pdf көрінісі
бет4/69
Дата11.05.2023
өлшемі5,05 Kb.
#91879
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69
5.Жылулық 
тепе-теңдік. 
Бір-бірімен 
жанастырылған 
денелер 
термодинамикалық тепе-теңдікке келуі үшін олар бір-бірімен механикалық 
және химиялық тепе-теңдікте болуы керек. Демек, денелердің қысымдары 
бірдей және жанасқанда химиялық реакцияға түспейді. Егер олай болмаса, 
онда денелерді бір-бірінен жылуды жақсы өткізетін, бірақ химиялық нейтрал 
металл фольгамен қоршап қою керек. Бұл денелер бір-бірімен металл фольга 
арқылы жанасқаннан кейін тепе-теңдікке келеді. Мұндай тепе-теңдікті 
жылулық немесе термиялық тепе-теңдік деп атайды. Кейде температуралары 
бірдей денелер деп айтылады. 



6. Температура дененің ішкі күйінің макроскопиялық сипаттамасы болып 
табылады. Бұл ұғымның бір немесе аздаған атомдардан, молекулалардан 
тұратын жүйе үшін мағынасы болмайды. Бұл ұғым негізінен 
термодинамикалық 
тепе-теңдіктегі 
көптеген 
атомдардан 
немесе 
молекулалардан тұратын жүйелер үшін, демек макроскопиялық жүйелер 
үшін қолданылғаны дұрыс. Бірақ, температура ұғымы термодинамикалық 
тепе-теңдік күйіне жетпеген жүйелерді сипаттау үшін де қолданылып 
жүр.Сонымен, температура дене немесе денелер жылулық тепе-теңдікке 
келгенде теңесетін физикалық шама. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Температура ұғымы туралы не білесіз? 
2. Термодинамикалық және жылулық тепе-теңдік ұғымдарын түсіндіріңіз. 
3. Термодинамикада қандай жүйелер оқшауланған деп аталады? 
4. Термидинамиканың жалпы бастамасын тұжырымдаңыз. 
§2 Термоскоп және температуралық нүктелер 
 
1.Термоскоп. А және В денелерінің температураларының бірдей немесе 
әртүрлі екендігін анықтау үшін оларды жылулық жанастыру міндетті емес. 
Ол үшін осы екі денемен кезек-кезек жанастыруға болатын үшінші С денесін 
қолдануға болады. Бұл әдіс А және В денелері бір бірімен химиялық 
реакцияға түскенде де олардың температураларын салыстыруға мүмкіндік 
береді. 
Егер С денесі А және В денелерімен жылулық тепе-теңдікте болса, онда А 
және В денелері бір бірімен жанасқанда жылулық тепе-теңдікте болады. 
Басқаша айтқанда С денесінің температурасы А және В денелерінің 
температурасына тең болса, онда А және В денелерінің температуралары 
бірдей болғаны. Егер С денесі өте кішкентай болса, онда А және В 
денелерімен жанасқанда С денесі олардың температураларын айтарлықтай 
өзгертпейді. Бірақ С денесінің температурасының өзгерісі өте үлкен болуы 
мүмкін. Мұндай С денесі А және В денелерінің температураларының бірдей 
немесе әр түрлі екендігін анықтауға мүмкіндік беретін «сынақ дене» 
қызметін 
атқарады. 
Осындай 
екі 
немесе 
бірнеше 
денелердің 
температураларының бірдей немесе әр түрлі екендігін анықтау үшін 
қолданылатын кішкентай С денесі термоскоп деп аталады. Бұл жерде С 
денесінің өте кішкентай болуы өте маңызды. Керісінше болса, онда С денесі 
сыналатын денелердің температураларын өзгертіп жібереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет