Идеал газдардың кинетикалық теориясы



Pdf көрінісі
бет44/69
Дата11.05.2023
өлшемі5,05 Kb.
#91879
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69
 
§28. Политроптық процесс 
 
Біз қарастырған газ күйінің өзгеруінің изотермиялық және адиабаталық 
процестеріидеалданған процестер болып табылады. Изотермиялық процесс 
кезінде жүйенің қоршаған ортамен немесе термостатпен идеалды жанасуы 
талап етілсе, адиабаталық процесс кезінде жүйенің қоршаған ортадан 
идеалды оқшаулануы талап етіледі. Бұл екі процесті политроптық процесс 
деп аталатын жалпы процестің дербес жағдайлары деп қарастыруға болады. 
Егер термодинамикалық процестер кезінде газдың жылусыйымдылығы 
тұрақты болып қалса, онда мұндай процесс политроптық процесс деп 
аталады. Кез келген политроптық процесс үшін  . 
Политроптық процессті сипаттайтын политропа теңдеуін анықтайық. 
Термодинамиканың бірінші бастамасына сәйкес 

бұл теңдеуді ықшамдасақ 
. (28.1) 
Идеал газ күйінің теңдеуінен -ны өрнектейміз (§26 қара): 

Бұл өрнекті (28.1) өрнегіне қойып және
екенін ескеріп мынадай 
өрнек аламыз: 

Бұл өрнекті ықшамдап мынадай өрнек аламыз: 



69 
Осы өрнекті тағы да ықшамдап, айнымалыларды бөсек, онда мынадай 
дифференциалдық теңдеу аламыз: 

Теңдеудің сол жағындағы жылусыйымдылықтар айырымдарының қатынасын 
былай белгілейік: 
(28.2) 
 
Енді алған теңдеуді интегралдап 

Осы теңдеуді потенцирлеу арқылы политроптық процестің теңдеуін аламыз: 
. (28.3) 
Политроптық процесс теңдеуіндегі (28.2) өрнекпен анықталатын политропа 
көрсеткіші деп аталады. 
Политроптық процесс барлық изопроцестер және адиабаталық процесс 
үшін жалпы теңдеу болып табылады. Егер болса, онда , 
болады, демек адиабаталық процесс болып табылады. 
Изотермиялық процесте , демек , онда ,
болады. Изобаралық процесс кезінде
, демек , онда . 
Егер
болса, онда 
және болады, демек изохоралық 
процесс орындалады. 
Бақылау сұрақтары: 
1. Қандай процесті политроптық процесс деп атайды? 
2. Политропа көрсеткіші қалай анықталады? 
3. Политроптық процесті сипаттайтын теңдеуді қорытып шығарыңыз. 
4. 
, ,

болатын процестерді талдап көрсетіңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет