Үлгілер. Құрылымның үлгісі: Жеке жолды таңдау.
Өз жолыңды тұтас ұғынуға келу — күрделі мәселе, себебі өзара байланысқа әкелу оңайға соқпайтын жағдайға көптеген факторлар қатысады. Омега-мэппинг бұл қиындықты көтеруге және бөлек-бөлек идеялардың тұтас көрінуін ұйымдастыруға көмек береді. Омега-мэппингтің бұл нұсқасы өзіңнің қазіргі өмірің мен талпыныстарыңды ұғыну бойынша ерте бастан жасалған алдын ала жұмысты болжайды.
Альфа-ағаштың тарамдары.
Мәселе. Осы тарамға сіздің тұжырымдамаңыз шешуге үнделген мәселені немесе мәселелерді орналастырыңыз, содан соң олардың арасынан басты мәселені белгілеңіз. Мәселелердің үлгілері:
- Өз өміріңді өзгерту.
- Қызметтің жаңа саласын табу.
- Өзіңнің жеке жолыңның мәнін және векторын түсіну.
- Нақты өмірлік жағдайларда өзіңіздің таңдау өлшемдеріңізді табу.
- Өткен шақ. Осы тарамға өміріңіздегі басты орындарды, басты оқиғаларды және басты адамдарды белгілеңіз ( Жеке тұлға картасын қараңыз).
- Болашақ. Бұл жерге қазір жұмыс істеп отырған басты жобаларыңызды, таяудағы сізге маңызды мақсаттарды немесе армандарды, миссияңыздың орталық пункттерін орналастырыңыз.
- Идеялар. Бірінші қадамда қалыптасқан мәселелерді шешетін идеяларды тудыру бойынша креатив-сессия өткізіңіз. Пайда болып жатқан идеяларды бөлек тасымалдауыштарға белгілеңіз. Соңғы нәтиже осы кезеңде қаншалықты әркелкі болатынына байланысты болады. Сіздің өткеніңіз бен болашағыңызға мән беретін және оларды біртұтас қылып байланыстыратын мақсаттар, жобалар, көзқарастар – идеялар бола алады.
- Басты мақсатты таңдау үшін ықтимал өлшемдер.
- Бұл идея маған қаншалықты күшті ішкі уәждеме береді?
- Бұл идея менің жеке тұлғаммен қаншалықты терең байланысты?
- Бұл идея менің жеке тұлғамның түрлі аспектілерін, менің өмірлік тарихымның кезеңдерін қаншалықты тығыз біріктіреді?
- Бұл идеяны іске асырудың келешегі мені қаншалықты баурайды?
Достарыңызбен бөлісу: |