Омега-мэппинг Омега-мэппинг – бұл күрделі мәселелердің біртұтас шешімдерін табуға көмек беретін идеялар құрудың тәсілі. Омега-мэппинг шешім табу процесін визуализациялаудың арнайы техникасын қолданады, оны көрнекі және құрылымдалған қылады.
Идеяларды кәсіби түрде жасау;
2
1
Жаңа өнімдер, жобалар және қызмет
көрсетулерді жүзеге асыру.
3
Қолданулар:
Шешімдерді табу;
Осы жұмысты визуализациялау үшін омега-карта қоданылады. Әдеттегі менталды картаға қарағанда тек бір ғана орталық тақырыбынан емес, сондай-ақ мәселе туралы бастапқы және соңғы көріністерді білдіретін екі полюстан тұрады (альфа және омега нүктелері).
Әдістің мәні. Омега-мэппингтің көмегімен шешімдерді табу екі кезеңде құралады:
- мәселе туралы бастапқы көріністерді белгілеу және оның ықтимал шешімдерін іздеу;
- басты идеяны таңдау және бастапқы көріністерді қайта құру.
Альфа және омега нүктелері. Омега-карта альфа және омега нүктелері арасында құрылады. Альфа — бұл біздің алғашқы көріністеріміз, біз жұмыс бастайтын нүкте болып табылады. Омега — бұл ақырғы тұжырымдама, біздің мәселеміздің шешімі жинақталатын нүкте. Омега әуелгі рационалды деректерден шығарылмайтын ақырғы тұжырымдама — оған өту идеяларды тудырудың түрлі техникаларын қолдануға көмектесетін ойдағы қозғалулар, секіру арқылы жүзеге асырылады. Секіруден кейін бар суреттерді қайта құрылымдау және жаңасын құру, сондай-ақ бастапқы деректермен оңтайлы байланыстар құру орын алады.
Ойлау процесін визуализациялау және құрылымдау үшін менталды карталар техникасы қолданылады: ойлар, өзара байланысқан сызықтарда («тарамдарда») орналасқан түйінді сөздер түрінде белгіленеді. Альфа нүктесінен шығатын сызықтар тобы альфа-ағаш деп, ал омега нүктесіне кіретіндер – омега-ағаш деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |