Жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурстарының ЕРЕЖЕЛЕРІ
I.Ғылыми жобаларды рәсімдеуге койылатын талаптар: (Word,14 шрифт. 1.5 интервал. 2 см. солдан шегіну') 1.Жоба мәтіні компьютерде басылуы керек және мынандай кұрылымнан тұрады: 1) титул парағы;
2) мазмұны;
3)қазақ немесе орыс тілдерінде абстракт (аннотация) (жобаның қай тілде дайындалғанына байланысты), сондай-ақ ағылшын тілінде жазылады;
4) кіріспе;
5) зерттеу бөлімі;
6) қорытынды;
7) пайдаланылған әдебиетгер тізімі;
2. Титул парағында мыналар көрсетіледі: 1) жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебі;
2) автордың (біріккен автордың) тегі, аты, сыныбы;
3) жұмыстың атауы;
4) жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
5) жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) қаласы (жарыстың өтетін жері), жылы;
3.Абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) мыналарды қоса алғанда. жобанын қысқаша мазмұнын білдіреді: 1) зерттеудің мақсатын ;
2) гипотезасын;
3) кезеңдерін, зерттеудің рәсімін;
4) эксперименттің әдістемесін;
5) зерттеудің жаңашылдығын және дербестік дәрежесін;
6) жұмыстың нәтижесін және қорытындысын;
7) нәтижелердің практикалық қолдану салаларын;
4. Кіріспеде (екі беттен артық емес) мыналар келтіріледі: зерттеу тақырыбының өзектілігі, жұмыстың мақсаты (міндеті); алға қойылған міндеттерді шешу әдісі қысқаша көрсетіледі;
5. Жұмыстың зерттеу бөлімі (20 беттен артық емес) жеке бөлімдерден (параграфтардан) тұруы мүмкін және мына құрылымда:
- осы жұмысты жүргізудің қажеттілігіне көз жеткізу және оның мақсатын (міндетін) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау; - алға қойылған міндеттерді шешудің әдістерін сипаттау;
- жұмыстың нәтижесі және оны талқылау;
- безендірілген материал (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суретгер т.б.);