ғылыми жоба жарыстарында секция бойынша пәндер
№
|
Секция
|
Пәндер
|
1
|
Физика
|
физика
|
2
|
Техника
|
физика
|
3
|
Жер және космос туралы ғылымдар
|
физика
|
4
|
Математика
|
математика
|
5
|
Қолданбалы математика
|
математика
|
6
|
Информатика
|
информатика, математика
|
7
|
Экономика
|
география, математика
|
8
|
Биология
|
биология
|
9
|
Химия
|
химия
|
10
|
Адам денсаулығын және қоршаған ортаны қорғау
|
биология
|
11
|
Тарих
|
тарих
|
12
|
Құқық негізі
|
тарих, құқық негізі
|
13
|
Өлкетану
|
география және тарих
|
14
|
Әдебиет
|
әдебиет
|
15
|
Этномәдениеттану
|
тарих, әдебиет
|
16
|
Тіл білімi
|
қазақ, орыс, ағылшын,
неміс тілдері
|
Жалпы білім беретін пәндер
бойынша ғылыми жоба жарыстарының
өткізу ережесіне
2-қосымша
«Қазақстан-2030 стратегиясын іске асыруда республиканың экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуының модельдері» атты
республикалық жарыстарға ұсынылатын оқушылардың
зерттеу жұмыстарын бағалау өлшемдері
Бағаланатын өлшем
|
Мүмкін
бағалар
|
Бағалау негіздемесi
|
1.Шығармашылық қабілеттілік
|
жеке жұмыс үшін 30 ұпай,
командалық жұмыс үшін 25 ұпай
|
Егер жұмыс автор(лар)ы проблеманы шешудің жаңа ғылыми тәсілін жасауда шығармашылық қабілеттілік танытса, жеке жұмыс үшін 25-30, командалық жұмыс үшін 20-25 ұпай қойылады.
Егер автор(лар) мәліметтерді талдаудың жаңа қондырғылар жасау немесе жаңа тәсілін қолдануда шығармашылық қабілеттілік танытса, жеке жұмыс үшін 20-25, командалық жұмыс үшін 15-20 ұпай қойылады.
Егер автор(лар) мәліметтерді өзінше түсіндіруде шығармашылық қабілеттілік танытса, жеке жұмыс үшін 10-20, командалық жұмыс үшін 10-15 ұпай қойылады.
Егер жұмыс реферативті сипатта болса, 10 ұпайға дейін қойылады.
|
2. Ғылыми ойлау
|
жеке жұмыс үшін 30 ұпай,
командалық жұмыс үшін 25 ұпай
|
Жекелеген өлшемдердің әрбірі жеке зерттеу жұмысы үшін 3 ұпай және командалық зерттеу жұмысы үшін 2,5 ұпай көлемінде бағаланады.
Зерттеу жұмысы үшін:
1. қарастырылып отырған проблема қаншалықты айқын және нақты ұсынылған;
2. жоспарланған ғылыми нәтиже алу мүмкіндігі мол болуы үшін шешетін міндет қаншалықты айқын көрсетілген;
3. міндетті шешудің нақты жоспары бар ма;
4. міндетті шешуде ауыспалылықтар нақты анықталған ба;
5. автор нәтижелерді кезең-кезеңімен тексерудің қажеттілігін (егер ол қажет болса) көре алды ма және оны дұрыс қолданды ма;
6. қорытындыны нақтылау үшін мәліметтер сәйкес таңдалған ба;
7. автор(лар) мәліметтердің қорытынды үшін шектеулілігін мойындай ма;
8. автор (команда) қойылған мәселені шешуде осы жұмыс мүмкіндіктерінің шектелетінін сезіне ме;
9. автордың (команда) мәселені шешуге кепілдік беретін, зерттеудің келесі кезеңі турасында идеясы бар ма;
10. автор(лар) ғылыми әдебиеттерден немесе тек қана көпшілік әдебиеттерден дәйексөз келтіреді ме;
техникалық зерттеу жұмыстары үшін:
1. жұмыс мақсаты қаншалықты айқын;
2. жаңалықтың әлеуетті тұтынушылары бар ма;
3. нәтиже өмірде іске аса ма;
4. үнемді орындалған ба;
5. әлеуетті тұтынушыға тиімді ме;
6. нәтиже түпкілікті қойылған мәселені шешуде жетістікпен қолданыла ма;
7. техникалық шешімнің шын мәнінде алдыңғы белгілі нұсқаларымен салыстырғанда елеулі артықшылығы бар ма;
8. нәтиже нақты жағдайда тексерілген бе;
9. зерттеудің келесі кезеңіне байланысты мәселені шешуге кепілдік беретін автордың (команданың) идеясы бар ма;
10. автор(лар) ғылыми, әдебиеттерден немесе тек қана көпшілік әдебиеттен дәйексөз келтіреді ме.
|
3. Қолданылған зерттеу әдістерінің тиімділігi
|
жеке жұмыс үшін 15 ұпай,
командалық жұмыс үшін 12 ұпай
|
Егер зерттеу жұмысының автор(лар)ы жұмыс барысында білімнің саласында мүлдем жаңа нәтижелер алуға мүмкіндік беретін қазіргі тиімді қондырғыларды немесе қазіргі теориялық әдістерді пайдаланса, жеке жұмыс үшін 10-15 ұпай, командалық жұмыс үшін 10-12 ұпай қойылады. 5-10 жеке және 5-10 командалық. Егер зерттеудің бұрынғы (ескірген) әдістерін пайдаланып, бірақ жаңа нәтиже шығарылса қойылады. Егер жұмыс реферативті сипатта болса, 5 ұпайға дейін
қойылады.
|
4. Тақырыпты ашу дәрежесi
(жете ашуы)
|
жеке жұмыс үшін 15 ұпай,
командалық жұмыс үшін 12 ұпай
|
Бұл параметр үшін баға жекелеген өлшемдер бойынша бағалар негізінде қойылады:
1. жұмыс жоспарланған деңгейге дейін жеткізілген бе;
2. шешілетін проблема қаншалықты толық қамтылған;
3. қорытынды жекелеген тәжірибеге негізделген бе, әлде қайталанған ма;
4. материал жұмыста қаншалықты айқын және нақты берілген;
5. автор(лар) мәселені шешудің басқа тәсілдерін біле ме;
6. автор(лар) зерттеліп отырған тақырып бойынша ғылыми әдебиеттермен қаншалықты таныс
Әр өлшем бойынша жеке жұмысқа 2,5 ұпай,
командалық жұмыс үшін 2 ұпай қойылады
|
5. Шеберлігі
шешендік, ұсынылатын
материалдың сапасы, айқындылығы
|
жеке жұмыс үшін10 ұпай,
командалық жұмыс үшін 10 ұпай
|
Бұл параметр үшін баға жекелеген өлшемдер бойынша бағаларды ескере отырып қойылады:
1. автор(лар) жұмысты қандай дәрежеде айқын және ұтымды баяндай алады (3 ұпай);
2. баяндамада жұмыс мазмұны қандай дәрежеде толық баяндалған (2 ұпай);
3. жұмыстың негізгі жерлерін қаншалықты баса көрсете алған (1 ұпай);
4. жұмыста қолданылған тәжірибелік мәліметтер қаншалықты нақты және айқын ұсынылған (1 ұпай);
5. жұмыс нәтижелері қаншалықты айқын және нақты көрсетілген (1 ұпай);
6. жұмыс нәтижелерін стенд қаншалықты жақсы ұғындырады (2 ұпай);
|
6. Команда мүшелерінің үйлестіру деңгейі (тек командалық жұмыстар үшін)
|
Барлығы 16 ұпай
|
Бұл параметр үшін баға жекелеген өлшемдер бойынша бағалар негізінде қойылады:
1. жалпы жұмыста әр қатысушының міндеттері қаншалықты айқын және нақты белгіленген (4 ұпай);
2. команданың әр мүшесі команданың барлық жұмысымен қаншалықты таныс (3 ұпай);
3. аяқталған жұмыс команда мүшелерінің күш-жігер үйлесімдігін қаншалықты көрсетті (3 ұпай);
4. команданың әр мүшесі жұмыс материалын
қаншалықты жақсы баяндайды (3 ұпай);
5. берілген зерттеу жұмысын командамен орындаудың қажеттілігі қандай болды (3 ұпай)
немесе бұл нәтижелерді жекелей алуға болатын
ба еді (0 ұпай).
|
Жалпы білім беретін пәндер
бойынша ғылыми жоба жарыстарының
өткізу ережесіне
3-қосымша
Тестілеуді өткізу үшін бейіндік пәндердің тізімi
№
|
Секциялар
|
Бейіндік пәндер бойынша тестілеу
|
1
|
Физика
|
Физика
|
2
|
Техника
|
Физика
|
3
|
Жер және ғарыш туралы ғылымдар
|
Физика
|
4
|
Математика
|
Математика
|
5
|
Қолданбалы математика
|
Математика
|
6
|
Информатика
|
Математика, Информатика
|
7
|
Экономика
|
Математика, География
|
8
|
Биология
|
Биология
|
9
|
Химия
|
Химия
|
10
|
Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау
|
Биология
|
11
|
Тарих
|
Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы
|
12
|
Адам және қоғам
|
Дүниежүзі тарихы және адам және қоғам
|
13
|
Өлкетану
|
География және Қазақстан тарихы
|
14
|
Әдебиет
|
Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті
|
15
|
Этномәдениеттану
|
Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті
|
16
|
Тіл білімі
|
Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын, неміс және француз тілдері
|
Достарыңызбен бөлісу: |