Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз


Асан Қайғы тарихи тұлға болғанына қарамастан, аңызға айналған керемет мифологиялық сипатымен халық жадында қалды. Оның есіміндегі «қайғы»



бет114/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

Асан Қайғы тарихи тұлға болғанына қарамастан, аңызға айналған керемет мифологиялық сипатымен халық жадында қалды. Оның есіміндегі «қайғы» атауы Асанның Ертістен өзен сұлтанының қызын аулап алуымен байланыстырылады. Асан қайғы ол қызды әйелдікке алуы керек еді. Бірақ, ол өзен ханшайымының белгілі бір шарттарын орындамағандықтан, ол аспанға ұшып кеткен деседі. Ал көпшілікке танымалы Асан Қайғының жері шұрайлы, жайылымдары көп, өзендерінің суы сарқырап аққан, климаты жұмсақ, жануарлары мен балықтары көп, адамдары қайғы-қасіретсіз, қажеттіліксіз, арамдық пен қанаушылықсыз өмір сүретін арманындағы Жерұйық жерін іздестірген аңызы. Бұл әлеуметтік-утопиялық аңыз ХІІ ғасырдың ортасында Алтын Орданың және Ақ Орданың құлдырауынан кейін жандандырылған азаматтық жанжалдардың шығыс Дешті-Қыпшақтан Батыс Жетісу өзендеріне дейінгі қазақ тайпалары мен руларының жаппай қоныс аударуына әкелген нақты тарихи жағдайды бейнелейді. Асан Қайғы осы қозғалысты басқарған сұлтандардың бірі Жәнібектің кеңесшісі болған, осылайша ол халық санасына бақытты жердің ізденушісі, халықтың жаңа өмірге деген үмітін жеткізген жанашыр адам ретінде кірді. «Дала данышпаны» ретінде танылған Асан қайғының рухани мұралары халық санасында сақталған.
Асанның (Хасанның) əкесі Сəбит Арал өңірінің Сырдария жағасын мекен еткен. Шежіре- аңыздардың айтуынша, ол ұзақ жасаған. Он сегіз мың ғаламның: құстың, жан-жануардың тілін білетін, өзі көріпкел, əулие, атақты саясатшы болса керек. Ал баласы Асанды ес білгеннен осы қасиеттерге баулып өсіреді. Сондай өнегелі, ұлағатты тəрбие көрген Асан жас кезінен-ақ туған халқының қамын, оның келешекте ірі де, іргелі ел болу жағын ойластыра бастайды. Сондықтан да ол жас болса да өз тұсындағы хан, сұлтан, би, бектермен бірге жүріп, оларға ақыл қосады. Ой, пікір жарыстырып, тайталасып ер жетеді. Сол бозбала кезінен-ақ ақындық, жыраулық, шешендік, тапқырлық өнерді жете меңгереді. Ел дауын, жер дауын, əдет-ғұрып мəселесін шешерде оның ақылдығы, алғырлығы, кесімді, шешімді билік сөздері өзге би, шешендерден үстем боп шыға береді.
Бұл жерде ерекше айта кететін жай, Асан қайғының нақты қай жылы, қай жерде өлгені əлі белгісіз. Бір мəліметтерде Асан Ата қазіргі Өзбекстан жерінде Жиделі Байсында дүние салды делінеді [2; 10]. Ел аузындағы қария сөздің айтуында, Асан қайғы Сарыарқада дүние салып, оған Ұлытаудың топырағы бұйырған. Ал, Ш. Уəлихановтың жазуында Асан Ата өмірінің соңғы жылдарын Жетісуда өткізіп, Ыстықкөлдің жағасында дүние салған [3; 138].
Профессор Х. Сүйіншəлиев: «Қазіргі Ақтөбе облысының жерінде «Асан Ата» есімінде ескі бейіт бар. Оны халық Асан қайғының моласы деп қатты құрмет етеді. Бірақ ол мола анық осы Асан қайғынікі ме, əлде басқа біреудікі ме — мұның өзі əлі анықталмаған мəселе» [1; 248, 249], — деп жазады. 
Ə. Əбілқайырқызы «Дала данышпаны» деген мақаласында: «Асан қайғының нақ жерленген жері белгісіз. Екі дерек бар: біріншісі бойынша Жезқазған облысының (қазіргі Қарағанды облысы) Ұлытау ауданында, ал екіншісі бойынша Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы Шиелі ауылынан 16 шақырым жерде жерленген екен. Асан қайғыға арнап жасалған ескерткіш Асан Ата кесенесі «Жеті əулие» қорымында орналасқан» [4; 8], — деген дерек ұсынады.
Бұл пікірге академик Д. Кішібеков қосылады: «Асан қайғы кесенесі Шиелі жерінде деген пікірге қайта оралсақ, өзім сол жердің тумасы болғандықтан ба, əйтеуір оған əбден қосыламын... Айтарым, Асан қайғы Шиеліге келді ме? Əрине, қазақ халқына Жерұйық іздеген əулие мұнда келмеуі мүмкін емес. Өйткені Шиелі тұрмысқа қолайлы жерлерге жатады. Қазақта жабайы шие шыққан жерді əулие жер дейді. Шиелі — жабайы шие өте көп шыққан өңір. Шиелі атауы да сол жағдайдан туындаған. Шиелінің жері өте бай болған» [5; 5].
Ақынның қанша жасағаны да мəлімсіз. Халық аңызында ол – көпті көрген көне. Бір аңызда Асан 95 жасқа келген қарт, енді бір аңызда оның жасы 120-да еді делінеді...
Асанқайғы қойға қошқар, жылқыға айғыр салмай, бура шөгермей, сиырды бұқасыз сақтап, малды үш жылға дейін ту қылып ауған екен. Мұнысы көшкен елге төл аяқ байлау болмасын дегені болар. Сол ауын бара жатқан бетінде Алтын Орданың ханы Әз Жәнібекке кез болыпты. Бұрын үш рет той жасап шакырғанда Асанқайғы бармаған екен. Ауып бара жатып кез болған соң, Әз Жәнібек айтыпты:

- Бұрын бір хан болыпты. Ханның қасында бір қараша кедей коңсысы болған екен. Ханның малының сүмесінен қозы қарын май мен бір қап құрт алған екен. Күзді күні күздеуге қонар мезгілде, қараша: "Ханның бәйбішесі ханымды шақырып алып, осы құрт пен майдын алдын таттырып кетейік. Сонда бізге қалғаны жұғым болар. Ханымға таттырмай кеткен соң берекесі болмас" - дейді.


Ханымды үйіне шақырса, карашаның үйіне кіріп шығуға намыс кылып керіліп, "әне барамын, міне барамын" деп ақыры бармапты. "Құрт, майдың алдын ханымға таттырмай кетпейміз" деп әлгі байқұстар ханымды сарғайып күтіп көп уақыт көшпей отырып калыпты. Күндердің күнінде ханым келе жатса, ханның кісі алатын бурасы оны қуыпты. Ханым сасқанынан, қараша үйге қойып кетіпті. Сонда шал байғұс айткан екен:


Шакырса келмес ханымды,
Бура қуып келтірді.
Қалжы-бұлжы дегізбей,
Тура қуып келтірді.
Бастай көр қатын құртыңды,
Сала көр қатын майыңды, -

- депті. Сол айтқандай, үш рет тойыма шақырдым, келмедің. Ақыры қадірсіз, аяқсыз келдің-ау Асаным!

- Рас айтасың, Әз Жәнібегім. Ойың ұрғашыға ауған екен, - дейді Асан-кайғы. - Өз бойымдағы ағат ісіңе ие бола алмаған жан едің. Сондықтан айтып отырсың, сен өзің неге той қылдың, білесің бе? Бірінші рет той қылдың, қарақалпақтың қызы Қарашаш сұлуды алдым деп. Екінші рет той қылдың, Жайық судың бойынан дауыл өтпесе, жан өтпейтін үй салдырдым деп. Оған несіне келейін, - деп Асан жырлап кетті:


- Ай, Жәнібек хан!
Айтпасам білмейсің.
Жайылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің.
Қымыз ішіп қызарып,
Мастанып қызып терлейсің.
Өзіңнен басқа хан жоқтай,
Өзеуреп неге сөйлейсің?



Асанқайғының айтқанына басын шұлғығаннан басқа хан дәнеме демепті. Сол жолы екеуі дос болып, жалғыз жетім Жәнәліні сұрап алып қалыпты. Сол Жәнібек хан тұсында Қаратау атырабымен Түркістан тәңірегіне жан- жақтан анталаған көз тігушілер көбейеді. Шығыстан монғолдар, батыстан Әбілқайыр тұқымдары Түркістандағы өмірін жүргізіп, сауда-саттықты өр- кендетпек болады.

Бір жазда Әбілқайыр хан өзінің Маңғыт деген әйелінен туған тұңғыш ұлы қайтыс болып, ас береді. Бұл ұлан-асыр ас Ұлытау мен Ақкөл аралығындағы көк орай шалғынды кең далада өтеді. Асқа аяқ жетер атыраптан көп халық жиналады. Ханды құрмет тұтқан жер-жердегі бай, бектер, сұлтан, билер бірінен бірі асыра тарту-таралғысымен артынып-тартанып жетеді. Ас бірнеше күнге созылады. Ат жарыс, бәйге, көкпар, күрес дейсің бе, әйтеуір қазақ дәстүрінде бар барлық салт-сана, ойын-сауықтың бәрі өтеді. Ақындар айтысады, күйшілер күй шертеді, әншілер ән салады. Хан сол бір асты өзінің ақылгөй абызы сарай жырауы Асанқайғыға баскартады. Бірнеше күнге созылған осы жиынды Асан жырау:


Таза мінсіз асыл тас,
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз,
Ой түбінде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады, -
деп бастаған екен дейді ел.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет