Егер қажет боп жатса, ВК-дан қосымша тағы бір шығармасынан қысқаша мазмұнын алдым: Жақында бір кітап оқыдым. Бексұлтан Нұржекеевтің "Ерлі-зайыптылар" деген. Толық мазмұнын айтып бермей ақ қояйын, қол тигенде өздерің тауып оқып аларсыңдар.Соның ішіндегі бір оқиға ойымда қалып қойды. Ойымда қалып қойғаны былай тұрсын кәдімгідей ойландыртып тастады.
"Мен болсам орнында не істер едім?" - деген.
Қысқаша баяндасам былай:
Жас студент кезінде екі құрбы қыз, екі жан жолдас жігіттермен қыз-жігіт болып жүреді де соңы махаббатқа ұласып тұрмыс құрады. Арада көп уақыт өтпейді. Әлгі екі жолдас яғни әлгі екі жас келіншектің күйеулері, қызмет бабымен бірге іссапарға басқа қалаға кетеді. Дәл сол уақытта екі жас келіншектің бірге оқыған курстас қызы бұл екеуін туған күн кешіне шақырады. Кеш тау жақта, қаланың шетінде жер үйде болады екен. Бұлар бірге келісіп екеуі ертерек шығып туған күнге барады. Тойлайды, үйтеді-бүйтеді опшым кеш болып қараңғы түседі ғой. Оның үстіне басқа еркектердің көзі түседі бұларға. Ішкен мастары да бар. Содан бұлар қорқып, үй иесінің қонып кетіңдер дегеніне қарамай қайтамыз деп жолға шығады. Ол кезде қазіргідей сотка жоқ, такси сирек. Жолай алып кетер деген оймен трассаға жаяу шығады. Күн батып кеткен, қараңғы. Бұларға қарсы келе жатқан машинаның жарығымен өздеріне келе жатқан екі адамның сұлбасын көреді. Бұлар шыбын жанын шүберекке түйіп, үрейленіп, тәуекел деп жүре береді. Дәл қасына келгенде әлгі екі бөтен ер кісінің мас екенін біледі. Бекер қорықпапты. Жаман ниеттілер екен, қасындағы құрбысын шап беріп ұстап алады, ал екіншісі қашып үлгіреді. Бірақ құрбысының "Құтқарыңдар!" деген жан айқайына шыдамай қайта барады ғой жаңағы жерге. Көзден от жарқ ете қалады. Екеуін сол жерде білгенін істеп кетеді қысқа қайырғанда. Таң ата жыртылған көйлек, сыңары жоқ аяқ киіммен жолай өтіп бара жатқан көліктерге өтініш айтып қалаға жетіп алады.
Содан екі құрбы ағыл-тегіл ешкімге айтпай жылап алады және бұл туралы ешкімге тіс жармаймыз, жабулы қазан жабулы күйінде қала бермек деп келіседі.
Бірақ, бағана 1-ші ұсталып қалған құрбысы аяғы ауыр екенін көп ұзамай біледі. Ол кезде аборт жасау деген болмаған ба білмеймін жүре береді ғой солай. Содан күйеулері іс-сапардан келеді. Келсе қатыны екі қабат. Арада сенімсіздік пайда болады. Жиі ұрыс-керіс шығатын болады. Ең қызығы, әлгі келіншек туғанда бала әкесіне не келіншегіне ұқсамайды екен. Өтірік жүрген жерде береке жоқ. Қуып жібереді ақыры. Ал әлгі құрбасының айқайын естіп көмекке ұмтылып, тұтылған келіншек керісінше күйеуіне бар шындықты жайып салады. Күйеуі әрине жынданады, ашуланады бірақ әйтеуір сабырға келіп кешірімді болады. Барлығын ұмытып ары қарай өмір сүруін жалғастыра береді екен.