Ii блок түркі қағанаты дәуіріндегі әдебиеттің өзгешелігі туралы баяндаңыз



бет83/127
Дата02.06.2022
өлшемі12,93 Mb.
#36200
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   127
Байланысты:
гось экзамен ІІ блок

Кейіптеу — қазіргі әдеби туындыларымызды да құбылта, құлпырта қолданылып келе жатқан әдемі тәсіл. Ал мысал өлеңдердегі құбылу, көбіне, пернелеу, яки аллегория (грекше allegoria — пернелеп айту) түрінде келеді. Мұнда жай ұғым қалпында тұрған дерексіз нәрселер кәдімгідей көзге көрінер деректі нәрсеге ауыстырылады. Айталық, қулық, зорлық, қастық секілді жалпылама ұғымдарды дәл осы қалпында түсінуге болғанмен, көзбен көру қиын.
Осыларды Сәбит Дөнентаев өзінің «Ауырған арыстан» деген аллегориялы өлеңінде қолға ұстатқандай нақты, деректі нәрселерге көшіреді: аң патшасы Арыстан ауыра қалған екен, аң атаулы түгел жиылып көңіл сұрап барғанда, ішінде Түлкі қу жоқ боп шығады да, оны қара көңіл Қасқыр зорлықшыл Арыстанға қастандықпен хабарлап қояды. Кейін Түлкі келгенде, әрине, Арыстан ашуланады. Бұл сырды түсіне қалған қу түлкі аяқ астынан айла тауып, Арыстан секілді өзінің де «ауырып» қалғанын, одан әйтеуір Қасқырдың артқы аяғының сіңірін қиып жеп, әрең «жазылғанын» айтады, Арыстан ашуды қойып, өктемдігіне көшеді де, дереу Қасқырды шақыртып алып, сіңірін қияды… Бұл өлеңде қулық — Түлкі, зорлық — Арыстан, қастық — Қасқыр бейнелеріне көшіріліп, пернеленіп көрсетілген.
Троптың бір түрі – астарлау, яки символ (грекше symbolon — шартты белгі) — бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір нәрсеге, не кұбылысқа құпия теліп, жасыра жарыстырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру.
Мұның өзі ой мен образға әрқашан астыртын, бұлдыр мағына береді деу де қате (символды символизмнен айыра білу керек); ең бастысы — символ сөз өнерінде көркем кестеленіп отырған шындыққа әсем ажар, байсалды философиялық астар береді, шығармаға бір түрлі сыршыл сипат бітіреді.
Астарлы шығарманың идеясы жалаң, жалаңаш көрінбейді, автордың ой толғаныстары арқылы көңіл ұйытып, көкірекке терең ұялайды. Троптың бір түрі — алмастыру яки метонимия (грекше metenymia — қайтадан атау) — өзара шектес заттар мен себептес құбылыстардың, өзара байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану.
Үйі мәз боп қой сойды
Сүйіншіге шапқанға. (Абай.) Болыстың семьясын, туған-туысқанын түгел тізіп жатқан Абай жоқ, бәрін үйі деген бір ғана сөзбен алмастырады. Әрине, мәз болған үй емес, үй ішіндегі адамдар екені өзінен-өзі түсінікті.
Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық,
Ауа мен күнге, ай менен нұрға малшынып.
Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы,
Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық!
Мұқағали ақынның тал шыбығы да, кішкентай жүрегі де – өзінің сәби бөбегі; ұғым метонимия тәсілімен шартты түрде әдейі өзгертілген. Кішкене жүрек, бір жағынанмегзеу, яки синекдоха (грекше synekdoche — арақатысын ашу) тәсіліне де көшіп тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   127




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет