Параллелизм (гр. parallelismos > parallelos - қатар жүруші, симметрия)[1] — бір-біріне ұқсас құрылымды сөйлемдер мен сөз тіркестерінің, формалас сөйлем мүшелерінін қабаттаса қатар қолданылуы.
Мысалы: Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай (Махамбет).
Айшықтаудың бір түрі — сөз тастап кету, яки эллипсис (грекше еііерзіз — түсіріп тастау, аттап айту) —сөйлем ішінде немесе өлең шумағында т а п айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдейі жазбай тастап кету.
Айшықтаудын. ‘бір түрі — сөз орнын ауыстыру, яки инверсия (латынша іп^егзіо — орын езгерту, төңкеру) — прозалық, әсіресе поэзиялык, шығармаларда сөздердің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру. Тіл мен стильдегі үйреншікті машықтан бөлек бір алуан мәнер іздеп байқау үшін бұл тәсілді де оқта-текте орнымен қолданудың оғаштығы жоқ.
Дамыту (градация)- алдыңғы сөзден соңғы сөздің, алдыңғы ой-пікірден кейінгі лебіздің, әдепкі құбылыстан екінші құбылыстың екпін қуатының күшейіп, өсіп отыруы. Бұл көркемдік тәсіл құрылыс, жүйесі ұқсас бірыңғай сөйлемдердің іріктеліп шығуына, ой-пікірдің өткір, әсерлі айтылуына әрі мағыналық өрістің кеңеюіне кең еріс ашады. Абайдың «Келдік талай жерге енді» деген өлеңіндегі «Сергі, көңілім, сергі енді!», «Ұш, көңілім, кекке, кергі енді!», «Өрбі, сезім, өрбі енді!» деген шумақ аралық жолдар дамытуға құрылған. Сондай-ақ, ақынның Отыз жетінші сөзінде: «Биік мансап - биік жартас, ерінбей еңбектеп жылан да шығады, екпіндеп ұшып қыран да шығады...» немесе Бесінші сөзіндегі «Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады» деген жолдары да дамыту әдісіне жатады.
59. Эпитет пен теңеудің көркемдік қызметіне тоқталыңыз. Бейнелеу құралдары: эпитет және теңеу
Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым, экспрессивті айқындаушы сөз. Эпитет. Лингвистикалық еңбектерде, оқулықтарда эпитет – көркем образды троптың бір түрі, ойды бейнелі бояуымен жеткізетін құрал ретінде сипатталады. Қысқасы, эпитет – заттың не құбылыстың айрықша белгісін, қасиетін білдіретін бейнелі сөз. Эпитет, кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, кез келген анықтауыш емес, оқушының жан дүниесін баурап алатын бейнелі, образды сөздер мен сөз тіркестері болады. Мысалы: Бояуы көшкен қара қожалақ пеш, тісі сынған қара сандық, сөре үстіндегі кетік шара, аяқ-табақ бәрі де көзге жат секілді көрінді – сүреңсіз өмірден туған көңілсіз жайтты аңғартатын эпитеттер. Абайдың «жүрек» сөзімен байланысты туған қаншама эмоционалды эпитеттерін білеміз. Адамның портретін жағымды, жағымсыз сөзбен беретін (көптеген жазушыларда) ерекше суреттемелі эпитеттер назар аудартады: Қисық көзді келген тапал сары жігіт немесе шықшытты, қалың ерінді, ұзын мұрынды, кішкене көзді, бидай өңді жігіт еді (Б.Майлин).
Табиғат көріністерін суреттеуде де эпитеттердің атқаратын қызметі зор. Мысалы, Қаракөк толқындар жұтардай ұмтылып кеп, суық құшағын ашады. Көкжал толқындар…, ұялшақ күн, ойнақшыған күн. Эпитеттер әр түрлі сөз табынан жасалып, грамматикалық құрылысы да, семантикалық мағыналары да әр алуан болатындығы белгілі. Тілімізде қалыптасқан эпитеттер бар да, қаламгердің өз қолтаңбасын танытатын әсерлі, күрделі эпитеттер болады. «Күйші» поэмасында жалынды күй, ыр- ғалған күй, жұбатқан күй, жорға күй, шерлі күй (І.Жансүгіров); Қазақтың бағы жүрсе – кәукілдеген мақтан әңгімесі, гулеген өсегі, кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген кердең жүрісі көбейіп, қараптан-қарап іші жарылып, бұтқа толы болады (Ә.Кекілбаев). Соңғы сөйлемдегі кеңірдегін күнге, кіндігін айға ілген кердең жүріс автордың окказионалдық қолданысы адамның мінез-құлқына байланысты пайда болып, жүріс-тұрысты бейнелеуден туған. Жазушы «шалқайып, шіреніп жүру» мағынасындағы жүрісті суреттеу мақсатында бір-бірімен үйлеспейтін сөздерді өзара байланыстырып, окказионалдық қолданыстағы күрделі эпитет жасаған. Демек, эпитет – заттың не құбылыстың айрықша сипатын бейнелеуде жиі қолданылатын көркемдік тәсіл.
Теңеу - затты, нәрсені, құбылысты немесе заттың, нәрсенің, құбылыстың белгісін, қасиетін, сапасын көрсететін көркемдік ұғым. Теңеу -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: Асқар таудай, дардай.Халық тілінде тұрақты теңеу (алтын көпір, бұйра толқын, сын сағат, берік байлам, ыстық ықылас, т. б.) мол ұшырасады. Абай поэзиясында теңеудің көптеген түрлері бар болмысымен, қиысымен қолданылған. Әсіресе, «Шоқпардай кекілі бар, қамыс кұлақ» өлеңінде аттың сынына байланысты қолданылған теңеу осының жарқын мысалы болып табылады; «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ, Қой мойынды, қоян жақ, бөкен қабақ»; «Теке мұрын, салпы ерін, ұзын тісті»; «Шапқан атқа жеткізбес бөкен желіс»,[1] сол сияқты, терең ой, терең сөз, терең ғылым сияқты теңеулер де Абайдан бастау алған троптар. Мысалы: «Түбі терең сөз артық, бір байқарсың», «Терең ой, терең ғылым іздемейді». Ақын шығармаларында көңіл күйіне байланысты, адамдардың өмірі мен қылықтарындағы жағымсыз жайларға өкініш білдіргенде айтқан теңеудің басқа түрлері де кездеседі: «Жалаңқая жат мінез жау алады», «Ит қорлық немене екен сүйткен күні?», «Ыржаң-қылжың ит Мінез» Теңеу – бір затты екінші затқа ұқсастығы арқылы салыстыра қолданылатын стилистикалық тәсіл. Теңеуді зерттеу қазақ тіл білімінде көптен қолға алынды. Ғалымдардың пайымдаулары бойынша (Т.Қоңыров, М.Серғалиев т.б.) теңеулер синтетикалық және аналитикалық тәсілдермен жасалады: – дай (-дей, -тай, -тей), -дайын (-дейін, -тайын, -тейін), -ша, -ше жұрнақтарының, секілді, сияқты, тәрізді, іспетті, тең, ұқсас сөздерінің көмегімен, параллелизм, т.б. көмегімен жасалады. Синтаксистік құрылымына қарай жалаң, күрделі, толымды, толымсыз, бірыңғай, болымсыз деп жіктеледі. Сол сияқты есім тұрақты теңеулер, етістік тұрақты теңеулер деп қарастыру бар. Ең бастысы, теңеулерді ұқсас тілдік құбылыстармен қарымқатынаста зерттеудің теориялық та, әдістемелік те мәні бар. Басқа троптармен байланыстыра келе, эпитеттік теңеулер, метафоралық, метонимиялық, синекдохалық, градациялық, гиперболалық, литоталық теңеулердің кездесетіндігін тіл фактілері көрсетеді. Мысалы, Кескіні аршыған жұмыртқадай аппақ, қылдырықтай қиылған қасы бар, садақтың оғындай ұзын кірпігі бар (С.Мұқанов) – эпитеттік теңеулер екендігі аңғарылады. Көркем әдебиет стилінде бұл тәсіл әр түрлі мақсатпен жиі қолданылады: Қызыл Жебеге қонған Рысқұлдың сирек жылжитын қаһарлы қарасұр өңінен нұр төгіліп, көздері шоқ шашып, әруақ қуып арқасы қозған бақсыдай, айбыны асқақтап шыға келді. Астындағы жүйрік те буырқанған бұла күшті сезгендей, ауыздықты қарш-қарш шайнап, тізгінді сүзе шірене тартылған садақтың адырнасынан ұшатын жебедей лыпып тұр еді (Ш.Мұртаза). Мұнда автор теңеуді кейіпкердің бет-пішінін, сыртқы көрінісін, портретін жасау үшін пайдаланған. Ал мына үзіндіде: Енді әкесінің Қызыл Жебеге мініп отырғандағы келбетін көріп Тұрардың төбесі көкке жеткендей, аспандағы жұлдызды қолмен ұстап тұрғандай болды. Қызыл тұлпардың үстіне құрыш қыран қонғандай әдемі сурет жас баланың жанын әлдилейді... дегенде жазушы адамның ішкі сезімдерін,психологиялық жай-күйін суреттеуде де теңеуді тиімді қолданған.