- ҰЖЖ –ның Шығысқа шығатын керуен жолының негізгі қақпасы. Жетісуда Тараз ,Суяб,Науакент,Баласағұн,Талхир, Қойлықірі сауда орталықтары болды.
Оңтүстік Қазақстан
-Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын басты қақпаларының бірі. Қазақстанның оңтүстігінде Испиджаб, Кедер, Отырар,Шауғар, Янгикен ірі сауда орталықтары болды. Х-ХІІ ғасырларда Сауран, Жент, Ашнас қалалары бой көтерді. Қала орындары Арал бойындағы құрғақ, шөлейт аймақтарда жақсы сақталған.
Тараз
-Көпестер қаласы және мұсылмандардың түркілермен сауда жасайтын сауда орын ретінде сипатталады.
-Таразқаласынан Византияшеберлерінің жасаған күміс құмыралар табылған.
Испиджаб
- Жабық базарлар мен маталар саудасы жүргізілген үлкен керуен сарайлары бар қала .
-Қытайдың әдемі фарфордан жасаған ыдыстары табылған ортағасырлық қалалар: Талғар, Испиджаб, Отырар.
Кедер
-Құйрықтөбедеп те аталады. Қоймалары бар сауда дүңгіршектерінің қалдықтары табылған қала.
Янгикент
- Хорезмнен келген көпестер мекені болды. Бұл қала арқылы Сырдария бойындағы аймақтың Хорезмнен, ол арқылы Еділ бойымен,Хазариямен және славян әлемімен байланыс жасалды.
-Археологиялық зерттеулерге қарағанда, діни мешіт-медреселердің орындары табылған Ұлы Жібек жолы бойындағы қалалар: Испиджаб, Тараз, Баласағұн.