Төре- ең жиі кездесетін лауазым аты. Кез келген төре өздерін хан нәсілімін, так, мұрагерімін деп санайды.
Төлеңгіттер - қазақ сұлтандары мен ханның қасындағы феодалдарға тәуелді адамдардың әлеуметтік қауымы. Құн - қазақ әдет-ғұрып заңында көп таралған жаза системасының бірі. Істеген қылмысы үшін бірнеше есе өсімімен би үкімі бойынша құн төлеген. Айып - сөзі қазір абстракт ұғым атауы. Айыбы жоқ, айыбын мойнына алу, айыбын бетіне басты, айыбын жуды деген сияқты тіркестерде келеді. Ал "Жеті жарғыда" айып - тартатын жазаны, яғни конкретті ұғымның атауы. Оғлан. Түркі-монғол тілдерінде оғлан, ұлан, ұғыл-ұл сөзінің ерте дәуірлерден келе жатқан титулдық мәнінің сарқыншағы қазақтарда Бұқар замандарына жеткен тәрізді. Орта ғасырларда оғлан] ұғландеп Алтын Ордада, Қырым мен Астраханның династияларында, Чағатай ұлысы мен Ақ Ордада билеуші феодалдардың ең жоғары әскери және әкімшілік қызметін атқаратын ұлдарын атайтын болған. Бұл сөздің тіпті тар мағынасында жұмсалуы да орын алған. Моңғолдар мен түркілерде оғлан деп Шыңғыс ханның хан титулына ие болмаған ұрпақтарын атаған. Қарашы - қазақ қауымы қарашы деп ханның кеңесшісін, ханға жақын адамды атаған. Қамал сөзінің бірнеше мағынасы бар. Соның бірі — "бекініс, қорған" мағынасы. Екінші мағынасы — "қалың әскер, қол".
Сөз ұстау - сөз иесі. Арда ему - тайдың екі жасқа дейін емуін арда ему деп атаған.
Қосымша 2
Мұқадес Есламғалиевтің "Әйтеке би" тарихи романында қолданылған көнерген сөздер