Рецензия
Ж.Аймауытұлының классикалық әңгімелерінің бірі — «Әнші». Әңгіме өмірде болған, тарихи тұлғаның өмірінен алынған. Әңгіменің басты кейіпкері – Әмірқан. Әмірқанның прототипі – қазақтың жезтаңдай әншісі, тума талант – Әміре Қашаубаев. Ол 1925 ж. Парижде өткен дүниежүзілік этнографиялық концертте бүкіл әлем жұртшылығына қазақ ән өнерінің құдіретін мойындатқан тарланбоз әнші. Шығармада Әмірқан нәзік жанды, ашық, өнер үшін жаралған, өнерге, махаббатқа адал, ер мінезді адам ретінде суреттеледі. Әңгіменің өтетін жері – Жетішатыр (Семей) қаласы. Оқиға желісі баяндаушы мен Әмірқан арасындағы сырласудан басталады. Әңгімеде Әмірқан мен сұлу қыз Ақтамақтың арасындағы ғашықтық хикаясы, жігіттің қызды алып қашуы, орта жолда қолға түсіп, сүйгенінен көз жазып қалуы, әншінің көз жасы баяндалады. Шығарманың басты тақырыбы – өнер, адамгершілік, достық, ізгілік, салт-дәстүр. Негізгі идеясы – әншілік өнерді жоғары бағалауға, өнерді құрметтеуге үндеу.
1) Әнші» әңгімесі не жайлы?
Әңгіме Әмірқан атты әнші жігіт туралы, әңгімеде оның өнері, өмірі жайлы сөз қозғалады.
2) «Жетішатыр»қаласы қазір қалай аталады? Шығармада қала тіршілігі қалай бейнеленген?
Жетішатыр-жақсы қала. Қаптап жатқан қазақ. Жазы-қысы қымыз, ойын-сауық. Айт, той, құдалық, ат жарыс, күрес. Жаз шықса пароход, паром желқайық, жасыл Арал, қалың орман… Сырнай-керней, Қызық думан, Қайткенмен сергек қала
3) Әмірқан ұрылардың қолына түскенде кімдердің әндерін орындады?
Исақ-Ермектің, Иманжүсіптің, Балуан Шолақтың, Мәдидің.
ІІ деңгей Алгоритмдік деңгей
І . Әңгімеде қазақ халқының қандай әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлері суреттелген?
Наурыз тойы, орамал тастау ойыны, наурыз көже пісіріп, ет асу, қыз алып қашу дәстүрі, шілдехана. Төс қағысу, ат жарыс, той, құдалық, күрес, айт.
1) Әңгіменің тақырыбын ашып беріңіз
Жазушы Әмірқанның талантын, өнер құдіретін ғана беріп қоймай, әнші тағдыры, жан-дүние, сезім, көңіл-күйін де ашқан. Әмірқан әнші жай қатардағы адамдардың бірі емес, өнердің, ән мен сәннің жаны ретінде бейнеленген.
2) «Прототип» дегеніміз не?
Әмірқанның прототипі кім, ол туралы не білесің?
Ә. Қашаубаев— қазақ музыкасын халықаралық деңгейде танытқан дарынды жезтаңдай әнші. Ол 1925 жылы Парижде дүниежүзілік көрменің этонографиялық концертіне қатысып, «Дудар-ай», «Қараторғай», «Қызыл бидай», «Үш дос» әндерін орындаған. 1927 ж. Германияның Майндағы Франкфурт қаласында өткен көрмеге қатысқан. Семейдегі обл.драма театры қазір Әміре Қашаубаев атында, сонымен қатар жыл сайын Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі ән байқауы өткізіліп тұрады.
Қорытынды бөлім
Жүсіпбек осы бір шағын әңгімесінде Әмірқан образы арқылы әнші Әміренің әншілік өнерін, азаматтық тұлғасын тамаша бейнелеген, шынайы өнерге табындырған. Ұлы әншіге тамаша ескерткіш орнатып кеткендей. Әңгімеден Жүсіпбектің үздік сөз шебері екенін байқау қиын емес. Ол прозада да ақынша сөйлеп кетеді. Әміре әнге жүйрік, Жүсіпбек сөзге жүйрік. Маған осы шығармада екеуі жарыса тіл қатқандай болды
«Өнер өлімді де жеңеді» деген жазушы ойын аңғаруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |