Сындарлы тұрғыда талантты және дарынды балаларды оқытудың мүмкіндіктері
Баймулдина Айнур Асылбековна ІІІ деңгей, Қаратөбе мектеп-гимназиясының І санатты тарих пәні мұғалімі «Бала қиялына шек жоқ» десек, жаңа идеялар алаңы болып табылатын сабақта болашақ тұлға өзіндік көзқарасымен орасан зор өркениетті көреді. Күнделікті сабақта талантты және дарынды оқушылармен жұмыстану үдерісі нақты жоспарлануды талап етіп отыр. Талантты және дарынды балаларды оқыту әлемдік деңгейде мойындалып отырған Сындарлы оқыту теориясына кеңінен енгізілген. Демек, білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алуы керек деген тұжырымға саяды. Жаңа форматты мұғалім ретінде әр оқушының дарындылығын, талантын бағалап отыру, оларды көре білу міндетіміз.
Жоғары деңгейлі қабілеттері бар оқушыларды табуға арналған өлшемдер зерттеулерде анықталған. Олар:
1.Жады және білім – тамаша жады және ақпаратты қолдану.
2. Ақпаратты пайдалану – түйінді идеяларды анықтай білу, түрлі көздерден алынған ақпараттарды таңдай және тиісінше өңдей алу қабілеті.
3. Ойлау жылдамдығы-олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ шешімдерге тез келеді.
4. Проблемаларды шешу- олар ақпаратқа қосымшаларды енгізеді, сәйкессіздікті көрсетеді, мазмұнын тез түсінеді.
5. Қиындыққа қызығушылық-қызығушылықты арттыру үшін олар аса қиын ойындарға және тапсырмаларға ұмтылады. Сабақта күрделі тапсырмалардың болмауы қабілетті оқушылардың оқуда шамалы нәтижеге қол жеткізуіне әкеліп соқтырып отыр.
Сабақтағы пәндік тапсырмаларды құруда осы өлшемдер негізге алынып, оны дайындауда өлшемдердің біріне сай келетін оқушылар ескерілді.
«ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы əкімшілік-территориялық реформалар» тақырыбында 8 – сыныпта өткен сабағымда «Кемпірқосақ тобымен» мәтінді топ мүшелері: генерал-губернаторлық: Реформаны жалғастыру қажеттілігі, облыс: Сот жүйесіндегі өзгеріс, уезд: Реформаның әкімшілік сипаты, болыс: Реформаның салдары тақырыбында бөліп алып, бірлесіп талқылады. Оқушылар жаңа материалды топта тыңдады, сол бойынша сөйледі. Жаңа топта талқылағандарын «бастапқы топқа» айтуға қайта оралды. Ақпарат ұсына отырып, білім негізін бірлесіп құрды. Бұл жұмысты топта сағат тілімен өзара критерийалды бағалады.