Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату. Озық тәжірибеге қойылатын талаптар
Озат педагогикалық тәжірибе дегеніміз — қоғамдық педагогикалық қызметтің бастауы ретінде, нақты жағдайларды, балалардың, ұжымның және жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескерумен бірге, педагогтың жұмыс тәжірибесінде педагогика заңдары мен принцптерін белсенді түрде меңгеруі және іске асыруы деген сөз. Озат педагогикалық тәжірибе балаларды тәрбиелеу және оқытудың жаңа идеяларын түрлі тұрғыдан қарау және технологиялардың бастауы.
Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда педагогтың өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі-әрі қиын, әрі күрделі мәселелердің бірі. Педагог оқыту мен тәрбие саласындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс – тәсілдерді таңдап алып, олардың балаларға ықпалын ұйымдастырылған оқу қызметі және тәрбиелік іс – шаралар арқылы байқайды.
Педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе – оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.
Озат тәжірибеге қойылатын талаптар:
ұзақ уақыт бойы жоғары нәтиже көрсетуі; мұғалiмнiң «өзiндiк жаңалығы» болуы;
оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсартып, педагогика ғылымы жетістіктеріне сай жұмыс істеуі;
өзгелердiң тәжiрибесiн толық көшiрмей, жаңа ортаға икемдеп, өзiндiк iс-әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге қол жеткiзуі; мұғалімнің бағдары, тұжырымдамасы, оқыту жүйесi, оқыту мазмұны, оқыту құралы, материалдық базасының отандық стандартқа сай келуi;
оқыту методикасына жаңа технологияларды ендiру, ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру, оқу негiздерiн ұтымды пайдалануы;
сабақ мақсатын игеру, үйде дамыту, қосымша әдебиеттермен жұмыс, дарынды балалар мен үлгерiмi төмен балаларды теңестiру жұмыстары, тиiмдi көрнекiлiктердi табу;
оқушы – мұғалiм арасындағы педагогикалық ынтымақтастыққа халық педагогикасы тұрғысынан тиiмдi ықпал ету, табиғаттану, тарихтану, өнер, салт-дәстүр, әдебиеттану, ой дамыту, руханият әлемiн кеңейтуі;