Ii. «Ғылыми – педагогикалық зерттеу әдістемесі» пәні Педагогикалық зерттеулерде қолданылатын ғылыми әдістер


Педагогикалық зерттеудегі бақылау әдісінің ерекшелігі, түрлері



бет4/5
Дата07.01.2022
өлшемі30,71 Kb.
#19741
1   2   3   4   5
Педагогикалық зерттеудегі бақылау әдісінің ерекшелігі, түрлері.

Бақылау — тәртіптің мәні мен мазмұнын анықтау үшін қолданылатын жүйелі және бағытты психологиялық-педагогикалық зерттеу әдісі.

Педагогика саласындағы зерттеудегі бақылау екі қызмет атқарады:

а)теориялың зерттеуді эмпириялық ақпаратпен қамтамасыз ету;

б)теорияның тәжірибедегі тепе-теңділігі мен шын-шылдығын тексеру.

Бақылау әдісі — ұзақ мақсатқа бағытталған және жоспарды қабылдауға негізделген педагогикалық үрдіс танымының әдісі.

Бақылаудың ерекшеліктері:



  • Бақылау белгілі бір мақсатты ұстауы тиіс;

  • Бақылау алдын ала жасалынған жоспар бойынша өтуі қажет;

  • Зерттелетін белгілердің саны аз және олар нақты анықталған болуы керек;

  • Құбылысты бақылау нақты табиғи жағдайда жүргізілуі тиіс;

  • Қайта бақылауды тең уақыт жиілігінен кейін өткізу керек;

  • Түрлі бақылау жолдары арқылы алынған мәлі-мет- тер салыстырмалы болуы қажет.

  • Бақылауға дайындық және өткізу кезендері:

  • Нысан таңдау, бақылау мақсаты мен міндеттерін қою;

  • Бақылау жоспарын жасау;

  • Бақылау құжаттары мен жабдықтарын дайындау (нұсқаулар, хаттамалар, жабдықтар);

  • Бақылау деректерін жинау (жазбалар, хаттамалар, кестелер және т.б.)

  • Бақылау нәтижелерін ресімдеу;

  • Бақылау нәтижелерін талдау;

  • Бақылаушының теориялық және тәжірибелік қорытындылары.

Бақылауды жіктеудің түрлі жолдары бар. Бақылау жиілігіне қарай тұрақты, қайталанбалы, біржолғы болып бөлінеді.

Тұрақты бақылау, мысалға белгілі бір уақыт жиілігінде кейбір пән бойынша сабақты қамтиды; қайталанбалы белгіленген мезгіл аралығында, біржолғы — бір сабақтағы көрініс қана тіркеледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет