4. Жаңылтпаш жарысы: Оқушылар сыныпқа рет-ретімен бір-бірден кіреді. Жаңылтпаштар интерактивті тақтада көрсетіледі. Әр жаңылтпашты оқып, дайындалу үшін оқушыға 1 минут уақыт беріледі. Оқушы қалауына қарай дауыстап немесе іштей айтып дайындала алады. Уақыт аяқталған соң тақтадағы жаңылтпаш жасырылып, оқушы жаңылтпашты жатқа айту керек. Жатқа айту үшін 1 ғана мүмкіндік беріледі. Осылайша әр оқушыдан екі жаңылтпаш сұралады. Бірінші оқушы екі жаңылтпашты айтып болған соң, сыныпқа келесі оқушы кіреді. Бәріне бірдей жаңылтпаш берілетіндіктен, барлық оқушы жаңылтпаштарды толық айтып болмайынша, сыныптан шығуға рұқсат етілмейді.
Әр жаңылтпашқа – 2 ұпай, жалпы 4 ұпай беріледі.
Ою ою ойым бар-ды,
Ойналмастан ойын қалды. Орындалмай ойымдағы Ойылмады ою-дағы. Орашолақ олақпын ба, Оя алмадым оюларды?