Iі. «Жас қаламгер» байқауы



бет1/9
Дата24.04.2023
өлшемі403,01 Kb.
#86243
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Жарқын болашақ материалдары


«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАРЫНА ЖӘНЕ ӘДІЛҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНА АРНАЛҒАН
НҰСҚАУЛЫҚ


IІ. «Жас қаламгер» байқауы
1. Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде меңгерген оқушылардың шығармашылық қабілетін бағалау жарысы.
2. Мақсаты – жасөспірімдерді отансүйгіштік рухында тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру.
3. Шарттары:
- Оқушыларға 2 түрлі тапсырма беріледі, соның біреуін таңдап, әңгіме жазады*. Мысалы:
a) Белгілі бір әңгімені/оқиғаны аяқтап жазу;
ә) Суреттерге қарап әңгіме құрастыру;
Жазба жұмысы
- Тақырыпқа сай болуы керек;
- Оқушы өз ойын әңгіме форматында жазады. Жазба жұмысының құрылымдық жағы, мазмұны, шығармашылдығы, сауаттылығы бағаланады;
- Жазбаша жұмысқа берілетін уақыт – 120 минут.
- Жазба жұмысының тақырыптары: қазақ тілі (әдебиеті, тарихы, мәдениеті), әдептілік қағидалары, әлеуметтік, экологиялық мәселелер және т.б.


* Қазақ тобы мен өзге ұлт тобының тапсырмалары әр түрлі болады.









БАЙҒЫЗ


Ақжолдың әжесі ырымшыл. Мысалы, шай ішіп отырған кезінде кесесінің бетіне шәмбі қалқып шықса, үйге қонақ келеді-міс; оң қабағы тартса, қуанады, сол қабағы тартса, ренжиді; пышақ дастарқанның үстіне жүзі жоғары қарап шалқасынан түссе, қазан көтеріледі; құлағы күңгірлесе – өзін біреу сыртынан жамандап жатқаны; сыпырғышты қабырғаға сүйеп тікесінен тік қоюға болмайды; түнде тырнақ алмау керек...


Таусылмайтын ырымдар. Бірақ Ақжол әжесінің мұндай дүдамал сөздеріне онша мән бермейді, жүрдім-бардым тыңдайды, сенбейді. Қайдан сенсін, әжесі әр шай ішкен сайын кесесіне шәмбі қалқып шығады, алайда алыстан ат арытып келіп жатқан қонақ жоқ. Әшейін гәп қана.
Өткенде Ақжол ақ күшігін іздеп, түнде ауылдың сыртындағы көлге барды. Әжесінің айтуы бойынша, түнде көлге барған кісі: «Мен келген жоқпын, сен көрген жоқсың», – деп суға тас лақты­рып кетуі тиіс. Әйтпесе суретін су жұтады, өмірі қысқарады. Бірақ Ақжол әжесінің ырымын істемеді. Тас лақтыруға қолы бармады. Көл моп-момақан, тып-тыныш. Айна бетінде төңке­рілген алқара көк аспан, жымыңдаған күміс жұлдыздар, шарық табақ алтын ай. Айнала жағалау кестемен әдіптегендей, көмке­рілген сұлу сәмбі тал. Көрпе қызыл жыңғыл. Лүп еткен жел жоқ. Ауық-ауық жарыса құрылдаған «әнші» құрбақалар. Табиғаттың тамылжып тұрған сәті. Ақжол тас лақтырып, көл бетінде шолпылдатып толқын ойнатып, сүт тыныштықтың шырқын бұзғысы келмеді. Әнтек қатты жүрсе жағалықтың құрағы мен құмын тәтті ұйқысынан шошытып жіберетіндей, аяғын еппен басып, ауылға қайтты. Ақ күшігін айқайлап шақырып іздемеді де.
Бірақ Ақжол әжесінің ырымына бүгін алғаш рет құлақ қойды.
Түс кезі-ді. Күн әуе айналып жерге түскендей қапырық ыстық. Бар шаруа доғарылған. Жұрт үйлерінде, көлеңке ұзарып, салқын түспей далаға шықпайды.
Ақжол қайта-қайта ызыңдап кеп бетіне қонған дәу қара шыбынды қаққыштап, киіз үйде қақ төрде әлдебір кітаптың бетін парақтап ашып, суреттерін қарап, әжесі ескі бір ән әуенін ыңылдап айтып, сандықтың түбінде ұршық иіріп отырған-ды. Ақжолдың апасы сыртта жерошақтың басында шыжыған күннің астында самаурын қойып жүрген. Тыныштық. Кенет қора жақтан әлдебір құс ащы сұңқылдап қоя берді. Сұңқыл ауада шықылдап тұрып алды.
– Қырқу! Қырқу!
Құлаққа түрпідей тиетін жағымсыз үн. Ақжолдың әжесі ыңылдап айтып отырған әнін кілт тыйып, қолындағы биші қызша билеген ұршығын қоя салып, елең ете қалды.
– Мынау ненің сұңқылы? Байғыз емес пе? Ақжолжан, қарап келе қойшы... Ақжол онсыз да не істерін білмей ерігіп жатқан еді, екі сөзге келместен орнынан атып тұрды да, сыртқа қарай жүгіре жөнелді. Сосын ылдым-жылдым үйге қайта кірді......




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет