Ii жинақ Алматы, 2017 1 ббк 74. 00


шығаратын есептерді шығару алгоритмі



Pdf көрінісі
бет12/30
Дата21.03.2017
өлшемі6,23 Mb.
#10101
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30

шығаратын есептерді шығару алгоритмі:
Есептің құруға берілген есептерді шығару үшін;
1.
Белгісіз шамаларды анықтау.
2.
Теңдеу құру;
3.
Теңдеуді шешу;
4.
Теңдеудің шешімдерін зерттеу.
5.
Есепті тексеру;
Есептің толық жауабын жазу, шарттарын орындау қажет.
Мысалы7- сыныптағы: Тендеулер жүйесін құру тақырыбына: «Қаз бен түлкі» ертегісін оқи отырып, мына теңдеуді
шешеміз:
«Түлкісін аярлыққа бермейтін дес,
Көрейін сенде қанша ақыл мен ес.
Балапан, көжек санын өзің тапшы
Аяқтарды 94, басы 35»
Есептің мәтінін түсіну.
Түлкінің айлакерлігі, қаздың ақылдылығы, балапанда- 2 аяқ, көжекте -4 аяқ.
1.
Теңдеу құру: Балапан саны – х.
Көжек саны - у
Балапанда 2 аяқ – 2х.
Көжекте 4 аяқ – 4х.
Сонда 
 Теңдеулер жүйесі шығады.
a) Теңдеулер жүйесін шешу.
 
 
 
5.
Теңдеудің шешімдерін зерттеу:
Балапан – 23
Көжек – 12 
Бастарының саны 23 + 12 = 35 
Аяқтарының саны 2·23+4·12=46+48=94
Есептің жауабы: 23 балапан, 12 көжек.
5–сыныптағы: «Теңдеулер шешу» тақырыбына ұсынылатын есептер:
 
 «Барлығы қанша қарға?»
Келеді ұшып екі қарға,
Топ достарын ертіп талға
Болды елу әлгі жиын
Санағанда демей қиын.
Болмаңыздар әбігер,
Шешімі табылар бәрі бір. 
Айтпай есеп шарты кім,
Теңдеу құру тәртібін?
Жауабы: 2+х=50, х=48 қарға
 
 «Кетті бірге нешеуі»
Кездесіп бір топ аңменен, 
Болды 30 бас малменен. 
Олар кетті қоштасып,
68

Үш түлкімен достасып.
Теңдеуді ойлап құрыңыз,
Мал санын айта тұрыңыз.
Жауабы: х+3=30, х=27 бас мал.
 
 Шахерезада саны. 1001 түн 
Бұл санның ерекшелігі неде?
Мұның ерекшелігі: бұл 1001 саны 7?11?13 сандарына қалдықсыз бөлінеді, немесе 1001=7·11·13 болады. Бірақ бұл санның 
ерекшелігі бұнда емес. Кез келген үш таңбалы санды 1001-ге көбейткенде шығатын көбейтіндіні осы үш таңбалы санды екі 
рет қайталап жазса жеткілікті болады. Мысалы: 873 · 1001 = 873873
236 · 1001 = 236236 т.с.с.
Орыстың халық есебі 
Жеті шал келе жатты.
Әрқайсысының жеті балдағы бар. 
Әр балдақта жеті бұтақ бар. 
Әр бұтақта жеті дорба бар. 
Әр дорбада жеті самса бар. 
Әр самсада жеті торғай бар 
Барлық торғай қанша? 
Жауабы: 137256
 
 Қиынырақ есептерді шешу жолдары.
Мысал-1 
Қыңыр есепке құмар кісіден біреу оның жасын сұрапты, онда ол былай деп жауап беріпті: Менің 3 жылдан кейінгі жасымды
3 еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды 3 еселеңіз, ақыры алғашқы көбейтіндіден соңғы көбейтіндіні шегеріңіз. 
Сонда дәл менің жасымды табасың . Ол кісі неше жаста ?
Шешуі: Х – жаста дейік. Сонда 3 жылдан кейінгі жасы (х+3) және 3 жыл бұрынғы жасы (х – 3 ) болады
3 (х+3) - 3(х – 3 ) = х
3х+9 – 3х+9 – х =0
х - 18 =0
х =18
Мысал-2 Бес тоғыздықты пайдаланып 10 – ды жазыңыздар. Кем дегенде 2 әдісін көрсетіңіз.
Шешуі: 9+
=10 

= 10
Мысал-3 Қосындысы 498 · к санына, ал бөліндісі бес санына еселік болатын үш таңбалы екі санды табу керек
Шешуі: Ол сандарды а және b деп алайық және а< b болсын. Шарт бойынша 100
 а< b<1000
b +а = 498к және b=5а бұдан 6а=498к, а=83к, ал b=415к
біріншіден к
2, екіншіден к
2, ендеше к=2.
Жауабы: 168 және 830
 
 Шырылдауық шегіртке.
Шегіртке түзу бойымен қатты және жай ырғиды.
Қатты ыршыса үш елі жерге, ал жай ыршыса екі елі жерге түседі. Сонда шегіртке бірінші қарақшыдан қарғығанда одан бір 
елі жердегі екінші қарақшыға дәл қалай түседі?
Әзіл айтсаң да,
Әділ айт.
Шешуі: Айталық, шегіртке бірінші қарақшыдан екінші қарақшыға түсу үшін Х рет қатты, У рет жай ыршулар жасасын. 
Сонда шегіртке 3х + 2у аралыққа қарғиды. Бұл аралық 1 елі.
Демек, 3х + 2у= 1
Бұдан 
х-тің орнына 0, 1, 2,... – бүтін сандарын қояйық.
Шегіртке артқа қарғыса х пен у теріс сан, ал алға қарғыса х пен у оң мән қабылдайды деп түсіндіріп, х=1,у=-1,у=2 екенін 
табамыз.
Бұл есепке қарағанда қазақ халқы теріс сандар мен де амалдар қолдана алған деген қорытындыға келеміз.
 Шекпен киген қара мен қарқаралы хан.
-Мейірімді алдияр! Өз бағыңыздан бір алма алуға рұхсат етіңіз, - деді қара. Хан алуға рұхсат етті. Қара баққа келсе, бақ үш 
рет қоршауға алынған екен. Әрбір қоршау қақпасында жасауыл тұр.
Қара бірінші жасауылға келіп:
5)
Хан маған бір алма алуға мейірімділік жасады, - деді.
69

6)
Ал, бірақ шығарда алған алмаңның тең жартысын, және бір алма бересің, - деді жасауыл.
7)
Қақпадағы екінші және үшінші жасауылда оған осылай деді. Жасауылдарға сұраған алмаларын беру үшін, қара 
бақтан неше алма алуы керек?
Өзінің шарқын білген,
Өзгенің нарқын біледі.
Шешуі: Бірінші қақпадан шығарда жасауылға барлық алманың жартысын және бір алма беруі керек. Ал өзінде бір алма 
қалуы тиіс. Осы жердегі 2 және 1 алма – жасауылға беретін алма. Демее, қараның бірінші қақпадан шығар алдында 4 
алмасы болуы керек. Екінші қақападан шығарда қара жасауылға барлық алманың жартысын және бір алма беруі керек. 
Бұрынғы 4 алма мен жасауылға берілетін бір алма бес алма құрайды. Демек, екінші қақпадан шығарда қараның 10 алмасы 
болуы керек.
Осы сияқты талқылап, үшінші қақпа алдында 22 алмасы болуы керек екендігін табамыз.
Есепті теңдеу құрып та шығаруға болады. Мұнда Х деп қараның жұлып алатын алмасының саны десек, 
-
=1
теңдеуіне келеді. Мұнан х = 22.
 Қыңырдың жасы.
Есепке құмар бір кісі қыңырдан: 
- Жасың нешеде? – деп сұрапты. Сонда ол:
3.
Менің 3 жылдан кейінгі жасымда үш еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды үш еселеңіз. Алғашқы 
көбейтіндіден соңғы нәтижені шегеріңіз. Сонда меніңжасымды табасыз. Ол кісі нешеде?
Жетесінде жоқ,
Жете сыйламайды.
Шешуі: Қыңырдың қазіргі жасын -х десек, есеп шарты бойынша:
3(х+3) – 3(х-3) = 3х+9 – 3х + 9 =18
Тексеруі:
18+3=21;
18 – 3=15;
21 х 3 – 3 х 15 = 63 – 45 =18.
Жауабы: Қыңырдың жасы. 18-де.
 
 Мерген.
Мерген нысанаға 10 рет атып, 90 ұпай жинады. Оның төртеуін ондыққа, сегіздікке және жетілікке тигізді. Ол тоғыздыққа 
нешеуін, сегіздікке нешеуін, жетілікке нешеуін тигізді?
Аң таппаған,
Атынан көреді.
Ата алмаған
Мылтығынан көреді.
Шешуі: 7 х 1 + 8 х 2 + 9 х 3 + 10 х 4 =90 болғандықтан, жетілікке біреуін, сегіздікке екеуін, тоғыздыққа үшеуін, ондыққа 
төртеуін тигізгені
Тоғыз тарау иірімдерінің бүге-шігесін меңгеріп, зерде тезіне салып, керегенің көгіндей атқаратын қызметін түсіну, көген 
түймесін табу-есепті шешудің алтын балдағы. Оны көп, із кессең табасың. Міне ,бұл қазақ халқының ауыз екі тараған 
есебінің артықшылығы. Қазақ халқының математикалық білімінің тамыры терең. Ол қазіргі тілмен алғанда санаудың 
әртүрлі жүйесін, мәселен үштік, ондық, тоғыздық пайдаланған. Тоғыздық жүйе ешбір жалықта кездеспейді. Қазақтың мұра 
есебі – Симплекс әдісіне келсе, мүшел есебі, зекет есебі, бітір есебі, тоғыз құмалақ есебі - өз алдына бір төбе. Қазақтың қара 
есебі өмір қажеттілігінен туындаған. Қазақ халқының тәрбиесінің математикалық астары да түрліше.
Олар: 1. Жұмбақ есеп
2. Өлең есеп
3. Ертегі есеп
Ғасырлар бойы даналығымен, өміршеңдігімен дәлелденген халықтық есептер үлгілері- тәрбиенің қайнар көзі болып 
табылады. Қанша уақыт өтсе де маңызын жоймаған халықтың ұлттық мұрасын тәлім-тәрбиенің түп қазығына айналдыру – 
біздің де асыл борышымыз. Сондықтан халқымыздың ауыз әдебиетінде, ертегілерде, шешендік тапқыр сөздерінде, салт-
дәстүрінде оқушылардың ақыл-ой зердесін тәрбиелеуде ұлттық мазмұнды есептер шығарудың маңызы зор. 
*****
70

Батыс Қазақстан облысы  Казталов ауданы
Г.Бегалиев атындағы ОЖББМ
І санатты технология пәнінің мұғалімі  Айткалиев Зейнур
Технология                                                                                                                        Сыныбы: 6
Сабақтың тақырыбы:  Ағаш сүрегінің қасиеттері.
                                      Діңгектің көлденең қимасындағы сүрек құрылымы.
Сабақтың мақсаттары: 
Оқушылардың сүрек және оның физикалық, механикалық қасиеттері туралы білімін қалыптастыру. Оқушыларға сезу 
мүшелерінің қатысы арқылы сүректің әр түрлі қасиеттерін еске түсіруіне мүмкіндік тудыру. Діннің көлденең қимасын 
зерттеу.  Оқушылардың іс тәжірибелік жұмыстар барысында іс әрекеттерде осы алған білімдерін пайдалануын 
ұйымдастыру.
Білімімен біліктілігіне қойылатын талаптар:
   
Оқушылар білуі тиіс:

сүректің физикалық қасиетін;

сүректің механикалық қасиетін;

дінің көлденең қиғандағы сүректің құрылымын;

ағаш неліктен жуандап өсетіндігін 
Оқушылар игерген болуы тиіс:

сүректің әр түрлі үлгілерін ажырата білуді;

ағаш түрлерін текстуралық атауына, түсіне, иісіне қарай ажырата білуді

сүректің қаттылығын анықтауды;

діннің негізгі кесіндісін үлгісіне қарап табуды.
Саймандар 
Әр түрлі сүрек түрлерінің үлгілері.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасына шолу \Ауызша\.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сүректің қасиеттерін  ұғындыру үшін кесте сызба арқылы түсіндіріліп, оқушылар топшамаларды ретімен 
орналастырады.
     Сүректі дайындау әдістері \мұғалім түснідіреді\.
 
1) Сыртқы түрін таңдау.
2) Өлшеу.
3) Өлшемін алу,
4) Кептіру.
     3.  Практикалық жұмыс.
Екі ағаш сүрегінің механикалық қасиеттерін айыру.
Діннің көлденең құрылымы Топтастыру, оқулықпен және суретпен жұмыс.
Діңді аралаудың негізгі түрлері.
Тақтадағы сурет бойынша түсіндіріліп, практикамен ұштастырыла көрсетіледі.
Қорытындылау.
Ағаш сүрегінің  қандай қасиеттері бар?
р\с
Анықтамасы
Физикалық 
Механикалық 
түсі
жылтырлылығ
ы
текстурасы
ылғалдылығ
ы
беріктіг
і
қаттылығ
ы
1
Ол өзек сәулесінің жиілігіне, 
орналасуына байланысты 
болады
+
2
Жүктемелерге қирамай шыдау 
қасиетіне байланысты болады.
+
3
Ол сүрек түріне, діңнің қабаттар
мен талшықтарына қатысты 
аралау бағытына байланысты.
+
4
Ағаш түріне, жасына, өсіп 
тұрған жағдайына қатысты 
қасиет.
+
5
Ол қарсыласу қаблетімен 
сипатталады.
+
6
Мұндай қасиеті  жоғары сүрек 
нашар өңделеді.
+
Үй тапсырмасы: қайталау
Ұзындығы: 50 см. ағаш сүректерін таңдау және дайындау.
7.
Бағалау
*****
71

Батыс Қазақстан облысы  Казталов ауданы
Қараөзен мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі
Хайрошева Гаухар Талапкалиевна
Сыныбы: 5
Пәні: математика
Тақырыбы:
Ондық бөлшетерді көбейтуге есептер шығару
Мақсаты:
Ондық бөлшектерді көбейту ережесін  қолданып есеп шығару қабілеттерін арттыру
Күтілетін нәтиже:
Ондық бөлшектерді көбейту ережесін біледі; Ондық бөлшектерді көбейту ережесін қолданып, 
есептер шығарады; Жоғары деңгейлі есептерді шығарады.
Керекті 
жабдықтар:
Оқулық, рефлексия парағы, бағалау парағы, интерактивті тақта
Сабақ кезеңдері:
Мұғалім әрекеті:
Оқушы әрекеті:
Кіріспе:
- оқушылармен амандасу;
- сыныпты түгендеу;
- кезекшілік қызметін қадағалау;
- оқушылардың назарларын сабаққа 
аудару.
Ондық бөлшектерді көбейту ережелерін 
қайталау үшін «Жалғасын тап» ойыны 
арқылы жұпқа бөлінеді. Бірдей 
ережелерді тапқан оқушылар топ болып 
отырады.
-үй жұмысын тексереді.

Табыс критерий
1
Бөлінгіш табу ережесін біледі
2
Ондық бөлшектерді көбейту ережесін 
біледі
3
Есепті толық шығарған, бірақ 
есептеуінде қате бар
4
Есеп қатесіз дұрыс орындалған
Барлығы
-мұғаліммен сәлемдесу;
- жоқ оқушыларды айту
- кезекшілік қызметін атқару;
- сабаққа зер салу.
Жұпқа  бөлінеді
- оқушылар бір-бірімен дәптерлерін алмастырып, 
тақтадағы дайын жауап арқылы үй тапсырмаларын  
тексереді. Бағалау парақтарына табыс критерийлері 
бойнша балдарын қояды.
Тұсаукесер:
Тақырыпты хабарлайды. Мақсатын, 
табыс критерийлерін оқушылармен бірге
анықтайды. «математикалық диктант»
Қатесін тап ойыны
2,585                   0,0091             89,701
       7                            5                       3      
17,195                  5,0445             259,104 
Тақырып бойынша ережелерді айтады.
Математикалық диктант жазады. Тақтада берілген 
есептердің қатесін табады.
Негізгі бөлім:
Қас қағым сәт. Әр топқа тапсырмалар 
беріледі. Кім жылдам Әр топқа есептер 
беріледі. Мәселе есептер 

Табыс критерий
1
Ондық бөлшектерді көбейту ережесін 
біледі
2
Ондық бөлшектерді дұрыс көбейткен, 
бірақ үтір қойғанда қате жіберген
3
Есепті толық шығарған, бірақ 
есептеуінде қате бар
4
Есеп қатесіз дұрыс орындалған
Барлығы
Қас-қағым сәт (1 мин)
    І топ 
1,83 × 10=1 8 3                        
12,085 × 100=1 2 0 8 5                     
7,5492 × 1000=7 5                                                
ІІ топ 
  1,51 × 10= 1 5 1
  91,065 × 100=9 1 0 6 5
   2,1561 × 1000=2 1 5 6 1
           ІІІ топ 
 0,103 × 10=1 0 3
2,758 × 100=2 7 5 8
63,0457 × 1000=6 3 0 4 5 7         
Мәселе есептер (2 мин)
І топ: Меншікті жылдамдығы 19,5 км/сағ моторлы 
қайық ағыс жылдамдығы 2,8км/сағ өзенде ағыспен 2 
сағ, ағысқа қарсы 3 сағ жүзді. Моторлы қайық барлығы
қанша қашықтыұты жүзіп өтті?
ІІ топ: Жолаушылар поезында 15 вагон бар. Оның 0,6-
сы купелі вагондар, қалғандары плацкарт вагондар. 
Жолаушылар поезында неше плацкарт вагон бар?
ІІІ топ: «Ту-134» ұшағы 900 км/сағ жылдамдықпен, ал 
0,4 сағ 850 км/сағ жылдамдықпен ұшты. Ол барлығы 
қанша қашықтықты ұшты?
Қорытынды:
Арифметика кілтінің авторы
К.                    Ә.               А.                        
Әр оқушы есептерді жеке шығарып, арифметика 
кітабының авторын табады.(5 мин)
72

Л.                   И
11,46 
34,6 
34,65 
73,6 
106,26 
Ш 
Бағалау:
Табыс критерийлері бойынша өз-өздерін
бағалатады.
Интервью әдісі бойынша сабақты 
қорытындылайды.
Рефлексия парағын толтырады
Рефлексия «Алақан »
Табыс критерийлеріне сәйкес өз-өздерін бағалайды.
Үйге тапсырма
№803
*****
КЕМБРИДЖ  ОҚУЛАРЫ МАҒАН НЕ БЕРДІ?
 Изтлеуова А.А.
№23 орта мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
              2013   жылдың     ақпан   айында   Ақтөбе   қаласындағы   «Өрлеу»   педагогтардың   біліктілігін  жетілдіру  және   арттыру
институтында Кембридж университетінің  ғалымдарының бірлесуімен дайындалған бағдарлама бойынша мен 3 деңгейлі үш
айлық білім жетілдіру курсынан өттім. Осы курс өмірімде алатын орны ерекше болмақ. Олай дейтінім, осы курстан көп
нәрсені үйрендім. Осы курс  бағдарламасы сындарлы оқыту теориясына  негізделген. Қазіргі білім беру жүйесінің басты
мақсаты оқушыға тиімді білім беру болса, сындарлы оқыту – оқушылардың ойлануын дамыту,  олардың бұрынғы алған
білімдерін ұштау және өмірде қолданыс табатындай, кез - келген әрекетте ұтымды пайдалануына бағытталған. Яғни, білім
құндылығын ажырата алуы.  Бұл жағдайда мұғалімнің ұстанымы нақты, ұйымдастыруы жүйелі, білімі айқын болуы қажет
деп білемін. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі  негізгі   тұлға  - мұғалім. (Strong,Wart & Grant,
2011)   Мұғалім заман талабына сай білім беруде өзіндік ой – пайымы, негізгі көзқарасы, іс – әрекеттегі баламалы шешімі
және оқытудың жаңа технологияларын жетік меңгеріп шебер қолданатын, үнемі іздніс үстінде білімін жетілдіріп, алдына
мақсат қоя отырып табысты оқытуды көздеген құзырлы тұлға болуын көздейді. «Ғылымды үйренем деген  адамның ақыл
– ойы айқын, ерік – жігері, тілек – мақсаты ақиқат пен әділдік үшін талап жолында болуы шарт»  - деген Әл-
Фарабидің пікірі Шульман ілімінің «мұғалімнің үш көмекші» қасиеттерімен ұштастыруға болады. Осы қасиеттерді  бойына
сіңірген мұғалім сапалы оқыту мен оқушының жетістіктерін, олардың өрістеуін  мүмкіндігінше қалыптастырады.Сондықтан
осынау   жаһандану заманында АКТ-ны игеріп, сонымен қатар,сабақта жаңа әдістерді пайдалану арқылы жаңашылдыққа
ұмтылу   басты   мақсатқа   айналды.   Кембридж   университетінің   тәсілі   негізінде   жасалған   бұл   Бағдарлама   жеті   модульді
басшылыққа   ала   отырып   білім   беруді   көздейді.   Теория   практикаға   ұштасып   жатыр.   Бұл   бағдарламаның   ерекшелігі-
сабақтың   топтық   формада   өтуі.   Дәстүрлі   оқытуда   да     топтық   жұмыс   түрлері   бар   және   біз   өз   сабағымызда   оны
қолданатынбыз,   бірақ көбінесе олар жарыс түрінде ұйымдастырылатын. Ал, курста үйренген қазіргі жаңа тәсілдің бірі-
топтық   таныстырылым   бәсекелестікті   мүлдем   көздемейді,   керісінше   серіктестік   негізінде   қарастырылады.Оны   курс
барысында және мектептегі тәжірибе кезінде өткізген сабақтарымда көз жеткіздім.«Ырыс-алды ынтымақ» дегендей, курста
үйренген ынтымақтастықпен жұмыс жасауды мен оқушыларыма да үйреттім. Яғни,шеңберге тұрып, бір-бірлеріне жылу
лебізді тілектерін айта білді. Сонымен қатар,түрлі әдістермен топқа бөлінді.Мысалы:мозайка,санмен т.т.Күнде бірнеше рет
топқа   бөлініп   жұмыс   жасаудың   өзі   ынтымақтастық   пен   бауырмашылдық   орын   алып   отырды.   Шеберлікпен
ұйымдастырылған   топтық   жұмыс   оқытуда   өте   тиімді     деп   ойлаймын,   өйткені   жұмыстың   бұл   түрі   көпшілдікке,
ауызбіршілікке үйретумен қатар тақырыпты жан-жақты қарауға, талқылауға, талдауға, көп ойдан маңыздысын сұрыптай
білуге үйретеді. Әр топ мүшелері өз ойын ашық айта білді. Сыни тұрғыдан ойлауға үйренді. Демек, оқушыларым постер
қорғауда ортаға шығып, көпшіліктің алдына сөйлеуге де үйренді. Бір-бірлеріне  2 жұлдыз,бір тілек айта білді. Үнсіз оқушым
да бір-екі ауыз сөз айтуға тырысты. Сабақта үнемі АКТ-ны қолданып отырдым. Мысалы:бейнефильмнен үзінді, электронды
оқулықпен жұмыс т.т  Ең қызығы, оқушылар сабақтың тақырыбын өздері аша білді. Бұл бағдарлама бойынша  мұғалім тек
бағыт-бағдар   беруші   ғана.   Бағыт-бағдар   беріп,   оқушыларды   өз   бетінше   білім   алуға   үйретеді.
Қорыта         келе,     өскелең   ұрпақты   жаңа   әдістермен   оқыту   арқылы   білімді   де,   білікті     оқушыларды   тәрбиелеу   біздің
міндетіміз.Оқушыларым біліммен қаруланған болса,алдында кездескен кедергілерден сүрінбей өтері сөзсіз. Бағдарламада
айтқандай,   оқушылар   да,мұғалімдер   де   сыни   тұрғыдан   ойлау  керек   дегендей,   мен   де,   оқушыларым   да   сыни   тұрғыдан
ойлауға   ұмтыламыз.  Оқушыларымның  өзіндік  пікірі  қалыптасып,кез  келген  жерде  өз  ойын  ашық   айта  алатын  тұлғаны
қалыптастыруда   көп     еңбек   етіп,   ізденіп,түрлі   әдістерді   қолдана   отырып,   сабақтарымды   жоғары   деңгейде   өткізетініме
сенемін. Cонымен қатар,оқытудағы жаңа тәсілдерді   өз орнымен қолдану мұғалімнің шеберлігі деп ойлаймын және   осы
бағдарлама идеясын жүзеге асыруда өзімнің педагогикалық қызметіме жоғарыда атап өткендей біршама өзгерістер енгізе
алдым деп сеніммен айта аламын. «Өзгені үйрете жүріп,өзім де үйренемін» деген Сенеканың сөзімен өз ойымды  аяқтағым
келіп отыр. 
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші (негізгі) деңгей. 2012 жыл    
 *****
73

 Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы,
Қармақшы аграрлы-техникалық колледжі, 
биология пәнінің оқытушысы   ЖҮСІПОВА ҰЛМАН ЖАЙЫЛХАНҚЫЗЫ
ІІ санат
Сабақтың тақырыбы: Қосарланып ұрықтану
Сабақтың мақсаты: 
а)   білімділік:  студенттерге   ұрықтану   процесін,   өсімдіктердегі   эндосперге,   диплоидты   және   триплоиты   жасушалардың
дамуын, Навашин, аталық және аналық гаметалардың дамуын түсіндіру
ә)   дамытушылық:  Оларға   ұрықтану   туралы   ғылыми   тұрғыдан   түсіндіріп,   ой-өрісін   дамыту   және   сабаққа
қызығушылықтарын арттыру;
б)   тәрбиелік:    студенттерге   көбеюдің     және   тозаңдану   мен   ұрықтанудың   күрделі   екенін   айту.   Салауаттылықты
қалыптастыру, біліктіліктерін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ     
Сабақтың типі: жаңа сабақты түсіндіру 
Сабақтың әдісі:   түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, физминутка т.б.
Оқулықтар, әдебиеттер: Жалпы биология   Т.Қасымбаева, К.Мұхамбетжанова
Құрал-жабдықтар:  Жабық тұқымды өсімдіктердің қосарланып ұрықтануы сурет, интербелсенді тақта, үлестірмелер, 
электронды оқулық.
Сабақ/оқу  барысы
Ұйымдастыру кезеңі.  Студенттермен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру, топқа бөлу, назарын сабаққа аудару.
Өткен сабақтар бойынша білім деңгейлерін тексеру
І топ  Жасушаның бөлінуін сызба нұсқа арқылы түсіндір. Жасуша қандай жолмен бөлінеді
ІІ топ  «Көзбен көріп ойланайық» - өткен сабаққа шолу жасау, экранда көрсетілген суретті бейнелеп, айтып беру. Жыныс
жасушасының бөлінуі. Мейоздың биологиялық маңызы.                                              
ІІІ топ      Ұрықтану, оның генетикалық маңызы. «Сәйкестікті көрсет» үлестірмелер. Жеке студенттермен жұмыс.
Жаңа сабақты (материалды) түсіндіру.  Қосарланып ұрықтану
Жоспары:
Гүлді өсімдіктердің қосарланып ұрықтануы.
Аналық жыныс жасушаларының дамуы.
Аталық  гаметалардың   дамуы.    
       Гүлдің құрылысын еске түсіру. (студенттерден сұрау) 
Гүл сағағы, 2) гүл табаны, 3) тостағанша, 4) күлтесі, 5) аталықтар, 6) аналық
Гүлді  өсімдіктердің қосарланып ұрықтануы. Жануарлар мен жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің жыныс жасушаларының
дамуы мен ұрықтануда көптеген ортақ қасиеттерімен   бірге айырмашылығы бар. Оны дара жарнақты гүлді өсімдіктердің
жыныс жасушаларынан байқауға болады.
Электронды оқулық. Аналық жыныс жасушаларының дамуы.  Аналық жыныс жасушалары аналық түйінінде дамиды.
Оның ішінде тұқым бүршігі орналасқан. Бұл тұқым бүршігіндегі пісіп-жетілген жұмыртқа жасушасы мейоз жолмен екіге
бөлініп, гаплоидті жиынтығы бар төрт жасуша пайда болады. Осы төрт жасушаның үшеуі тіршілігін жояды да, қалған біреуі
митоз жолмен үш қайтара бөлініп, гаплоидті жиынтығы бар сегіз жасуша түзеді. Сегіз жасушаның бесеуі ұрықтың қабығын
түзуге қатысса, ал қалған үшеуінің біреуі жұмыртқа жасушасына айналады.
Қалған екеуі гаплоидті хромосома жиынтығы бар жасушаларға қосылып, диплоидті жиынтығы бар жасушаға айналады.
Осындай жолмен пісіп-жетілген гаплоидті және диплоидті жиынтығы бар жұмыртқа жасушасы ұрықтануға дайын тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет