Сергіту сәті
«Күн мен түн».
Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, қажет ұғымды іздеуде зейінді
ұмтылдыра білу.
Мазмұны: педагог сөз айтады, балалар оған мағынасы қарама-
қармсы сөз айтады:
«Күн-түн, тәтті – ащы және т.б.».
Оқушылар ойын ойнайды
Рефлексивті —
түзетушілік
Мәтінмен жұмыс мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі:
─ Хормен оқу
─ Тізбектеп оқу
─ Сөйлемдегі сөздердің санын анықтату.
Тапқышбектің тапсырмасын орындау.
Шарлардың топтамасындағы буындардан сөздер құрау.
Ауада көрсету
Аяқ ұшымен жазу
Тақтаға жазып көрсету
Құмда жазу
Иілгіш таяқшамен жазу
-Әріп дегеніміз не?
- Дыбыс нешеге бөлінеді?
- Дыбыс не істейміз?
Қандай болып екіге бөлінеді
-Дауысты дыбыстар деп неге атаймыз?
–Дауыссыз дыбыстарды қалай айтамыз?
-Дауысты дыбыстар қандай текшемен белгілене ді?
-Дауыссыз дыбыстар қандай текшемен белгіленеді?
-Сонымен балалар Н дыбысы қайсы үйдің тұрғыны?
Тапсырмаларды әр бала өз
алдына ерекше орындады.
- Әріп дегеніміз дыбыстың
таңбасы.
- Дыбыс екіге бөлінеді
-Дыбысты естиміз.
-Дауысты және дауыссыз
-Дауысты дыбыс кедергісіз
айтылады.
–Дауыссыз дыбыстарды
-Кедергімен айтамыз.
-Көк үйдің тұрғыны
Күтілетін
нәтиже:
Білу
Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады.
Өзіне үйренгені
Н дыбысын оқып,жаза алады
Үйрену
Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену.
Оңтүстік Қазақстан Облысы Түркістан қаласы А.Үсенов ауылы
А.Үсенов атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Нұрмышева Гүлнар
Сабақтың тақырыбы: 5-ті қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ондықтан атап5-ті және азайту тәсілдерімен таныстыру, 5-ті қосудың және азайтудың кестелік жағдайларын
екі амалдан тұратын өрнектермен , есептесулермен байланысты іс-әрекеттерде қолдануға машықтандыру , екі амалмен
шығарылатын есепті шығару.
Дамытушылығы:Жас ұрпақтың дара ерекшелігін ескере отырып ойлау , есте сақтау,өз бетімен шешім қабылдау ,
белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мәні:Оқушының берілген тапсырма бойынша оқушының өз бетімен ойлау нәтижесінде жүзеге асыруын
қалынтастыру. Сыйластыққа қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі:Суреттер,сызбалар,5-ті қосу азайту кестелері, жұбын тап ,кім жылдам, матиматикалық диктант.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,ойын, сто элеметтері.
Сабақтың барысы:
I.Оқушыларды түгелдеу, сабаққа назарын аудару.
II.Үй жұмысын сұрау.
«Жұбын тап»ойын арқылы үй жұмысын қорыту.
7
?
4
11
12
13
?
4
?
III.Жаңа сабақ:Бүгін өтетін сабағымыз 5-ті санға қосу және азайту.
-Балалар сендер еңбекеткенді жақсы көресіңдер ме?
(алма ағаштың суретін ілу)
-Бірінші алма ағашында неше алма бар?
85
-Неше алма теріп алдың? (6)
-Екінші алма ағашының алмасын кім терді?
-Неше алма алдың? (5)
-Дұрыс 6+5=11
-Екі алма ағашында барлығы неше алма бар екен?
-Міне 11 алма жинап алдық .Осы есепті жақша арқылы жазып көрейік.
(7+3)+1=11
-Енді осы алмадан бінеуін таңдап алайық
11-5=6
(11-1)-4=6
Сергіту сәті: Бір,екі,үш
Бойға жинап күш
Жалқаулықты тастаймыз
Жаңа сабақ бастаймыз
№1(ә) «Кім жылдам» ойын арқылы шығарып көрейік
7+5 12-5 8+5 13-5 9+5 14-5
№2»Кім біледі?» ойын орқылы қосындының және айырманаң мәнін табу.
6+5 11-5 5+6 11-6 11-6 7+5 12-5 5+7 12-7
№3 Матиматикаклық дтктант
(7+3)+2 (13-3)-2
(12-2)-3 (9+1)-4
(8+2)+3 (14-4)-1
№4 «Ойлан тап» ойны орқылы есепті шығару.
Шопан - ? 5-еуі арық ? Малшы
Жылқышы – 6 6+(6+5)=17 малшы
№6 «Кім тапқыр?» ойын арқылы 6+5=11теңдейтін пайдаланып қандай екі таңбалы сандарға 5 – тік қосыуға болады.
Сабақты қорыту: Тест жумысы
1)Өрнектің мәтінін тап (7+3)+2
а)12
ә)11
б)13
2)Қосындың мәнін тап 9+4
а) 11
ә)13
б)12
3)Айырымның мәнін тап 14-5
а)9
ә)10
б)11
Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма №2(3,4)
* * * * * * *
Оңтүстік Қазақстан Облысы Түркістан қаласы А.Үсенов ауылы
А.Үсенов атындағы жалпы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Қайназарова Ұлданай
Сабақ: Сауат ашу
Тақырыбы: Мен және табиғат. Е дыбысы мен әрпі.
Күні: 07.12.2016ж
Мұғалімнің аты-жөні: Ұ. Қайназарова
Сынып: 1 «Б»
Қатысқандар саны:21
Осы сабаққа негізделген оқу
мақсаттары:
1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.1.4.1 Мәтіннің мазмұнын тақырыбы немесе оның иллюстрациясы
бойынша болжау
1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және
төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға
сай жазу.
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар: Жаңа білімді меңгереді
Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші
сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбір оқушылылар: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Ойлау дағдыларының
деңгейі:
Білу және түсіну
Қолдану
Тілдік мақсат:
Оқушылар орындай алады: Е е дыбысы мен әрпінен келетін сөздер
үйреніп, сөздік қорлары молайды.
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: (анықтама берілуі керек сөздер)
Мен – я – i
86
Табиғат – природа – nature
Дыбыс – звук – sound
Әріп – буква – letter
Е дыбысы мен әрпінен келетін сөздер
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі: Талқылауға
арналған сұрақтар:
Дыбыс деген не?
Әріп деген не?
Е дыбысынан келетін қандай сөздер білесің?
Жазылым: Е е мен сен ерте Есен
Бағалау критерийлері:
Әріптерді таниды және ажыратады.
Әріпті дыбыспен сәйкестендіріп оқиды.
Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.
Түсініп оқиды
Алдыңғы оқу
Өткен әріптерді еске түсіру
Жоспар
Жоспарлаған
уақыт есебі
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Басы 2 минут
Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген
қандай тамаша, қандай қуаныш!
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Өтке сабақты еске
түсіру
3 минут
Жаңа сабақ
Суретпен жұмыс
4 минут
Дыбыстық талдау
5 минут
Жазылым
4 минут
Үлестірмелі кеспемен
жұмыс
2 минут
Сергіту сәті
2 минут
Оқылым
7 минут
Тапсырма
2 минут
Сабақты бастамас бұрын бағалау критерийін құрып алу.
Ең көп стикер жинаған оқушы ең биік балл алады.
Сұрақтарға нақты жауап беру.
Дыбыс түрлерін ажырата алу.
Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.
Жазу каллиграфиясына көңіл бөлу
Сауатты, қатесіз жазу
«Сұрақтар жаңбыры» ойыны
Сауат ашу пәнінен не үйренеміз?
Дыбыс деген не?
Әріп деген не?
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді?
Дауыссыз дыбыс ше?
Дауысты дыбыс деген не?
Дауыссыз дыбыс деген не?
Өткен сабақта қандай әріптермен таныстық?
Жаңа сабақ
Ой қозғау. Суретпен жұмыс.
Суреттен не көріп тұрмыз?
Табиғатты ластауға бола ма?
Табиғатқа қалай көмектесуге болады?
Суреттен қандай аңды көріп тұрсыңдар?
Жаңа сабақ. Е е дыбысы мен әрпі.
Елік сөзіне дыбыстық талдау жасату.
№4. Жазылым. Дәптермен жұмыс.
Е е мен сен Есен (көркем жазу)
№1 Тыңдалым.
-Мен атам мен әжеме кім боламын?
Суреттердің алғашқы әріптерінен жауабын табамыз.
Ой сергек! Видеодағы әуен ырғағымен билеу
№2 Оқылым.
Ар ал да та са ла ма
ер ел де те се ле ме
Мен сен не ер Есен
Емен сенім немере ерте Ерлан
№3 Сұрақтың жауабын суреттің көмегімен болжа
Аяқталуы 2 минут
Қорытынды
2 минут
Кері байланыс
Қорытындылау
Стикерді санап, қанша балл арғанын хабарлау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды
мадақтау.
Қосымша ақпарат: Интернет, АКТ
87
Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді
қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті
жоғары оқу-шыларға тапсырманы
күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша
тапсырмалар беремін.
Сұрақ-жауап арқылы тексеру
Дескриптор
сөздерді дұрыс оқиды;
көп нүктенің орнына қойылатын әріпті анықтайды және белгілейді.
сөздерді буындап немесе тұтас оқиды;
сөздерді сәйкес суреттермен байланыстырып сызады
Рефлексия
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы
сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ/оқу мақсаттары мен міндеттері
орындалды ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сабақ қалай, қандай деңгейде өтті?
Жоспарлаған шаралар тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер
енгіздім және неліктен?
Сабақта алдыма қойған мақсатыма жеттім.
Оқушылар әріпті таныды, дыбыстық талдау жасады. Буындарды, сөздерді
буындап, кейбір сөздерді тұтас, түсініп оқыды.
Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын
сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазды.
Оқушылар табиғатқа қамқор болуды және е дыбысы мен әріпі туралы білді.
Сабақ жоғары деңгейде өтті деп ойлаймын.
Жоспарланған шаралар өте тиімді болды.
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім.
Мен өз жоспарыма түзетулер енгізбедім.
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Төребай би ауылы
№ 199 орта мектеп Бастауыш сынып мұғалімі
Шегебаева Ақыл Бисекенқызы
Пәні: Әдебиеттік оқу
Тақырыбы: Ақша қар. З.Шүкіров
Мақсаты:
Білімділік: Ақын-жазушылардың балаларға арналған шығармаларының басты тақырыбын және негізгі мазмұнын
айқындау, әдеби теориялық білім негіздерін қалыптастыру, әдеби функционалдық сауаттылыққа баулу және әдеби тілде
еркін сөйлеуге баулу;
Тәрбиелік: Жалпыадамзаттық құндылық пен адамгершілік тәрбие беру;
Дамытушылық: Көркем-шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту.
Түрі: шығармашылық сабақ.
Көрнекілігі: портрет, слайд.
Әдісі: топтық жұмыс, баяндау, сұрақ-жауап, ой шақыру, ассоциация.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.
Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың көңіл-күй ахуалын орнату, сабаққа әзірлілігін тексеру.
Қандай суық қыс деген,
Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесе,
Құлағыңды тістеген.
Қандай қызық қыс деген
Бәрін шебер істеген.
Бақша-бауды, тауды да,
Бояған ақ түспенен.
Бүгінгі сабағымыз неге арналатынын аңғардыңдар ма?
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген М.Дулатовтың «Қыс» және М.Жұмабаевтың «Балапан қанат қақты» әңгімелерін
баяндату.
І топ: «Аяз»
«Қыс» әңгімесі бойынша баяндату.
1)Нағыз қыс.
2)Қыстың жайсыздығы.
3)Малшылар еңбегі.
ІІ топ: «Жел»
«Балапан қанат қақты әңгімесі бойынша баяндату.
1)Балапанның жағдайы.
2)Балапанның аянышты халі.
3)Көмек.
ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау:
1.Жылқышылардан басқа қыста қиыншылық көретін қандай кәсіп иесін білесіңдер?
2.Қыстап қалатын қандай құстарды білеміз?
3.Қыс мезгілінің пайдасы мен зияны не?
4.Қыс сендерге несімен ұнайды?
ІҮ.Жаңа сабақ: Жұмбақ шешу.
88
Қанттай ақ
Мамықтай ұлпа
Қыста жер бетін басады,
Жазда сайға қашады. (қар)
10.
Балалар, қардың түрлерін білгілерің келе ме?
11.
Ендеше, оқулықтағы жаңылтпашты оқиық.
1.Бұл қар –
2.Қырбық қар құрғақ па?
Сұр қар
Құрғақ қар құрғақ па?
Сұр қар –
Қырбық қар да құрғақ,
Кір қар.
Құрғақ қар да құрғақ.
Үстінде ойнама,
Үстіңді былғар.
Жаңылтпаштардан қардың қандай түрлері бар екенін білдік. Енді оны топтап жазайық.
Қырбық қиыршық көбік жапалақ ұлпа сонар ақша
Қ
А
Ң
Т
А
Р
Қ
Ы
С
Ш
А
Н
А
А
Қ
Қ
А
Л
А
А
Қ
П
А
Н
Қ
А
Р
Ғ
А
Б
О
Р
А
Н
-Тағы қандай қар болатынын көргің келе ме? Ендеше, бейнероликтен
қардың жаууын тамашалайық.
Сөзжұмбақ шешу:
1.Жылдың алғашқы айы.
2.Жыл мезгілі.
3.Қысқы ойын құралы.
4.Қардан соғылатын бейне.
5.Қыстың үшінші айы.
6.Қыстап қалатын құс.
7.Ұйытқып соғатын жел.
«Ақша қар» сөзін қай кезде естиміз?
Жаңа жылда. Себебі біздің шыршамызда Аяз атамен бірге Ақшақар да келеді.
Мағынаны тану: Бүгін біз З.Шүкіровтың «Ақша қар» өлеңімен танысамыз.
Автор туралы мәлімет:
Зейнолла Шүкіров бала кезінде түйеден құлап, соның кесірінен қатты науқастанады. Мүгедектік халіне өзін жеңдірмей,
өмірінің соңына дейін қолынан қаламын тастамаған жазушының тағдыры бәрімізге үлгі боларлықтай.
Зейнолла Шүкіров атамыз 1927 жылдың 16 ақпанында Қызылорда облысы Арал ауданы Бөген ауылында дүниеге келген.
Екінші сыныпты аяқтаған жылы ол ауыр науқастанып, өз бетінше білім алады. Ақындық пен жазушылықты қатар ала
жүріп, сан түрлі тақырыптардағы туындыларын өскелең ұрпаққа, яғни бізге мұра етіп қалдырған. Ол 1977 жылы Қазақстан
Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталады. «Менің достарым» атты алғашқы жинағы 1955 жылы жарыққа
шыққан.
Түсіндірілетін сөздер: қалт-құлт, жалт-жұлт, айқара.
Сөздікпен жұмыс. Ақша қар – жаңа жауған қар.
Қырбық қар – жұқа жауған қар.
Қардың түрлері:
Жапалақ қар – ірі түйіршікті жапалақтап жауған қар.
Сонар қар – алғаш жауған қалың қар.
Ұлпа қар – түйіршікті үлбіреген жеңіл қар.
Омбы қар – ат бауырлайтын қалың қар.
Күпсек қар – қалың жауған ұлпа қар.
Мұздақ қар – үстін мұз торлаған, көкшіл түсті беті жылтыр сырғанақ қар.
Ү.Сергіту сәті: Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Су өтеді қолғаптан.
Шығармашылық тапсырма:
Ұйқас өлең құрастыру
Аппақ _____ қар жауар,
___________ қуанар.
Аққала соғып, жарысып,
89
_____ ______ балалар.
Балалар, бүгінгі сабағымыз жылдың қай мезгіліне арналған?
Ал сендер қысқы табиғат құбылыстарын білесіңдер ме? (қар жауу, аяз, боран, қырау)
Қандай қысқы ойын түрлерін білесіңдер? (шана, шаңғы, коньки, хоккей, аққала соғу)
Қысқы адам еңбектерін ше? (қар күреу, ауылшаруашылық техникаларын жөндеу)
Ал, қыс мезгілінде атап өтілетін қандай мерекелерді білесіңдер? (Тұңғыш Президент күні, Тәуелсіздік күні, Жаңа жыл)
ҮІ.Сабақты бекіту:
Білемін
Білдім
Білгім келеді
Қар ақ болады
Қыста жауады
Қардың түрлері
Күнтізбе
Қансонар
ҮІІ.Сабақты қорытындылау: Ақын жырлаған қыс бейнесін өз өлкеміздегі қыспен салыстыра отырып, қыстың сипатын
ашатын 3 дәлел айтайық.
ҮІІІ.Үйге тапсырма: өлеңді жаттау.
ІХ.Бағалау.
*****
Қызылорда облысы Қармақшы ауданы Алдашбай ахун ауылы
№111 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Ләззат Медебаева Сәдуақасқызы
Сабақтыңтақырыбы :
Жай және құрмалас сөйлем .51-56 жаттығу.
Сабақтың мақсаты :а) Құрмалас және жай сөйлемді ажырата білу,дұрыс сөйлем құрауға үйрету.Сөйлем мүшелеріне
талдай білу.
ә)Оқушылардың ойлау қабілетін, есте сақтауын дамыту.
б)Ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа,өзіндік ізденіске баулу.
Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі:жаңа материалды меңгерту.
Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап ,түсіндіру .
Көрнекілігі: кестелер,суреттер ,тақта,топтамалар.
Өту барысы: I .Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
«Күн сәулесін шашырату» жаңа күнге сәттілік тілеу.
Балалар ,қазір бізде қандай сабақ?
•
Қазақ тілі
•
Ендеше ұранымызды еске түсірейік
Қазақ тілім ,өз тілім,ана тілім,
Абай ,Мұхтар сөйлеген дана тілім
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым дара тілім.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
47-жаттығу
III .Өткен сабақты бекіту.
«Себетті толтыр» ойыны.
«Жай сөйлем» себеті және «құрмалас сөйлем »себеті.
IV .Жаңа сабақ.
10.
Тақырыбын, мақсатын хабарлау
11.
«Ойлан, тап » ойыны .
Оқулықпен жұмыс:
51-жаттығу Жұмбақтың шешуін тауып оны жатқа жазу.
Дәу қара құс көрінді,
Көзінің жасы төгілді. (бұлт)
52-жаттығу Сөйлемдерді көшіріп жазып жай және құрмалас сөйлемдерді ажырату.
Жай сөйлем: Құсбегі бүркіт салды. Оқу-білім бұлағы, білім-өмір шырағы.
Құрмалас сөйлем: Абай сәлем беріп үйге кіргенде, кең үйдің іші лық болған кісі екен.
Біз далаға шықсақ, боран басылыпты.
Топтық жұмыс .
Оқушыларды салт –дәстүрлерге байланысты үш топқа бөлу .
«Шілдехана »тобынашілдехана туралы айтып беру .
«Бесікке салу» тобына бесікке салу туралы айту.
«Тұсау кесер »тобына тұсау кесер рәсімі жайлы айтып беру .
1-топқа тапсырма . Оқулықтағы мәтінге ат қойып,мазмұндау .
2-топқа тапсырма .Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазу.
3-топқа тапсырма .Сурет бойынша шағын өңгіме құрау .
Сергітусәті:
«Көңілді күн »
Жұптық жұмыс:
Семантикалық карта. Сөйлем түрлерін ажырату .
90
Жай сөйлем Құрмалас сөйлем
Қар жауды . Қоңырау соғылды да,сабақ басталды
Бүгін мен ерте келдім. Ауылдан атам келді де,мені циркке апарды. Айгүл сабақ оқыды. Апам жіп иірді де,одан
күртеше тоқыды.
Ой толғаныс.
55-жаттығу. «Жалғасын тап» ойыны
1. Олбүгінүйгеертекеліп, бізге ас әзірледі.
2. Лездеаспандыбұлтторлап, жаңбыржауабастады.
3. Жазыстықболса, қысқаттыболады.
4. Ақылжастаншығады, асылтастаншығады.
5. Күшіңесенбе, адалісіңе сен.
Қорытындылау:
Вен диаграммасы.
Үйгетапсырма:
56-жаттығу. Сөйлемніңекітүрі-жайжәнеқұрмалассөйлемдертуралыойыңды, біліміңдіжинақтап, сызбағатүсіру.
Бағалау.
* * * * * *
Тастамбекова Айымгүл Тұрсынқызы.
«Сарыарқа жалпы білім беретін орта мектеп» КММ жанындағы шағын орталық тәрбиешісі
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні:
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Мүсіндеу
Тақырыбы: Қояндарға сәбіз
Мақсаты:
1.Білімділік: Қоян туралы түсінік беріп,қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейту.
2.Дамытушылық: Ермексазбен сопақша денені мүсіндеу машығын дамыту.
3.Тәрбиелік: Аңдарға,айналаны қоршаған ортаға деген қамқорлыққа, әдемілік,ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдер: түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.
Сөздік жұмыс: Қоян
Көрнекіліктер: балалардың санына қарай үлестірмелі материалдар,қоянның ,сәбіздің суреті,тақтайша ,тұзды қамыр,сулық.
Билингвальды компонент: қоян-заяц-хеа
Әрекет кезеңі
Тәрбиешінің оқу қызыметі
Балалардың оқу қызыметі
Мотивациялық- қозғаушы
Балалар б үгінгі біздің оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ.Себебі бізге қонақтар келіп
отыр.Қонақтарымызбен,достарымызбен сәлемдесейікші.
Шаттық шеңбері.
Үлкенге де сіз,кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп , Бас иеміз біз.
Амансың ба,алтын күн!
Амансың ба туған жер!
Амансың ба достарым!
Амансың ба ұстазым!
Сәлемдеседі. -Сәлеметсіздер ме ,қонақтар?
Ұйымдастыру- іздестіру
Рефлексивті –түзету.
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
Мен сендерге қазір бір жұмбақ жасырайын. Сендер жауабын тауып көріңдер.
Жұмбақ.
Қалқиып екі құлағы ,
Елеңдеп үркіп тұрады.Ол не екен балалар? (қоян)
-Қоян қайда жүреді?
-Қоян қандай аң?
-Тонының түсі қандай?
Қояндар жауларынан қорғану үшін жыл мезгілдеріне байланысты тондарын ауыстырып отырады екен.
Мысалы: Қыс мезгілінде қар сияқты аппақ,
Көктемде көкше қоян болады екен.
Балалар кәне қоян туралы қандай тақпақ білеміз?
Ақ қоян тұршы,
Бетіңді жушы Айнаға қарашы
Шашыңды тарашы Әйбат көйлек киші.
-Өте жақсы балалар. Сендер қоянның үйінеқонаққа барғыларың келе ме? Олай болса біз алдымен қоянға қандай сыйлық
апаратынымызды біліп алайық. Интерактивті тақтадан «Маша мен аю» мультихикаясынан
үзінді көрсету. Көрдіңдер ме балалар қоян нені жақсы көреді екен? Біз қояндарға сыйлыққа сәбіз апарайық.
Жұмыс столын дайындау.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы –қырлы жерлермен
91
Ытқып-ытқып секірді
Қарап еді артына
Қиығын салып көзінің
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
-Балаларға сәбіздің суретін көрсету. -Сәбіз қайда өседі?
–Сәбіздің түсі қандай? -Пішіні сопақша екен. Тұзды қамырдан жұмыстың
орындалу тәсілін түсіндіре отырып көрсету.
Қажет болған жағдайда балаларға көмектесу. Сабағын бекітіп,себетке салу.
-Сәбізімізде дайын болды ,енді қонаққа барсақ та болады.
Сәбіздерді қоянға ұсыну.
-Балалардың жұмысын бағалау ,мадақтау.
Қоштасу шеңбері.
Қол ұстсып тұрайық
Шеңберді біз құрайық
Кездескенше күн жақсы
Сау сәлемет болайық.
Сау болыңыздар.
Көжектерді балаларға сыйға беру.
Жұмбақты шешеді.
Сұрақтарға жауап береді.
Тақпақ айтады.
Сергіту жаттығуын жасайды. Қоштасады.
Күтілетін нәтиже
Нені білді
Нені игерді.
Қояндар туралы, сәбіз туралы білді.
Ермексазбен мүсін жасауды.
*****
ОҚО.Шымкент қаласы, Ж.Баласағұн атындағы
№6 жалпы орта мектептің технология пәні мұғалімі Л.А.Кадырбаева
Сынып: 5 а
Сабақтың тақырыбы: Мата түрлерімен танысу және тоқыма талшықтарын жіктеу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері арқылы өз бетінше және топпен жұмыс істеу
дағдыларын қалыптастырып дамыту.
Білімділік: Матаның физикалық, механикалық қасиеттерімен толық таныстыру
Дамытушылық : Маталарды ажырата білуге үйрету, олардың негізгі қасиеттерімен таныстыру.
Тәрбиелік: оқушылардың сабаққа деген құлшынысын арттыру, ынта қойып тыңдату. Теориялық және практикада алған
білімдерін күнделікті өмірде пайдалана білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, мата түрлері, лупа, тарелка, шырпы.
Сабақтың әдісі: Ой қозғау», «Топтық жұмыс»; «Жұппен жұмыс», «Жеке жұмыс»; «Шығармашылық жұмыс»,
«Рефлексия»; «Өзара бағалау»; «Диалогтік оқыту
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
1.Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
2.Сынып тазалығын тексеру.
3.Оқушылардың құрал- жабдықтарын тексеру
4. Өткен сабақты қайталау
«Қайталау–оқу айнасы»
Топ топқа өткен тақырып бойынша әр түрлі деңгейдегі сұрақтар қояды
Аспаздық жұмыстар кезіндегі сақталатын қауіпсіздік ережелері.
Ыстық сусындар түрлері . Мысалдар
Дайын бутерброд сапасына қойылатын талаптар.
Жарма тағамдары: сүт және сүт өнімдері туралы. Төрт түлік малдан алынатын өнімдері туралы
ІІ. Жаңа сабақ
Жүн және жібек маталар жануардан алынатын табиғи талшықтардан, сонымен қатар химиялық жолмен алынатын
талшықтарды қосу арқылы дайындайды.
Маталардың талшықтық құрылымы немесе тағайындалуы бойынша таңдау маталар ассортименті деп аталады.
Талшықтар. Мата дайындауға арналған иірілген жіп алудың шикізаты. Мата қиындыларын мұқият қараған кезде оның
жіптерден тұратынын көруге болады. Жіптер өзара ұзындық бойы және көлденең өріліп жатады.
Жүн талшықтары – қой, ешкі, түйе және басқа да жануарлардың түк жамылғысы.
Тоқыма өнеркәсібі өңдейтін жүннің негізгі бөлігі қойдан алынады.(95%). Қойдың жүнін арнайы қайшы қырықпен немесе
электр машинамен біртұтас қылып қырқып алады. Қырқылған жүн қатты ласталған және сапасы да біріңғай
болмайтындықтан, оны фабрикаға жіберер алдында сұрыптайды, түтеді, жуады және кептіреді.
Жүн талшықтары жіңішке, қатты иірімделген, ал ұзындығы 20мм-ден 450мм-ге дейін жетеді. Жуандығы әр түрлі болады.
Жүн талшығы неғұрлым жіңішке болған сайын күн сәулесі әсеріне төзімділігі өсімдік талшықтарына қарағанда жоғары.
Жанған кезде күйдірілген мүйіз немесе қауырсынның иісіне ұқсас иіс шығарыды, талшықтардың ұш жағында саусақпен
жеңіл үгіп жіберуге болатын қара күйген түйіршік қалады.
Жүн талшықтардан көйлектік, костюмдік және пальтолық маталар дайындайды.
92
Табиғи жібек – тұт жібегі құртының қуыршақтарынан алынатын ұзын жіңішке жіп. Көбелек қуыршақтан шыққаннан соң
жұмыртқа салады. Жұмыртқадан құрт пайда болады, ол құрттың қуыршаққа айналатын мезгілі келгенде өзінен жіп
шығарып, бұтаққа бекітіп, өзіне ұя немесе қуыршақ дайындайды. Қуыршақ жібінің ұзындығы 700- 800 метрге жетеді.
Жібек мата атаулары:
Шифон (жұқа ,нәзік, мөлдір);
Атлас (жұқа,құбылмалы түсті);
Бархыт немесе панбархыт (тұтас түкті немесе шифон фонында өсімдік немесе геометриялық сурет құрайды);
Табиғи жіпте жүн сияқты жоғары гигроскопиялық қасиетке ие. Ол ылғалды тез сіңіріп алады және тез кебеді. Ылғалды
жағдайда беріктігін жоғалтпайды, ал жоғары температура мен күн сәулесі әсерінен басқа табиғи талшықтарға қарағанда,
тезірек бүлінеді.
Тоқыма фабикаларында жүн мен жібек талшықтарынан жіп иіреді. Иірілген жіп тоқыма өндірісіне жеткізіліп, онда түрлі
маталар тоқылады.
Маталардың қасиеті олардың талшықтық құрамына, талшықтарының өрілу әдістеріне және өңдеу ерекшеліктеріне
байланысты болады.
Матаның негізгі қасиеттеріне жатады:
• Физикалық- механикалық
• Гигиеналық
• Технологиялық
Физикалық – механикалық қасиеттерге жатады:
Беріктік – бұл матаның жылтырауға қарсы тұру қасиеті.
Қыртысталуы – матаның қысқанда немесе қысым түсіру кезінде пайда болатын ұзақ қатпарлар құруы.
Шаршаулануы – бұл матаның ілініп тұрған кезде жұмсақ қатпарлар құру қасиеті.
Тозуға төзімді – бұл матаның үйкелу, созылу, қысылу.ылғал, жарық, температура, тер әсеріне қарсы тұру қасиеті.
Жүн маталар әдемі және мықты болады. Олардың жылу ұстағыштық және тозуға төзімділік қасиеті жоғары болады, аз
қыртысталады.
Жоғары шаң жұтқыштық қасиетке ие.
Табиғи жібек маталар – өте берік, әсем, жағымды жылтыр түсті, сипап көргенде тегіс әрі жұмсақ, аз қыртысталатын болып
келеді.
Матаның оң және теріс жағын мына тәсілмен табуға болады.
1. Мата жиектерінің шерттерінде тесікшелері болады. Тесікшелердің маңындағы мата іш жағына қарай дөңестеу болады.
2.Тегіс маталардың теріс жағы түктілеу болып келеді.
ІІІ.Сарамандық жұмыс:
Жүн және жібек талшықтарын айырып тану.
Металдар мен құралдар: «талшықтар» коллекциясы, үлкейткіш шыны (лупа), отқа төзімді тостаған, оқулық, жұмыс дәптері.
ІV.Қорытынды.
1. Табиғи жібек дегеніміз не?
2. Жібек мата қандай қасиеттерге ие?
3. Қуыршақ жібінің ұзындығы қанша болады?
4. Жүн маталарының негізгі қасиеттері?
5. Матаның негізгі қасиеттерін ата
VБағалау: Үйге тапсырма: Мата түрлерінің коллекциясын жасау.
*****
Ж.Баласағұн атындағы жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ибрагмова Г.А.
«XXI ғасыр көшбасшысы»
Мақсаты : 1.Оқушылардың әр салада білімдерін кеңейту, білім деңгейін, шығармашылық ізденісін байқау.Оқушыларды
қазақ тілінен басқа пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде пайдалануға үйрету.
2.Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру. Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру.
3.Қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекі құралдар: суреттер, сұрақтар комьютер арқылы көрсетіледі.
Әдіс-тәсілдер: ойын, сұрақ-жауап.
Іс-шараның барысы.
Ойынға қатысушылармен танысу.
- Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Қазақ тілі пәні бойынша 10 «В» сынып оқушыларының арасында «XXI
ғасыр көшбасшысы» деген интеллектуалдық ойынды өткіземіз.
- Ең алдымен сайысқа қатысушылармен танысып өтейік.
1-ші қатысушы -
2-ші қатысушы -
3-ші қатысушы -
4-ші қатысушы -
5-ші қатысушы -
6-шы қатысушы -
7-ші қатысушы -
8-ші қатысушы
- Әділқазылар алқасымен таныстыру.
2. Кіріспе сөз.
93
- Тіл- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет ғұрыптары,
салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді.Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру –
ҚР азаматының парызы.
- Бүгінгі интеллектуалды ойын бес асудан тұрады:
I асу – «Бәйге»
II асу – «Полиглот»
III асу – «Жұмбақ»
IV асу – «Көкпар»
V асу - «Жорға»
3. Ойынның барысы:
1 кезең Бәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып тетікті басқан оқушы жауап береді. Егер де ал жауап
бере алмаса келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауп 3 баллдан есептеледі. Ұпайы аз екі оқушы ойыннан
шығарылады.
2 кезең «Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-өзбек тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және
орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, өзбек тілінде жауап берілген жауапқа 3 бал беріледі. Толық
жауапқа 5 бал. 1 кезеңде балы аз 2 оқушы келесі 2 кезеңге өте алмайды.
3 кезең «Ғажайып жетілікте» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол
балдық жүйе беріледі. 2 кезеңде қалған 6 оқушыдан балы аз екеуі ойыннан шығады.
4 кезең «Көкпар» Берілген сөзден көп сөз жасау.
5 кезең «Жорғада» балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке
сұрақтарға жауап беруге тиіс.
І кезең - «Бәйге»
Сұрақтар:
1. Құрмалас сөйлемнің түрлері. Жауабы: Салалас, сабақтас, аралас
2. Үндестік заңы. Жауабы: дыбыс, буын үндестігі
3. “Оян қазақ!” өлеңінің авторы кім? Жауабы:М.Дулатов
4. Буынның түрлері. Жауабы: ашық, тұйық, бітеу
5. Қазақтан шыққан алғашқы саяхатшы, ғалым, географ. Жауабы: Ш.Уәлиханов
6. Қазақстан Республикасының тілдер мерекесі қашан? Жауабы: 22 қыркүйек
7. Абайдың шын аты. Жауабы: Ибраһим
8. Оқшау сөздерді ата. Жауабы: Қаратпа, қыстырма, одағай
9. М.Өтемісұлы қай жылы дүниеге келеді? Жауабы: 1803-1846 жж.
10. Жүз жасаған ақын кім? Жауабы: Жамбыл
11. Фонетиканың зерттейтін саласы. Жауабы: Тіл дыбыстары
12. Күрделі сөздердің жасалу жолдары. Жауабы: Сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі
13. Қазақстан қай қаласының жанында ядролық полигон орналасқан?
Жауабы: Семей
14. “Зар заман” өлеңнің авторы кім? Жауабы: Шортанбай Қанайұлы
15. Көмекші есім сөздерді ата. Жауабы: асты, үсті, жаны,қасы
II кезең – «Полиглот»
1.Гүл өссе – жердің көркі,
. . . өссе – елдің көркі (қыз-девушка- )
2.Ел іші – алтын ... (бесік – колыбель - )
3.Білімді өлсе, Қағазда ... қалар (есімі- имя -)
4. Үзуге қимайсың, Достарыңа сыйлайсың ( гүл,цветок)
5. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар? ( тоғыз, девять)
6.... – отбасынан басталады (отан – родина-)
7. ... – ақылдың көркі (Білім – знание -)
8. ... - білім бұлағы (оқу - учеба)
9. ... – ғылым – тілсіз мұғалім ( кітап – книга-)
10.... алды – қызық тіл (өнер – искусство-)
- Қорытынды жасаймыз. Ең коп ұпай жинаған 4 катысушы қалады.
Сөз әділқазы алқасына беріледі.
III кезең – «Ғажайып жетілік»
ӘДЕБИЕТ - 10 Сүйінбайдың шәкірті
ӘДЕБИЕТ– 20 Орынборда жарық көрген “Қазақ хрестоматия” кітабының авторы кім және қай жылы шыққан?
ӘДЕБИЕТ – 30 Абайдың неше поэмасы бар?
ТАРИХ – 10 1836-38 жылдары Батыс Қазақстанда әділетсіз байларға қарсы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар
көтерілісі. Көтеріліс көсемінің бірі, оның бас ұраншысы, ақын кім?
ТАРИХ – 20 Жамбыл Жабаев “Ленинградтық өренім!” өлеңін қай жылы жазды?
ТАРИХ – 30 Желтоқсан құрбандарын ата.
ҚАЗАҚ ТІЛІ – 10 -на, -не қай септікте жазылады?
ҚАЗАҚ ТІЛІ – 20 Қос сөз дегеніміз не?
ҚАЗАҚ ТІЛІ – 30 Салалас құрмалас сөйлем мен сабақтас құрмалас сөйлемнің
айырмашылығын ата.
ӘР ТҮРЛІ – 10 Отбасында 7 ұл бала бар. Әрқайсысының қарындасы бар.
Отбасында неше бала бар?
ӘР ТҮРЛІ – 20 Компьютердің негізгі құрылғылары. Жауабы: Жүйелік, блок, монитор, пернетақта, тышқан
ӘР ТҮРЛІ – 30 Қазақстан қай мемлекеттермен шектеседі?
94
IV кезең – «Көкпар»
Берілген «рақаттанушылық» сөзінен көп сөз жасау. Әр сөзге он ұпай беріледі
Ең коп ұпай жинаған 2 катысушы қалады.
Жанкүйерлерге сұрақ:
Бала туғанда жасайтын той. (шілдехана)
«Тәуелсіз Қазақстан» сөз тіркесі қалай аударылады?
Қазіргі өмір талабына қойылатын үш тіл (қазақ, орыс, ағылщын)
Асар дегеніміз не?
Наурыз мерекесінің басты асы (наурыз көже)
V кезең - «Жорға».
Әр сайыскер бір минут арасында берілген сұрақтарға жауап берсе, әр жауапқа 10 ұпай жинайды.
1-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:
1.Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы (домбыра)
2. Жалғаудың түрлері. (1. көптік, 2. септік, 3. жіктік, 4. тәуелді)
3.Халқаралық тіл (ағылшын)
4.Шоқанның шын аты кім? (Мұхаммедханафия)
5. Үш байлық деген не?(денсаулық, ақ жаулық, он саулық)
6. Лексика нені зерттейді? (тіл біліиін)
7. Сөйлем құрлысына қарай түрлері. (жәй және құрмалас)
8. Фразология нені зерттейді?( тұрақты тіркестер)
9. Дыбыстың түрлері.(дауысты, дауыссыз)
10. Астана қаласының символы (Бәйтерек)
11.Одағайдың түрлері. (Көңіл күй, жекіру, шақыру)
12. “Төбе шашы тік тұрды” сөзінің мағынасы. (қорқып кету)
13. Буынның түрлері. (ашық, тұйық, бітеу)
14. Наурыз көжеден ауыз тию қандай ұғымды білдіреді? (тоқшылық)
15. 61 жас неше мүшел (5)
2-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:
1.4-ші мүшел неше жас? (49)
2. Жұрнақтың неше түрі бар? (1. Сөз түрлендіруші; 2. Сөз тудырушы)
3. Сөйлем мағынасына қарай түрлері. (Хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті)
4.Қазақтың ішекті аспабы (домбыра)
5.Қалт етістіктерін ата. (отыр, тұр, жүр, жатыр)
6. “Диуани хикмет” еңбегінің авторы кім?(Қожа Ахмет Иассауи)
7. Тұйық етістіктің жұрнағы.(-у)
8. Қазақ жеріндегі ең алғаш мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин)
9.Қазақ алфавитінде неше әріп бар? (42)
10. Орфография, орфоэпия нені зерттейді? (дұрыс айтылу және жазылу)
11. Қазақ қыздарының ұзатылғанда киетін бас киім (сәукеле)
12.Есімшенің жұрнақтары. ( -ған, -кен,-атын,-итін,-ар,-р,-с)
13.Сүйекті пайдаланып ойнайтын ойын (ақсүйек)
14.Етістіктің шақтары. (осы шақ, өткен шақ, келер шақ)
15.Сөйлем мүшелері және оның түрлері. (Бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш)
Қорытынды: жеңіске жеткен оқушы «Жеңіске жеткені үшін», ал қалған оқушыларды «Қатысқаны үшін» марапаттайды.
*****
МҰҒАЛІМ ШЕБЕРЛІГІ –ОҚУШЫ ЖЕҢІСІ
Тажиев Абдирашид Абдимажитович
№12 Т.Рүстемов атындағы мектеп-гимназия тарих пәні мұғалімі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Арыс ауылы
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған мұғалім болу - уақыт талабы.
«Мұғалімдер- қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең «сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н.
Ә. Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Шебер
педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен
тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау,
мектеп, жанұя, мұғалімнің ролін анықтау - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді. Мұғалімдердің 80 пайызы
ескі бірсарынды сабақтарын жаңа бағытқа бүрды.
Дәстүрлі сабақ
Заманауи сабақ
Бәрін үйретуге болады.
Бәрін үйренуге болады.
Белсенді қызмет орталығы мұғалім.
Белсенді қызмет орталығы оқушы.
Оқушы пассивті қадағалаушы.
Оқушы белсенді қадағалаушы.
95
Мұғалім тер төгіп жұмыс істейді.
Оқушы тер төгіп жұмыс істейді.
Мұғалім пәнін меңгерген.
Мұғалім тиісті материалды оқушының қабылдау ерекшеліктеріне бейімдеу
біледі,пәнді өзіндік заттан оқушыға арналған затқа айналдыра алады.Пәнді
өмірлік маңызды біліктерді қалыптастыру үшін пайдалана біледі.
Сабақта мұғалім білімді жеткізуші.
Оқыту үдерісі орталықтандырылған емес
Сабақ-моноспектакль,мұғалім осы
спектакльдің
режиссері
әрі
орындаушысы.Мұғалім функциясы-
білім беру
Мұғалім-ұйымдастырушы,жоспарлаушы,режиссер және бірге қатысушы.Оқу
деп аталатын пьесаның басты әрекет етуші тұлғасы-оқушы.
Сабақтың құрылымы қалыптасқан.
Мұғалім-сабақтың менеджері.
Мұғалімнің функциясы-процесті
Оқушының білімді алуға мүмкіндігі
Болатындай етіп ұйымдастыру.
Мұғалім оқу материалын құрылымдау
іскерлігін меңгерген.
Мұғалім педагогика мен психология білімдерін меңгерген.
Сабақ жақсы өтті-бұл мұғалім өзіне
риза болғанда.
Сабақ жақсы өтті-бұл әрбір оқушы өзінің интеллектуалдық және
шығармашылық қабілеттері шегінде барынша әрекет етіп,өзі үшін пайдалы әрі
маңызды бірдеңе алғанда.
Сабақта оқушы диалог жүргізеді,бірақ
мұғалім сұрақ қоюға,ықпал етуге және
анықтауға құқылы.
Мұғалім мен оқушы серіктестер.Өз оқушысының позициясында болу,өйткені
сонда және тек сонда ғана мұғалім мен оқушы сұхбаттасуда нағыз серіктестер
бола алады,мұнда әрқайсысының сұрауға, жауап беруге,ықпал етуге, анықтауға
құқы да, жауапкершілігі де бар.
Сыныпта мүлгінің тыныштық
болуға,оқушылар бір-біріден сөйлеуге
тиіс-тәртіп болуы керек.
Сабақта сырттай қарағанда тынышсыз,тіпті шулы ахуал болуы мүмкін,бұл
жерде көп нәрсе стихиялы түрде болжамсыз жүріп жатыр,мұғалім тәртіптім
сақтау тыныштық болып бір-бірден сөйлету туралы ойламайды деген әсер
қалуы мүмкін
Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу– тәрбие процесінде оқушылармен
педагогикалық ынтымақтастықта жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен
сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады. Сонымен қатар мұғалім шеберлігі
үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балалардың ерекшеліктерін ескере
отырып, оларды түсіне және сүйе білетін, өз қалауымен жұмыс істейтін әр ұстаздың қолы жетуі мүмкін. Мұғалім - өз ісінің
шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе
балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман. Қазіргі қарқынды
дамып отырған әлемде туындап отырған білім беру саласына қойылған міндеттерге сай осы жүйе жұмысын да жаңаша,
қайта қарау қажеттіліктерінің туындауы, Қазақстандық білім жүйесінің Кеңестік білім жүйесі формативінде қалып қоюы
және тағы да басқа көптеген шешімін таппаған мәселелер - «Мұғалімдер XXI ғасырда оқушыларды қалай дайындайды?»
деген күрделі мәселені туындатты. Осы мәселелерді шешу бағытында Экономикалық Ынтымақтастық және даму Ұйымы
жасаған Құзіреттерді Анықтау және Іріктеу Жобасы дағдыларының моделі негізінде жасақталған қазақстандық
мұғалімдерді оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, оқуын барынша жекешелендіру және бала бойында
метасананы қалыптастыруға арналған бағдарлама қабылданды. Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да, мұғалімнің
шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді.
Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі -
баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Бұл
ұстанымның негізгі факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай білуі болып
табылады.
Мұғалімнің келбетін сипаттап көрейік:
Менің ойымша мұғалімнің бойында осы қасиеттердің барлығы болса, мұғалім оқушыларына толыққанды білім
береді.Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – білім беру, ғылымды
дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. А.Байтұрсыновтың «Мектеп
керектері» еңбегінде былай делінген: «...Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді
болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді,
96
педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады,
мұғалім өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс істейді. Сол жас бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай ізденісте болу
үшін заман талабына лайық жаңа білім, жаңа тәрбие керек. Мұғалім сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білікті білімімен,
ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысудағы қасиетімен асқақ, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтік
мәртебесін биік ұстай алады.Қазіргі қоғамда қажетті де осындай ұстаздар.
«Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» - деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай: қазіргі
мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екені аян. Бүгінгі таңда мұғалімнің
ұстаздық тұлғасын қалыптастыру күшеймесе, кеміген жоқ. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл,
зерттеуші, жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог –
педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім керек.
ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор.
Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де
білікті, көп оқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын
болу керек. Бұл - өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болу шарт.
Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет, ғаламдасуға
байланысты «Ғаламтор» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз
болу қажет. Оқушыларым мектепішілік, аудандық, облыстық, байқауларда жоғары дәреже көрсетіп, менің еңбегімнің жемісі
бағаланды. Бұл ұстаз үшін үлкен жетістік. Елбасымыздың да ұстаз мәртебесін көтеруіміз қажет деген сөзіне дәлел болады.
Жаңалықтың жаршысындай өзіме зерделеп, зерттеп- қазір бой жарыстыратын заман емес-ой жарыстыратын заман деген
қағиданы басты назарда ұстаймын, оқушыларымның білім сапасын жете қадағалап отырамын. Мен тәрбиелеген оқушылар
функционалды сауатты, патриоттық рухы жоғары, отандық біліммен сусындаған болашақ ел тізгінін ұстайтын жеке тұлға
болып қалыптасатынына сенімім мол.
ҚР орта білім беру жүйесі дамуының мемлекеттік тұжырымдамасында «Кез-келген білім бағдарламасының табысты
орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кәсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да, оқу жоспарын да биік деңгейде
жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кәсіби дәрменсіздігі істі құлдыратады...» делінген. Жеке тұлғаны тәрбиелейтін адам –
мұғалім, мұғалімге сенім білдірмесе, оқу игі жеміс бере алмайды, сондықтан қоғамымыз мұғалімге үлкен сенім артып отыр.
Осыған сүйене отырып, мен білім беру барысында оқушыларымның функционалдық сауаттылығын дамытуды жолға
қойдым. Мұғалім даму жұмысының көшбасшысы екенін ескерсек, менің жұмыс жүйем: жаңа бағдарлы оқытудың
барысында алдымда тұрған келелі міндеттердің бірі – оқушылардың өз бетімен жұмыстануына, ойлауына мүмкіндік жасау.
Практикалық білімнің маңыздылығын ашатын әрүрлі интерактивті және топтық жұмыс түрлерін ұйымдастырамын, оқыту
әдістерін өзгерту, үнемі іздене отырып, жаңалықтарды біртіндеп жұмыс жүйеме енгізіп отырамын. Білікті білім беру
жағдайында білім, іскерлік, дағдының міндеті өзгереді. Мен сабақтарымды 7 модульді қолдана отырып, жүргізіп келе
жатырғаныма 2 жыл болды, осы аралықта оқушылар сабақ барысында бір-бірімен әріптестікте жұмыс жасай отырып, өзара
білім алмаса білді. Жұптық, топтық талқылау барысында ұйымдастырушылыққа үйренді, бірін-бірі түзетеді, оқытады.
Сыныпта белсенді ашылып өз ойын білдіре қоймайтын оқушылар білек сыбанып, қызу жұмысқа кіріскенде шынымен де өз
жұмысыма сырттай рахаттанып, сүйсінетін кездерім көбейді.
Мұғалім – қоғам айнасы. Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын ұстаздың кім екендігіне баға беріп көрелік. Бүгінгі мұғалім ана,
бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім оқытушы, мұғалім-ұстаз, мұғалім-оқулық авторы, мұғалім-технолог, мұғалім-
жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Ұлттық мемлекеттің дамуы, өркениеті негізгі үш шешуші кезеңнен тұрады:
1. Жаңа ғылыми жаңалықтарды игеруі
2. Білімнің деңгейін көтеруі
3. Мамандардың кәсіби білімімен айқындалуы
Белгілі педагог К.Ушинский: «Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді
тоқтатысымен оның мұғалімділігі де тоқтайды» - деген. Сондықтан ұстаз-шәкірт-ұстаз болуы қажет. Белгілі ағартушы
педагог ғалымдар: С.Қалиев, Ә.Нысанбаев, Ш.Т.Таубаева, Қ.Жарықбаев, Б.Барсай тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне
сүйене отырып, мұғалімнің мәдениеті мен шеберлігін, интеллектуалдығын бірнеше бөліктермен анықтауға болады.
1. Мұғалімнің сыртқы келбетінің мәдениеті
2. Мұғалімнің өзін-өзі басқару шеберлігі
3. Мұғалімнің кәсіби мәдениеті, әдебі, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, демалуы, дауыс ырғағы, сазы
4. Ілтипаттылығы, сенімі, әділдігі, төзіммен сабыр сақтауы
Ұстаздық қызметтік қыры мен сыры мол, сондықтан да ұстаздар өз ісінің әрбір қыр-сырын жетік меңгеру, игеру жолында
кәсіптік шеберлікті толық меңгерсе ғана бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол
мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.
Мұғалімнің кәсіби білік дағдылары оның жеке кәсіби педагогикалық мәдениетін көрсететін өлшем. Олай болса жаңаша
өмірге бет бұрып, жаңаша ой түзеген егемен еліміздің ұрпағын білім нәрімен сусындататын саналы тәрбие, сапалы білім
беретін жеке тұлға, мәдениеті мен кәсіби шеберлігі шыңдалған мұғалім – ғасыр көшін бастаушы болап табылады.
Мұғалім — бүгінгі оқушы — ертеңгі қоғамның, елдің тірегін өмірге дайындаушы. Мұғалім мамандығының құндылығы да
осында деп түсінгеніміз дұрыс.
Білімді де білікті маман даярлаудың мақсаты — маманның бойында іргелі де жүйелі білім, кәсіби іскерлік пен дағды,
шығармашылық белсенділік пен еркіндік, мәдени ойлай білу қабілеттерін қалыптастыру болса, білім ғасырындағы білім
берудің жаңа жүйесі нені оқыту (білім мазмұны), қандай жүйеде оқыту (құрылымы), қалай оқыту (педагогикалық
технология) мәселелерін шешуге бағытталуда.
Жалпы бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан,
оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, күнделікті өтілетін әрбір
сабақты ұтымды ұйымдастыра білу - мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай жағдайда мұғалімнің шеберлігі,
ұйымдастырушылық қабілеті үлкен рол атқарады деп түсіндіреді .
«Ұстаз туысынан өзіне айтылғанның бәрін жетік түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында
сақтайтын, олардың ешбірін ұмытпайтын, алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны
97
таза және әділ, жұртқа жақсылық жасап, үлгі көрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» —
деп, шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл Фараби ұстаз болмысын айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз,
қадірі мол мамандық иесінің ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мұғалім бар болмысымен сезінгені абзал.
Өйткені, бәсекеге қабілетті тұлға даярлауда білім сапасын көтерудің негізгі тетігі — білімді ұстаз. Яғни мұғалімнің кәсіби
шеберлігі жоғары болған жағдайда – білім сапасы да артады.
Қоғам дамуында білім берудің ең маңызды мәселе екендігі белгілі. Әрбір мемлекеттің өсіп-өркендеуінің, бәсекеге қабілетті
болуының ең басты ошағы ұстаз берген білім. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келетін кез келген
мемлекет, ең алдымен, білім беру саласын жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше осындай бәсекеге қабілетті,
рухы биік ұрпақ тәрбиелеу жаңа формация мұғалімінің еншісіне тиері анық. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау»
бағдарламасының қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Қытай
философының «Маған жәй айтсаң – ұмытамын, көрсетсең есімде сақтаймын, ал өзімді іс – әрекетке қатыстырсаң үйрене-
мін» деген даналығы білім алушының білімге ықыласын артыруда ақпараттық – коммуникативтік технологияларды
пайдалана отырып, өзіндік ізденіс жүргізуді практикада жүзеге асырудың маңызды екендігін көрсетеді. Сапалы білім негізі
– жан-жақты ақпараттық материалдарды, көрнекі құралдар мен ұтымды технологияларды, тиімді әдіс – тәсілдерді
пайдалана отырып, білім алушыға ешбір кітаптан таба алмайтын білім беру.
«Педагогтік шеберлік» – дарынды талант емес, үйрену, ізденудің нәтижесі. Ендеше, іздену мен үйренуді ешқашан
тоқтатпайық дегім келеді. Өркениет көшіндегі білім кемесінің сапары сәтті болғай.
*****
Сабытжан Элмира Аралбайқызы
Учитель математики ЧЛГ «Ай-Нур»
поселка Отеген Батыр Илийского района Алматинской области
Предмет: алгебра Класс: 8
Достарыңызбен бөлісу: |