10 мин
Үй тапсыр-
масын сұрау.
«Стоп- кадр» әдісі
Білу.
Үй тапсырмасын
қорыту.
Менен-сұрақ,сізден-жауап
1.М.Жұмабаевтың өмірі туралы
не білеміз?
2.Ақынның қандай өлеңдерін
білесіз?
3. Ақын өмірде нені мақсат
етті?
3.«Қысқы жолда» өлеңінде не
туралы айтылған?
4. Ақын «Қысқы жолды»
суреттеу үшін қандай әдеби
тәсілді қолданған?
5. Кейіптеу дегеніміз не?
6.Осы әдіс өлеңнің қай жерінен
көрінеді?
- ... аңдай ұлып, сақ-сақ күліп,
суық кебін жамылып... т.б.
7.Эпитет дегеніміз не?
8.Өлеңнің құрылысына талда.
Міне, балалар, біз Мағжан
ақын туралы өз білімімізді
ортаға салдық.
«Табиғатты Мағжаннан көп,
онан артық суреттеген қазақ
ақыны кемде - кем шығар»
Ж. Аймауытов
Қорыту:Табиғаттың өз тілі бар
деген дегенді жастайынан
бойына сіңіріп өскен ақын
табиғатты суреттеудің хас
шебері.Оны мына Ж.
Аймауытовтың сөзінен анық
байқауға болады.
Оқушылар берілген
тапсырмалар бойынша сұрақтарға
жауап береді.
1.М.Жұмабаевтың өмірі туралы
не білеміз?
2.Ақынның қандай өлеңдерін
білесіз?
3. Ақын өмірде нені мақсат етті?
3.«Қысқы жолда» өлеңінде не
туралы айтылған?
4. Ақын «Қысқы жолды»
суреттеу үшін қандай әдеби
тәсілді қолданған?
5. Кейіптеу дегеніміз не?
6.Осы әдіс өлеңнің қай жерінен
көрінеді?
- ... аңдай ұлып, сақ-сақ күліп,
суық кебін жамылып... т.б.
7.Эпитет дегеніміз не?
8.Өлеңнің құрылысына
талдайды.Ауызша
Оқулық.
Дәптер мен
қаламсап
20 мин
Жаңа сабақ
Түсіну.
Білген сайын
келеді,біле
бергім...
Қолдану.
Кітап-досың
ақылшың.
Мағынаны
ұғыну.
«Ыстық»
орындық
Сергіту сәті.Шапшаң ойлан.
Сиқырлы сандардың құпиясын
ашу.
24 1 6 37
18 7 37 17
-Артқы күнге анық қалуға
жарайтын сөз-Мағжанның
сөзі ,-деген екен заңғар
жазушымыз
М.Әуезов. Олай
болса,М.Жұмабаетың тағы
бір шығармасымен таныса
отырып,көз жеткізіп көрейік.
Ой қозғау.
«Сағыныш» сөзі не мағына
береді?
«Сағындым» өлеңінде ақын не
туралы жырлауы
мүмкін?
Электрондық оқулықтан
тыңдату.
Кітап-досың ақылшың.
Оқушылардың өзіне оқыту.
1-топ.«Сағындым» өлеңінің
1-2-3- шумақтарын оқып,
мазмұнын айтады.
2-топ.4-5-6 - шумақтарын оқып,
мазмұнын айтады.
3-топ.7-8-9- шумақтарын оқып
мазмұнын ашу,ақын ойын
ұғындыру.
4-топ.10-11 шумақтарын оқып
Оқушылар сиқырлы сандардың
құпиясын ашады.
Бүгінгі сабақтың тақырыбын
анықтайды.
Ой қозғайды.
«Сағыныш» сөзі не мағына
береді?
«Сағындым» өлеңінде ақын не
туралы жырлауы
мүмкін? Сұрақтарына жауап
береді.
Сөздікпен жұмыс жасайды.
Сар дала-кең дала
Алаш -
ерте замандағы қазақ руларының
ұраны.
. ел, жұрт, қауым,"қазақ" деуден
бұрынғы елдің жалпы атауы.
Зар - қайғы, қасірет, мұң, шер.
Сібірлеп - таңның бозарып атуы.
Тапал - аласа, жатаған.
Өз ойын еркін жеткізуге
машықтанады.
Шығармашылық қабілетін
дамытуға бейімделеді.
Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқуға
Оқулық .
Дәптер мен
қаламсап.
Қазақ тілі
көмекші оқу
құралы
14
Талдау
Талдау-табыс
кілті
Жинақтау
Ой толғаныс
Қорыту
«Кір жайғыш»
әдісі
мазмұнын ашу,ақын ойын
ұғындыру.
Сөздікпен жұмыс.
Мағынаны ұғыну.
Сар дала-кең дала
Алаш -
ерте замандағы қазақ
руларының ұраны.
ел, жұрт, қауым,"қазақ" деуден
бұрынғы елдің жалпы атауы.
Зар - қайғы, қасірет, мұң
Сібірлеп - таңның бозарып
атуы.
Тапал - аласа, жатаған.
І топ. Көктем. Ақын нені,
кімдерді сағыныпты?
ІІ топ. Жаз. Ақын абақтыға
кімдер үшін түсті?
ІІІ топ. Күз. Ақынның
қайтпас, қайсар мінезін
өлеңнің қай тұстарынан
тануға болады?
Ол ақынға мінездеме беруге
көмектесе ме?
4-топ.Өлең құрылысына
қарай сатылай кешенді
талдау.
Авторы:М.Жұмабаев
-Тақырыбы: «Сағындым»
- 11 шумақ
-44 тармақтан,
- 3 бунақ
-буын саны 11 буынды
- қара өлең ұйқасы
Өлеңдегі бейнелі сөздер:
Эпитет
- Жатқан үйім –қабырғасы қара
тас,
Жарық сәуле,
жылы күнге жаны қас.
Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке,
ерте-кеш те, күндіз-түні.
Теңеу
Балдай бұлақ, желдей
зулап,жыл құсындай.
Ой толғаныс
Менің сабақтан түйгенім..
“Сағындым ” өлеңінен не
үйрендік?
... Мен сенемін жастарға,
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бір таңда.
М.Жұмабаев
үйренеді.
4-топ.Өлең құрылысына қарай
сатылай кешенді талдау.
-Тақырыбы: «Сағындым»
- 11 шумақ
- 44 тармақтан,
- 3 бунақ
-буын саны 11-12 буынды
- қара өлең ұйқасы.
Өлеңдегі бейнелі сөздерді
анықтайды.
Эпитет
- Жатқан үйім –қабырғасы қара
тас,
Жарық сәуле, жылы күнге жаны
қас.
Ауыр иіс, ылғи қара көлеңке,
ерте-кеш те, күндіз-түні.
Теңеу
Балдай бұлақ, мөлдір күміс
көбікті,
Менің сабақтан түйгенім...
Оқушылар өз ойын жазады.
“Сағындым ” өлеңінен не
үйрендік?
Шығармашылық жұмыс жасай
отырып, жүректен шыққан
жырларын мәнерлеп оқиды.Өз
түйгенін қағаз бетіне түсіреді.
«Кір жайғыш»әдісін
Оқушылар өз ойын айтады.
4 мин
Сабақты бекіту
Сұрақтарға жауап алу
Оқушылар жаңа сабақтан
түсінгендері бойынша сұрақтарға
жауап береді.
Оқулық.
Дәптер мен
қаламсап
3 мин
Үй тапсырмасын
беру
М.Жұмабаевтың «Сағындым »
өлеңінің өзіңе ұнаған шумағын
жаттау.Мағжанша жырлау.
Анаңа сағыныш хатын жазу.
Күнделікке жазып алады.
Оқушылар тапсырманы берілген
шартына сай орындайды.
Күнделік,
оқулық
5 мин
Рефлексия
Оқушыларды бағалау.
«Басбармақ» әдісі
Стикерлер
*****
Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы
№32 Әліби Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінің
15
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Есмурзаева Рабига Турсынбаевна
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні: қазақ әдебиеті
Сыныбы: 9 «Б»
Пән мұғалімі: Есмурзаева Р.
Тақырыбы: І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романы.
Мерзімі: 05.05.2016 ж.
Оқыту мақасаты
І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романымен таныстыру.
Саралап оқу, талдау, түсінік айту дағдыларын дамыту.
Қазақ хандығының тарихы туралы ой қозғау.
Күтілетін нәтиже
І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романымен танысады.
Саралап оқу, талдау, түсінік айту дағдылары дамиды.
Қазақ хандығының тарихы туралы ой қозғайды.
Әдіс-тәсілдер
«Кластер», «Маршрут картасы», «Ыстық микрофон», сұрақ-жауап, «Екі жұлдыз, бір тілек».
Ресурстар мен құрал-
жабдықтар
Оқулық, А4 форматтағы парақтар, маркерлер мен фломастерлер, стикерлер
№
Сабақ
кезеңдері
уақыты
Жұмыс түрі
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-
әрекеті
1
Ұйымдастыру
кезеңі
2 мин
Сыныпты
сабаққа
дайындап, топқа
бөлу
Оқушыларды түгелдеп, санамақ арқылы
топқа бөлу
Кезекші жауап
беріп, 3 топқа
бөлінеді
2
Білу.
8 мин
Үй жұмысын
тексеру. Сұрақ-
жауап
І.Есенберлиннің өмірі мен
шығармашылығы туралы мақаланы оқу,
түсінік айту, сұрақтарға жауап беру:
- І.Есенберлин қай жерде туылды?
- Әкесінің өмірі туралы ұлы Қозыкөрпеш
не айтады?
- Балалық шағы қалай өтті?
- Жазушы соғыс жылдары не істеді?
- Не себепті репрессияға ұшырады?
- Есенберлин қандай жанрда шығармалар
жазды?
Романды оқып,
түсінік айтады,
өткен сабақ
бойынша
сұрақтарға жауап
береді, ақылдаса
отырып, білгенін
ортаға салады.
3
Түсіну
10 мин
Жаңа
материалмен
таныстыру
Кластер арқылы түсіндіреді:
Мұғалімді
тыңдайды, керек
жерлерін
дәптерлеріне
жазады, мұғалімге
сұрақ қояды.
4
Қолдану
8 мин
Мәтінмен жұмыс
Топтарға «Көшпенділер» романын оқу,
мазмұнын қысқаша түсіндіру
тапсырмасын береді.
Мақаланы
үзінділерді бөліп
алып, топ ішінде
оқиды, талдайды.
5
Талдау
10 мин
«Маршрут
картасы» әдісі
Топтарға оқыған мәтін бойынша
сұрақтар құрастырып, басқа топтың
сұрақтарына жауап беру тапсырмасын
береді.
Топтың ішінде
оқып, ақылдасып,
мәтінді талдап, 3
сұрақтан
құрастырады, әр топ
сол сұрақтарға
жауап беріп
шығады.
6
Жинақтау
3 мин
«Ыстық
микрофон»
Өтен сабақ бойынша сұрақтар қояды:
- «Көшпенділер» трилогиясы қандай
бөліктерден тұрады?
- Шыңғысхан балаларына қандай өсиет
айтты?
- Әбілқайыр ханның билігі қандай
болды?
- Кенесары елді қалай басқарды?
- Трилогияның осы бөлігі не туралы?
- Кенесары неге қанішер атанды?
- Абылай ханға көмекші мен ақылшы
болған кім? - Абылайды
билеген қандай өкініш?
Өткен сабақ
бойынша
сұрақтарға топтар
жарыса отырып
жауап береді.
16
7
Бағалау және
рефлексия
3 мин
Сыни тұрғыдан
ойлау, пікір
білдіру
Оқушыларды бір-бірін бағалауға, сабақ
туралы пікірін білдіруге шақырады.
Ауызша және
стикер арқылы
пікірін білдіріп, кері
байланыс жасайды.
8
Үйге тапсырма
1 мин
Үйге тапсырма
беру
Романды оқу, түсінік айту, сұрақтарға
жауап беру.
Мұқият тыңдап,
күнделіктеріне
жазып алады.
Арыс қаласы №32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінің
математика пәні мұғалімі Дүйсенбиева Ақнұр
БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА ПАРАДИГМАСЫ ЖӘНЕ МҰҒАЛІМНІҢ РӨЛІ
Білім берудің жаңа парадигмасы – жаңа өркениеттік бағдар тұрғысында, мемлекеттік стандарттарға сай, жан - жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, интеллектуалдық білім орталығы ретіндегі инновациялық мектепте
ғылыми - әдіснамалық негізделген білім берудің концептуалдық моделі деген анықтама берілді.
Елбасымыздың жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім
беру жүйесі қажет»деп атап көрсетті. Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім әдепті, ой -
өрісі кең, жан - жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл жеткізетін болуы тиіс
Парадигма (латын тілінен аударғанда) үлгі немесе мысал, алгоритм, нобай дегенді білдіреді.
Білім беру парадигмасы - білім берудің тұжырымдамалық нобайы.
Білім берудің тұжырымдамалық 5 парадигмасы бар:
•
Дәстүрлі - консервативтік (білім парадигмасы);
•
Феноменологиялық (гуманистік парадигмасы);
•
Рационалдық (тәртіптілік парадигмасы);
•
Технократтық;
•
Эзотерикалық.
Әрбір парадигма «не үшін тәрбиелеу керек, оқушыларды қандай мақсатқа дайындау керек, не үшін өмір сүреміз» деген
сұрақтарға жауап береді. Мәселен, дәстүрлі білімдік парадигмада білім берудің басты мақсаты: «Білім, білім, қандай
жағдайда да тек білім». Мұнда өркениет пен мәдениетті ұрпақтан - ұрпаққа жеткізу негізгі мақсат болып саналады.
Феноменологиялық немесе гуманистік парадигмада жеке тұлғаның ішкі дүниесін дамыту, оны ерікті, рухани жеке адам
ретінде тану және адамдармен тіл табысуында ерекшелену қабілеттерін жетілдіру қарастырылады. Білімнің гуманитарлық
парадигмасының діңгегі - оқушы емес, дайын білімді меңгерудегі ақиқатты түсінуші адам. Мұнда оқушы мен мұғалім
арасындағы қарым - қатынас: ынтымақтастық, өзара жауапкершілік, өз позициясын еркін таңдау жағдайында диалогтік
ұстанымда өрбиді. Рационалдық парадигмаға оқушыға білімнің түрлі тәсілдерінің тиімді жақтарын, ортаға бейімделу,
оның ойы, сезімі және іс - әрекеттерімен санасу, оларды меңгерту жатады.
Технократтық парадигманың негізгі мақсаты – дәл ғылыми білімдер. «Білім - күш» адамды бағалау, оның білімі,
мүмкіндіктерімен анықталады. Адамның қасиеті оның білімі, тәртібі және оны тасымалдаушы ретінде танылады.
Эзотерикалық парадигма – оқушының табиғи күші. И.Колесниковтың пікірінше, адамның қоршаған әлеммен іс -
әрекетінің жоғары деңгейі басым көрсетіледі. Мұнда адамның ақиқатқа мәңгілік өзгермейтін қатынасы көрінуі тиіс. Бұл
жерде оқушының дамуындағы мұғалімнің адамгершілік, психологиялық, физикалық функциялары ерекше ұғым болып
табылады. Білім берудің жаңа парадигмаларын меңгеру арқылы оқыту мен оқу үдерісіндегі мұғалім рөлінің жаңа сатысы
басталды.
Оқыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйрену арқылы өз пәнімнің қалай және қандай жолмен жүргізіліп келе жатқанына
мән бердім. Оқушыға білім беруде мұғалімнің рөлінің қандай екенін түсінгім келді. Осыған дейін қалыптасып қалған
дәстүрлі сабақтың оқушыға білімді қабылдауда қиын екенін түсіндім. 2014-2015 оқу жылында бірінші деңгей
бағдарламасын меңгерген мұғалімнің оқу тобының тұрақты мүшесі болдым. Коучингтерге қатысып, коучингте
қолданылған әдістерді пәніме енгізе отырып, тәжірибе арқылы оңды нәтижесін байқай бастадым. Жақсы бағытта жүргізіліп
жатқан тәжірибе арқылы оқушылардың сабақта сыни тұрғыдан ойлануына , математикалық анықтама мен ережелерді
тұрғылықты есте сақтауына тигізетін пайдасын анықтадым. Платонның «егер оқытуды біреудің басынан басқаның басына
білім тасымалдау деп түсінсек, онда адамды ешнәрсеге де үйретуге болмайды» деген пікірін жақтаймын. Адам бойындағы
барлық білімді өзі есінде сақтау керек. Мен де осыдан кейін, мынадай ой туындады: 1) Бізге берілген жеті модульді тиімді
қолдану арқылы оқушыға берілетін білімнің негізі қаланады; 2) Әдістерді тиімді қолдану мұғалімнің тәжірибесіне
байланысты болмақ; 3) Нені, неге және қалай оқыту керек? деген сауалға жауап іздеу. Сөйтіп, мен сабақтарымды
ұйымдастырудың жаңа жолдарын іздестірдім. Рационалды парадигмаға білімді меңгертудің тиімді жақтарын меңгерту
жатса, онда баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға
дағдыландыру болып табылады. Осы ретте мен, сын тұрғысынан ойлауға жете мән бердім. «Сыни ойлауға бағыттау
арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін жетілдіруді» сабақта қолдандым. Сыни ойлауды қалайша жүзеге асыра аламын
деген оймен тәжірибемді бастадым. Тәлімгердің көмегімен ПШО қорынан алынған бейнежазбаларды, сабақта және соңында
қолданылатын әдістерді қолдандым.
Математика – барлық ғылымдардың логикалық негізі, демек математика – оқушының дұрыс ойлау мәдениетін
қалыптастырады, дамытады, оны шыңдай түседі және әлемде болып жатқан жаңалықтарды дұрыс қабылдауға көмек береді.
Математика сабағында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашалық ізденістерін өз
бетімен жүмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, логикалық білімдерін дамытуға
болады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда математиканың негізін қалыптастыру, ұғындыру түсініктерін тереңдетуде
мұғалімнің білімі терең болуы керек. Математика пәнін жақсы, терең білетін күнделікті сабақтағы тақырыпты толық
қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі, оқытудың дәстүрлі және
17
ғылыми жетілдірілген әдіс-амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып,
дарындылығын дамытудағы іздену, зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы деп білемін.
Математикалық есептерді есептеу, шешу дегеніміз - математикадағы заңдылықтар, ережелер және әдіс-тәсілдер негізінде
оқушылардың ой мен практикалық іс-әрекетті талап ететін және математикалық білімдерді меңгеруге, оларды практикада
қолдана білуге дағдыландыруға, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған ситуация. Ойын есептері де ойлау қабілетін
дамытуға бағытталған ситуация, ой мен практикалық іс-әрекеттерді талап етеді және математикалық білімдерді меңгеруге,
оларды қолдана білуге дағдыландырады. Есепті шешу де ойын есепті шешумен бірдей. Мұнда қажетті логикалық ой
тұжырымдауды математикалық түрлендірулерді, есептеулерді және салуларды толықтай жүргізу қорытындысында оның
сұрағына жауап береміз.
Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндерінің кестесін есте сақтау оқушыларға әжептеуір қиындық
туғызатыны сөзсіз белгілі ( «Алгебра-9» (А. Шыныбеков, 2013)). Осы кезеңдерді мен, сабақтарда топтық, жұптық және жеке
жұмыстарды ұйымдастырдым.
С.Д.Пуассон: «Екі нәрсе ғана өмірдің сәнін келтіреді: бірі – математикамен шұғылдану, екіншісі – одан сабақ беру»
дегендей, сабақтың басты белгісі жоспар құру, жоспарды жүзеге асыру, жақсы нәтижелерге жету.
Тригонометриялық функциялардың кестесін есте сақтауда «Сұрақты тап?» кестесін қалай қолдануды көрсеттім. «Сұрақты
тап?» кестесін толтыруды алдымен топтық жұмыста ұсындым. Сұрақтардың бірнеше жауабы ұсынылған. Қандай сұрақ
қойылғанын табу керек . Тригонометриялық функциялардың кейбір бұрыштардағы мәндерін есте сақтау үшін қолдандым.
Оқушылар бірі-бірімен пікірлесу, дәлелдеу және келіспеушілік арқылы және өз ойын жеткізу бойынша бір шешімге келіп,
кестені толтырады. Топтар бір-бірінің жұмыстарын тексеріп, бағалау кезеңінде топта қалай жұмыс жасағаны туралы ой
қалыптасады. Бұл әдісті оқушылар толық меңгергеннен кейін, жұптық жұмыста үнемі қолдандым. Соның нәтижесінде,
есте сақтау қабілеті дамиды. Оқушыда кестені жаттау кезінде көзін жұмып алып, құрғақ жаттау емес, ойлау арқылы есте
сақтау қалыптасады. Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру үшін, еске түсіру кезінде «Конверттегі сұрақ» әдісін
қолдандым. Сұрақтарды жазып, конвертке саламыз . Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт
дайындаймыз. Әрқайсысына екі минут беріледі: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт
келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше
жауапты дауыстап оқимын (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды.
3)
– конверт:
Синус — қарама-қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы.
Косинус — жанама катеттің гипотенузаға қатынасы.
Тангенс — қарама-қарсы жатқан катеттің жанама катетке қатынасы.
Котангенс — жанама катеттің қарама-қарсы жатқан катетке қатынасы.
Сергіту кезеңдерінде де есте сақтауды, сыни ойлауды дамытатын ойындарды ұйымдастырдым. Сергіту сәтінде
«Кездейсоқтық» ойыны арқылы қағаз ұшаққа тапсырмалар жазылады. Ұшақты ұшыру арқылы партасына қонған оқушыдан
жауабын анықтаймын. Тапсырмалар: толық емес формулаларды толықтыру; тригонометриялық функциялардың таңбасын
анықтайтын шеңберлер; кейбір тригонометриялық бұрыштардың мәндерін табу. Оқушылардың есте сақтау қабілетін
жетілдіру мақсатында сергіту кезеңдерінде сабақпен байланыстыруға мүмкіндік жасаймын.
Тригонометриялық негізгі теңбе-теңдікті түсіндіру кезінде қарастырылатын радиусы 1-ге тең дөңгелекті қолдануды
оқушылар көп жағдайда ескере бермейді. Яғни, есте сақтай алмайды, тек қана тригонометриялық теңбе-теңдіктерді ғана
жалаң жаттайды. Осы дөңгелекті параққа түсіріп, қанық сызықтар жүргізу арқылы сұрақ қойылады. Сұрақтарға жауап беру
оқушыға ой туғызып, салыстыра отырып, өз жауабын көрсетеді. Бұл тригонометриялық дөңгелекті келтіру формулаларын
есте сақтау кезеңінде де қолданамын. Тригонометриялық формулаларды есте сақтаудың тағы бір әдісі, сабақты
қорытындылау кезінде жүргізілетін сәйкестендіру кестесін толтыруда - салыстырады, сыни ойлайды, еске түсіреді. Сабақ
кезеңінде, топтық жұмыста «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісін қолдандым. Оқушы өзі білетін тригонометриялық формулаларды
жазады, сосын жұбына көрсетеді, идеяларын біріктіреді, соңында ойларын ортаға салады. Бағалау белгіленген критерий
бойынша жүреді.
Міне, есте сақтау үшін жүргізілетін әдістердің бұл бір бөлігі ғана. Осының барлығында оқушыда сыни ойлау үдерісі
жүреді. Оқушыны сын тұрғысынан ойлауға жетелеу үшін - сұрақтарды дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Есеп шығару
барысында мұғалімнің, тригонометриялық өрнектерді теңбе-тең түрлендіруде формулаларды дұрыс таба білуге,
оқушылардың шығарған есептерін салыстыра білуге жетелейтін сұрақтарды дұрыс ұйымдастыра білуі өте маңызды. Әрине,
менің мұғалімдік жұмысым тек сыни ойлауға үйретумен шектелмейді, бұл менің жұмысымның бір қыры ғана. « Сыни
ойлау сұрақ қоюдан басталып, шешімді қажет ететін проблемаларды айқындаудан басталады» деген Дэвид Клустердің
пікірін қолдаймын. Есеп шығару барысында тригонометриялық формулаларды не үшін, неге және қалай қолданғаны
туралы сұрақты қою оқушыны сыни ойлауға бағыттайды. Бір есепті екі оқушы екі түрлі жолмен шығарады. Есептің
шығарылу жолын салыстыра отырып, « Неліктен ? Неге осылай болды? Сен қойған формула дұрыс деп ойлайсың ба,
әлде оның қойған формуласы ма? Қайсы тиімді? » деген сұрақтарды қойып, есепті шығарудың тиімді тәсілін сыныптасы
арқылы үйренеді.
Оқушы сыни ойлай отырып, өзін бағалауды үйренеді. Есепті шығарудың тиімді жолын есте сақтауға ұмтылады. Қандай да
болмасын, ой басқалармен бөліскенде тексеріліп, ұштала түседі, сондай-ақ, философ Ханна Арендттің пікіріндей
«Кемелденуге тек қана біреудің қатысуында ғана жетуге болады». Бір адамның пікірі арқылы өзінің ойы жетіледі, сыни
ойлау үдерісі жүреді. Демек, оқушылар пікірталасып, есептердің шешу жолын талқылағанда , қарсы уәж айтып, ой-
пікірлерімен алмасқанда дербестігін танытып, білімін тереңдетеді. Сыни тұрғыдан ойлануды жүргізу кезеңінде мұғалім
бойында сабырлылық, басқаларды тыңдай білу, өз пікіріне деген жауапкершілік сияқты қасиеттерге көп көңіл бөлінеді екен.
Оқыту мен оқу үдерісінде сыни ойлауды қалыптастырған оқушы биік мақсаттарға қол жеткізеді. Әрбір сабағымда топтық
және жұптық жұмыстарды жиі ұйымдастыруға ұмтылдым. Оқушылармен кері байланыс жүргізу арқылы пікірлерімен
бөлісіп отырдым. Қиындау, түсіне алмадым деген сұрақтарға жауап беруге тырыстым. Көз алдымда оқушыларымның
сабаққа деген қызығушылығы арта бастады.
Математиканың әрбір жаттығуы ой жұмысын қажет етеді. Тіпті ең қарапайым жаттығуларының өзі-ақ шәкірттердің ақыл
ойын, логикалық ойлау қабілетін ұштай түседі. Алайда оқушылардың қызығуы, белсенділігінің артуы, жан-жақты ойлана
18
ізденуі, жалпы алғанда, өздігінен жұмыс жасауға еңбектенуге дағдылануы өзінен-өзі келетін қасиет емес. Ол арнайы
ұйымдастырылып, дәйектілікпен үнемі жүргізілетін жұмыс жүйесіне, оның мазмұны мен түрлеріне байланысты. Осы
саладағы қандай да болсын жетістік – шығармашылық еңбектің, үздіксіз ізденістің жемісі.
Топтық жұмыстың нәтижесінде үлгерімі орта оқушылар алға жылжи бастады. Топтық жұмыс кезеңінде «Ассоциация»
әдісін қолданып жүрмін. Оқушы оқыған тақырып бойынша өз ойын ұсына алады, сызбасын көрнекілікпен көрсете біледі,
толыққанды түйіндеме жасайды және құрдастарымен қарым-қатынаста танымдық және әлеуметтік көзқарасы қалыптасады.
Топтық жұмыстарда түрлі тапсырмаларды орындағанда оқушылары бағалау парағын толтыра отырып, өзін-өзі бағалауға
үйренді. Топ басшылары топты бағалаған кезде өз ойларын ашық айтып, бағалауда әділ болды. Балалардың өзін өзі
бағалауына көбірек көңіл бөлдім және жұбын, тобын бағалауды да қадағалап отырдым. Өйткені, әрбір сабақ кезеңіне
критерийлерді қолданып, дескрипторлар арқылы балл қояды. Жиналған балл нәтижесінде оқушының бүгінгі сабақтағы
қатысымы және білім бағаланады. Әрине, күн сайын өз еңбегі үшін баға алып, үйіне барып ата-анасын қуантып отыратын
оқушының баға сұрауы қалыпты құбылыс. Алайда, мен бірте-бірте сабақтарымның барысында оларды баға үшін емес, білім
алу үшін оқу керектігін түсіндірдім. Сабақта тапсырмаларды дер кезінде орындаған оқушылар үлгермеушілерге
көмектеседі, сыныптың басқа оқушылары өздігінен жұмыс істеп жатқан кезде мұғалім қабілеті төмен оқушыларға дербес
көмек көрсетуіне уақыты болады. Өзін-өзі бағалау белгілі бір критерий арқылы, белгіленген дескрипторларды қолдану
әдісімен жүргізілетіндіктен, оқушы бұрынғыдай "екілік" аламын деп қорықпайды. Сөйтіп, оқушыда жоғары ұпай жинауға
деген талпыныс пайда болады. Өзін өзі бағалау кезеңінде оқушыда сыни көзқарас қалыптасады, бәсекелестік дамиды және
есте сақтау қабілеті жетіледі.
Топтық жұмыста тригонометриялық теңбе-теңдіктерді дәлелдеуде оқушылар қосымша анықтамалық кітапшаларды
қолдануды, өз ойын айтуды, біріккен жұмыстың нәтижесінде бір шешімге келуді үйренді. Математикалық тілде дәлелдеуді,
нақты ортақ ойды жеткізе білуді және өзге топты әділ бағалауды меңгерді. Өзге топты бағалауда оқушыларда сыни тұрғыда
салыстыру, баға беру және мадақтау дағдысы қалыптасты.
Математикалық біліктілік - әр түрлі дәрежеде - ойлаудың математикалық нысандары мен ұғымдарын пайдалана білу
мүмкіндігі. Адам негізгі математикалық қағидаттар мен процестерді күнделікті жағдайда, үйде, жұмыста қолдана білуі,
дәйектемелер тізбегін анықтап,бағалай алуы тиіс. Сондықтан, менің оқушыларым сабақта алған білімдерін өмірде қолдануы
үшін сыни тұрғыдан ойлай отырып, есте сақтау қабілеті дамиды деп есептеймін.
Білім берудің жаңа парадигмаларын ізгілендіруде мұғалімнің рөлінің орны орасан зор болып отыр. Балаға деген құндылық
қатынас пен баланың дамуы мектептің басты мақсаты екендігі белгілі. Ендеше, білім берудегі шешуші рөл – мұғалімдікі
екені айқын.
Мен дәстүрлі сабақтан гөрі, сын тұрғысынан ойлау қабілеттері жетілген оқушыларды қалыптастыру үшін өзімнің
сыни ойлауымды қалыптастыруға көп күш салдым. Менің сыни ойлауға бағыттау арқылы оқушылардың есте сақтау
қабілетін жетілдіру жұмыстарымның нәтижесі , жан-жақты ақпараттанған, өз идеялары мен күш-қайраттарын ізгі істерге
арнайтын азаматтарды тәрбиелеуге көмектеседі деген ойдамын.
Қолданылған әдебиеттер:
1.
Мұғалімге арналған нұсқаулық ( «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2013 жыл).
2.
Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру. «Өрлеу» біліктілігін арттыру ұлттық орталығы АҚФ ОҚО ПҚБАИ
(Шымкент-2014 жыл)
*****
Достарыңызбен бөлісу: |